Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


Зардап шегушіде электролит алмасуының қандай бұзылыстары туындауы мүмкін? Олардың салдары қандай?



бет99/169
Дата28.02.2023
өлшемі1,42 Mb.
#70515
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   169
Зардап шегушіде электролит алмасуының қандай бұзылыстары туындауы мүмкін? Олардың салдары қандай?

Науқаста газдық алколоз дамығандықтан, электролиттердің қандағы мөлшері азайып гипокальциемия, гипонатриемия, гипокалиемия болады. Оны себебі біз рН тың тепе теңдігін орнату үшін Н протонын алып, электролиттерді беру есебінен. Осының салдарынан Na жасушаға барып, жасушаның ісінуін тудырады. К азаюы салдануға алып келеді. Cа бұлшықетке барып, судорог туындайды.


Тапсырма 2. 30 жасар жүкті әйел, бауырдың жіті майлы дистрофиясымен реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылған. Анамнезінде – 1 типті қантты диабет.
Объективті: Науқас қозған,есеңгіреп жатыр, ірі треморлар және бұлшықеттердің құрысулық тартылуы байқалады. Терісі және сілемейлі қабықтары сарғыш. Пульсі - 100 мин-1, артериялық қысымы - 90/60 мм сын.бағ.
Қанның биохимиялық анализі: глюкоза - 2,7 ммоль/л, жалпы билирубин - 162,5 мкмоль/л (норма 3,7-20,5 мкмоль/л), аммиак - 145 мкмоль/л (норма 11-32 мкмоль/л), мочевина - 0,78 ммоль/л (норма 2,6 - 6,7 ммоль/л), зәр қышқылы -902,6 мкмоль/л (норма 137 – 393 мкмоль/л), креатинин - 227,3 мкмоль/л (норма 53 – 97 мкмоль/л), гистамин - 35,7 нмоль/л (норма 0-9,3 нмоль/л), серотонин - 715 нг/мл (норма 50-220 нг/мл).



  1. Бұл жағдайда заттек алмасуының қандай түрлерінің бұзылуы туралы ойлауға болады? Өз жауабыңызды негіздеңіз. Бұл жағдайда азоттық баланс өзгереді ме? Неліктен?

Бұл жағдайда көмірсу алмасуы бұзылғанын байқауымызға болады, өйткені глюкоза мөлшерінің төмендеуі көрініп тұр. Сонымен қатар қанның биохимиялық анализіне қарап, қант диабетінің 1 типі дамуына байланысты яғни инсулин жеткіліксіздігінен май, нәруыз алмасуының бұзылыстары болғанын байқаймыз. Азоттық баланс өзгереді, себебі жүктілік кезде анаболизмдік үрдістері катаболизмдік үрдістерден басым болады соның әсерінен оң азоттық баланс болады.


2. Заттек алмасуының анықталған бұзылыстарының себептері мен механизмдері қандай? Пациенттің қозуы немен байланысты?
Себебі болып инсулин жеткіліксіздігі саналады. Науқаста бауырдың майлы дистрофиясы әсерінен бауырдың функциясы бұзылады. Ал бауыр болса белоктің орталығы деп айтуымызға болады. Соның әсерінен белоктің бұзылысын байқаймыз. Бауырда белоктің соңғы өнімдері яғни аммиактан мочевина синтезі жүреді. Ал науқаста бауыр функциясы бұзылғандықтан орнитиндік цикл яғни аммиактан мочевина синтезделмей, аммиактің мөлшерінің көбеюі, ал мочевинаның азаюы байқалады. Науқаста сонымен қатар қант диабеті бар ол дегеніміз қанда глюкозаның жоғары концентрациясымен бүйректердің зақымдануы. Ал бұл дегеніміз бүйрек функциясы бұзылып, зәр қышқылының сыртқа шықпауы. Содан ол ағзаға жинақталады. Май тініндегі инсулин жетіспеушілігіне байланысты майлардың ыдырауы ынталандырылады, бұл олардың қандағы деңгейінің жоғарылауына әкеледі, ал бұлшықет тінінде ақуыздардың ыдырауы ынталандырылады, бұл аминқышқылдарының қанға енуіне әкеледі. Майлар мен ақуыздардың катаболизмінің субстраттарын бауыр инсулинге тәуелді емес ұлпалар (негізінен ми) инсулин жетіспеушілігі аясында энергетикалық тепе-теңдікті сақтау үшін пайдаланатын кетон денелеріне айналдырады. Нәруыздың соңғы өнімдері аммиак, мочевина, зәр қышқылы сонымен қатар бұл заттардың көбеюі көптеген зиянды әсерлерді тудырады сонымен қатар қозу байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет