Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет107/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   169
14. ЕУРОПА МЕН ТҮРКІЛЕР
Еуропалық Одақтың қалыптасуы саясат пен халықаралық құқық тұрғысынан 
алғанда осы заманғы адамзаттың аса ірі оқиғасы саналады. Бүгінде біздер үшін 
«Еуропалық одақ» пен «Еуропаның бірлігі» деген ұғымдар мазмұндас естіледі. 
Неге десеңіз, Еуроодақ өкілдігінің Әзербайжандағы ресми сайтында және 
ресми құжаттарда «Еуропалық Одақ» ұғымы пайдаланады да, осынау терминді 
қолданудың дұрыстығын оңтайлы көреміз. ЕО-ның маңызы осы заманғы 
Еуразия үшін керекті Түркі Мемлекеттері одағының құрылуы мен дамуына 
өнеге болады. Жаңа тарихи жағдайларда бұл одақтың құрылуы егер Еуразияның 
батыс жағында Еуроодақ құрылса, түркі өркениеті өңірінің шығыс бөлігінде 
неғұрлым жетілген түрде Түркі Мемлекеттерінің Одағы құрылуы мүмкін (19, 
223). Түркі Мемлекеттерінің Одағы Еуразияға өте жақындығы себепті онымен 
бірегей саяси кеңістік мәртебесін алуға мүмкіндігі бар. Осынау парадигманы 
күн тәртібіне енгізу біздің Түркі мемлекеттері одағы идеясының Еуроодақққа 
балама екенін және оған қарама-қайшы еместігін көрсетеді. Еуразияның 
саяси-өркениеттік тұтастығын қамтамасыз ету тарихтағы және оның дамуы 
барысындағы аса маңызды кезең саналады. Еуропалық одақты шарттаудың 
келесі басты факторларын атап өтелік:
1/ біртұтас тарихи-геосаяси өңірде тұратын және соған жататын елдер,
2/ біртұтас еуропалық өркениетке жататын елдер,
3/ бітұтас үндіеуропалық тілдер тобына жататын елдер (Финляндиядан 
басқа),
4/ Мүше-елдердің басым көпшілігі христиан әлеміне жатулары керек,
5/ Одақ көлеміндегі барлық соғыстар мен шиеленістер тоқтатылуы керек.
Осыдан 1800 жыл бұрын Рим әлемінің жойылуы Еуропаны тарихи жағынан 
өзара жақындастыра түссе де, осы өңірлердегі дәйектілікпен жалғасқан 
соғыстар мен өзге де қайшылықтар ондағы ықпалдасудың ыдырауына әр 
уақытта да керекті қолайлы жағдайлар туғызып отырды. Сонымен, осынау 
шиеленістердің шешуші себептер ретіндегі тоқтатылуы қажеттіктері өңірдегі 
саяси ықпалдасудың болмай қоймауына әкелді (20, 224). Мысалы, ХХ ғасырдың 
бірінші жартысында Еуропаның жетекші елдерінің қатысуымен екі ірі әлемдік 
соғыс болды.Екінші дүниежүзілік соғыс болса, Еуропаның тарихындағы ең көп 
адам құрбандығымен есте қалды. Мысалға осы соғыста 35 миллион еуропалық 
қаза тапты (268с.155). Сондықтан неміс авторы Юрген Хабермас былай деп 
жазады: Еуропа өзара қырқысып немесе бәсекелесіп жарысып тұратын ұлттық 
мемлекеттерден тұрады. Мәселен, түркі халықтары арасында Еуропада пайда 
болған «Ұлтшыл экстремизмді» жоюдың қажеттілігі жоқ. Еуропаны біріктіріп 
отырған жайлар түркі әлемі ерекшелігінің табиғатына да келіңкірейді. Ұлттық 


