IV ТАРАУ
Халықаралық саясат пен халықаралық құқықта одақтар құрудың маңыздары
жайында келіссөздер жүргізе бастады. Еуропаның 16 мемлекетінің көрнекті
реформаторлары осы елдердің саясаткерлерінің Гаагада өтіп жатқан Еуропа
конгресіне қатысулары үшін нақты қадамдар жасады (278.с.99). Сонымен
Еуропа мемлекеттерінің ынтымақтасуы бірегей саяси-құқықтық мәртебеде
нақты қадамдарға ауысуда. 1949 жылы Еуропа мемлекеттерінің бастамасымен
Еуропаның министрлер кабинеті мен Еуропа кеңесі құрылды. 1950 жылы
Роберт Шуманның мәлімдемесі қабылданып, 1951 жылы 6 мүше-мемлекет
Париж шартына қол қойысты. Осылайша көмір мен темірдің еуропалық
бірлестігі құрылды. 1953 жылы адам құқықтары жөніндегі Еуропа кеңесінің
конвенциясы өз күшіне еніп, осылайша адам құқықтары жөніндегі комиссия
бекітілді. 1957 жылы Рим шартына қол қойылып, оның негізінде Еуропаның
экономикалық ынтымақтастығы және атом энергетикасы жөніндегі бірлестік
құрылды (23,227). 1960 жылы Еуропаның еркін сауда аймағы құрылды. Ал 1961
жылы Еуропа кеңесі құрылды. 1962 жылы жалпы аграрлық саясат жүргізіліп,
1968 жылдың өзінде-ақ бірегей Кедендік Одақ құрылды. 1970 жылы Еуропаның
саяси ынтымақтастығы құқықтық мәртебесін алды. Ал 1978 жылы Еуропаның
валюталық жүйесі мен Еуропа Одағының резолюциясы жұмыс істей бастады.
1979 жылы Еуропа Парламентіне жалпы еуропалық сайлау жүргізілді.
1986 жылы Шенген келісіміне қол қойылды. 1986 жылы бірегей нарық
құруға бағытталған Бірегей Еуропалық акт күшіне енді. 1992 жылы Еуропа
экономикалық одағының негізіндегі Еуропа одағын құру жөніндегі Мастрихт
шарты жасалды. 2003 жылдан бастап ЕО айналымға бірегей валютасын-еуроны
шығарды. 2003 жылы ЕО институционалды реформаларын жүргізе бастады.
2009 жылы осы реформалар бойынша Лиссабон Келісімі күшіне енді (297:
267,с. 161-177: 291: 284. 223).
Бүгінде ЕО басқарудың жалпы жүйесін Еуропалық Парламент, ЕО Кеңесі,
Еуропа Комиссиясы, ЕО соты, Еуропаның аудиторлық соты, Еуропаның
Орталық Банкі атқарады (293,с.423-425). 1957 жылы ЕО-ның байырғы
мүшелері – Бельгия, Германия, Франция, Италия, Люксембург пен Нидерланд
саяси-экономикалық және одақтастық қарым-қатынастардың негіздерін
қалады. 1973 жылы Еуроодақтың кеңеюі басталды. Осы кезеңде оған Дания,
Ирландия, Ұлыбритания, екінші кезеңде – Грекия, (1981 ж.) үшінші кезеңде
– Португалия мен Испания (1986 ж.), төртінші кезеңде Австрия, Чехия,
Эстония, Венгрия, Латвия, Литва, Мальта, Польша, Словакия мен Словения,
алтыншы кезеңде – Болгария мен Румыния (2007 ж.) соңғы кезеңде, 2013 жылы
Еуроодаққа Хорватия кірді (24, 228). Бүгінде Еуроодақ осы құрлықтың 28 елін
біріктіріп отыр. Ресми түрде 23 тіл пайдаланады. Ресми астаналары – Брюссель,
Люксембург, Страсбург және Лондон. Еуроодақтың жалпы аумағы 78 мың
шаршы шақырым, әлемдегі жетінші орында, тұрғындарының саны 503 млн.
500 мың адам. (2012 ж). Бұл жер шары халқының 7,2 пайызы. Еуропа Кеңесі
өз аумағында 400 миллион адам тұратын (түркі мемлекеттерінен Түркия мен
183
Еуропа мен түркілер
Әзербайжан ғана бар) 47 мемлекетті қамтиды. Еуропа Одағының ішкі жалпы
өнімі 17,6 триллион долларды құраса, оның әр жанға шаққандағы үлесі 35
мың доллардан айналады. Бұл әлемдік жалпы өнімнің 20 пайызы. Аса қуатты
ішкі нарығы мен жүйелі түрде ықпалдасатын саяси бағыты бар Еуропа Одағы
халықаралық ұйым ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына және Дүниежүзілік Сауда
ұйымына /ДСҰ/, G-8 G -20 мүше.
Еуропа Одағына кіретін елдер экономика мен саясаттың барлық мәселелері
бойынша қабылданған заңдар мен Еуропа Одағының алындағы негізгі
міндеттеріне сай қадамдар жасайды. Десек те, бұл елдер аталған салаларда еркін
де тәуелсіз. Еуропа Одағы мен оның жетекші мемлекеттері де әлемнің саяси,
ғаламдық және экономикалық, һәм мәдени үрдістеріне айтарлықтай ықпал
жасауға қабілетті. Еуроодақтың саясаты, оның өңірлік және ғаламдық даму
бағдарламалары мен өркендеу жобалары әлемдегі демократияның дамуына
шын мәнінде де баға жетпес үлесін қосып келеді. Еуропаның тарихи өткенімен
салыстырғанда қазіргі Еуропада бастаушы да, бастаушылық та жоқ, тек аса күшті
елдерді ынтымақтастырушы құдіретті Одақ бар. Осынау құбылыстың өзі барша
әлем үшін өнеге саналады. Әсіресе, КСРО мен АҚШ арасында болған «қырғи-
қабақ соғыстың» текетірес жылдарында Еуроодақ екі мемлекеттің арасындағы
және Еуроатлантика мен Еуразия кеңістіктеріндегі тепе-теңдік ахуалдарын
сақтай алды. Осынау аталған міндеттерді атқара алған Еуроодақты айтарлықтай
қуатты субьект деп бағалаған дұрыс. Бүгінде Еуроодақ ғаламдық дамудың алғы
шебінде тұр. Әлемдік көрсеткіште ішкі жалпы өнімнің 22 пайызына ие АҚШ-
пен Еуроодақ бүгінде бір деңгейде тұр. Еуроодақ әлемдік жалпы ішкі өнімнің
22 пайызына ие. Дегенмен, әлемдік әскери шығынның 41 пайызын иеленіп
отырған АҚШ-қа қарағанда, Еуроодақ бұл тұста өз ықпалдылығы үшін өзгеше
өркениетті технологияларды қолданады. Сондықтан Еуроодақ төңірегінде
еркін ықпалдастыққа мәжбүр болу ісі күшейе түсуде. Демократиялық және
инновациялық реформалларға мүдделі елдердің Еуроодаққа өтуге мақсаттар
ұстануы осынау үрдістердің ажырамас бөлшегіне айналуда.
Ақиқатында, Еуропадағы ахуалдар біркелкі немесе жеңіл де емес.
Соңғы уақыттарда Еуропаны дағдарыстар толқыны сілкілеуде. Кейбіреулер
ықпалдастықтың кері кетерін болжауда. Десек те, нарықтық экономика
жағдайында Еуроодаққа мүше елдердің экономикаларының шарықтап өсуі
мен құлдырауы табиғи үрдістер саналады. Еуроодақтың жеткілікті тәжірибесі
бар. Оның сындарлы қызметтері қай уақытта да жоғары. Еуроодақтың әлемдік
экономикаға кірігіп кеткені соншалық, ондағы кез келген дағдарыс толқыны
дереу бүкіл әлемді қамти қалады. Сондықтан Еуроодақ пен дамыған елдер
«экономикалық дағдарыс аймағын» қозғалысқа келтіруге мақсат ұстанып,
сондай-ақ, өндірістер мен тұтыну нарығы әлеуеттерінің әлсізденуі үрдістеріне
тосқауылдар қоюлары керек. Сөз жоқ, Еуроодақтың барша кеңістіктері
бәскелестіктің ашық нарығында тұр. Мұндағы оның даму стратегиясын түрлі
184
Достарыңызбен бөлісу: |