181
Еуропа мен түркілер
түркі мемлекеттері Азияны, Кавказды және Кіші Азия мен Еуропа Одағынан 
Қытайға дейінгі аралықты қамтитын үлкен геосаяси бірлікті құрайды.
Бұл елдер.
2/ түркі өркениетіне жатады.
3/ түркі тілдері тобына жатады.
4/ Ең бастысы, ислам дінін ұстанатын түркі халықтарының Отаны саналады.
5/
 
түркі мемлекеттері Еуропадағыдай соғыс қаупін аластату үшін емес, 
этносаяси бірлігін қайта орнату үшін және заманауи халықаралық саясат пен 
«өзіне деген сенімділік» ахуалы күйінде заманауи халықаралық саясат пен 
халықаралық құқық талаптарына сай ғаламдық маңызға ие Түркі мемлекеттерінің 
одағын құру үшін бірігеді (21, 225).
ЕУРООДАҚ өзінің құрылу жолынан өткен үлгі ретінде Түркі Мемекеттері 
Одағы үшін ең оңтайлы саяси-құқықтық тұжырымдама мен тәртіп саналады. 
Еуроодақтың құрылу тарихы Еуропаның қайта бірігуінің қандайлық күрделі 
жолдан өткенін көрсетеді. Дегенмен, Еуроодақ жағдайындағы ынтымақтасу 
болса, осы жолдағы елдердің табанды ұмтылыстары мен күш-қайрат 
жұмсаулары нәтижесінде өзінің ең басты мақсатына жете алды. Сонау 1648 
жылы жасалған «Вестьфаль» бейбітшілік шарты бірінші дүниежүзілік соғыс 
басталғанға дейін, яғни 1914 жылға дейін Еуропаның ұлттық мемлекеттерінің 
Еуропа ұлттық мемлекеттерінің жалпы жүйесін құрудың тағанын қалап берді. 
Сонау 1815 жылдың өзінде Наполеонның Францияны Еуроцентризмнің 
идеологиясы негізінде Еуропаның көшбасшысы қылмақ талабы іске аспағаннан 
соң, оған қарағанда анағұрлым бейбітшілік сүйгіш және озық Еуропаның 
ынтымақтастығы идеясы осы өңірдегі санаткерлік саладағы озық идеялардың 
біріне айналды (274.с.352-353). ХІХ ғасырдың соңында Фридрих Ницше 
Еуропаның ынтымақтасуға ұмтылысы барлығын жариялады. ХХ ғасырдың 
басында АҚШ-та Еуропаның бірлескен штаттарын құру идеясы туындасымен 
Ортега-и- Гассет,
 
Жан Монне, Альчиде Дегаспери қоғамдық, саяи және мәдени 
салалардағы ұйымдасуды мақсат ұстаған Еуропадағы ынтымақтастық үрдістері 
күшейе түсті. Ортега-и- Гассет болса, өзінің барша туындыларында Еуропаның 
ынтымақтасуы болмай қоймайтын үрдіс деп санаумен болды (22, 226). 
«Соңғы үш жүз жылда Еуропа әлемді биледі. Оның басқаруымен әлем бірегей 
үлгіде өмір сүрді. Еуропаның гегемониясы дәуірі ендігі ретте соңына таяды. 
Сондықтан, «аз халықтардың жиынтығы»
 
ұлттық мемлекеттердің қалыптасуы 
дәстүрінің нәтижесі ретінде Ренессанс уақытынан бері пайда болды. Бұл «Батыс 
ұлттық мемлекетінің» саяси негізі ретінде «Құрлықтық мемлекетке» айналуы 
тиіс. Еуропаның бірегей жүйеде ынтымақтасуы қисынды және ол бірден-бір 
дұрыс жол. 1946 жылы, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ХХ ғасырдың аса 
ықпалды саясаткерлерінің бірі – Уинстон Черчилл өзінің Цюрихтегі сөзінде 
«Еуропаның Құрама Штаттары» идеясын алға тартты. Осы тұста Франция 
мен Германияның дәстүрлі дұшпандарының өздері «Федералды Еуропа» құру 


182


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет