277
Жаһандасу мен түркі бірлігі: халықаралық қарым-қатынастарды дамытудағы ...
болуы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуын және Еуоодақтың шаңырақ
көтеруін
айтқанымыз дұрыс.
Өткен жүзжылдықтағы күрт өзгерісті оқиғалар сапында /1/ ғаламшарымыздың
барлық құрлықтарында тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы және /3/
Еуроодақтың құрылуы дер едік. Бұл оқиғалар халықаралық саяси аренада және
халықаралық құқық саласында белсене түскен үрдістердің қатарында болды.
Соңғы жүзжылдықтағы әлемдік тәжірибе тәуелсіздік
пен одақтастықтың аса
жаңа саяси тарихының болмысын анықтайды. Осынау үрдістердің қисынды
нәтижесіндей ғаламдасу да өзінің шын мәніндегі болмысының алғы сапына
тәуелсіздігін алған мемлекеттердің бірігуін, саяси-құқықтық кеңістіктер
құруына мүмкіндік беруді алға шығаруда. Әлемдік мемлекеттердің егеменділік
құқықтарын мойындаған Біріккен Ұлттар
Ұйымы халықаралқ қарым-
қатынастардпағы олардың бірлестіктер мен ұйымдар құру саласындағы
қадамдарына халықаралық деңгейлерде негіздер құруда /207.2-26 б/.
БҰҰ құрылған 68 жылдан соң әлемде ондаған ғаламдық бірлестіктер
мен құрылымдар қалыптасып, еуропалық өңірлік мемлекеттер біртұтас
еуропалық
одаққа бірігіп, ғаламдық ынтымақтасудың сөзсіз болатын
қозғалыс екенін дәлелдеді. Ақиқатында, Түркі Мемлекеттері Одағын құру
да осынау ғаламшарлық ынтымақтасудың бір бөлшегі. Тәуелсіз түркі мем-
лекеттерінің түркі тілдес мемлекеттердің одағына айналуының негізгі
кезеңдерін жалпы түркілік саяси өмірдің төңкерістік құбылуларының кезеңі деп
есептеген дұрыс. Неге десеңіз, бұл кезеңде Әлемнің Жаңа Тарихында Тәуелсіз
Түркі Мемлекеттері өзіне артылған миссияны орындап шығу қажеттілігін бір
ғана
идеямен қаруланырып, Үлкен Бірлікке қарай батыл қадамдар жасауда.
Бұған дәлел ретінде елдер арасындағы қос тарапты және көп жақты қарым-
қатынастар мен олардың нәтижелерін айтуымыз керек. Бұлардың арасында
шарттар жасасулар, кездесулер өткізу,
саммиттер ұйымдастыру, ресми
мәлімдемелер жасау секілді аса маңызға ие қызметтер де бар. Олар күтпеген
саяси қуаттарымен Тәуелсіз Түрік Мемлекеттері келесі асыл мұраттарын ұстану
арқылы өмір сүруі керектігін алғы шарттар ретінде қойып отыр:
Ынтымақтастық мәртебесінде одақ құру /77.393-399 б/.
1. Өздерінің ұлттық мүдделері тұрғысынан әрекеттер жасау /8.43-68б: 10.69-
95 б/.
2. Жалпыға ортақ геосаяси ұстанымдар тұрғысынан әрекеттер жасау/58.146б/.
3. Өңірлік және ғаламдық көлемдерде халықаралық қауіпсіздік үшін бірлесе
жауапты болу мақсаттарын ұстануға талпыну /86.304-333б/.
4. Еуропадағы күштер теңгерімінің ортақ мүдделерін ұстаушы ретіндегі
өкілеттілікті иелену/52.541-544б/.
5. Халықаралық саясат пен халықаралық ұйымдарда жалпыға ортақ мүдделер
мен ұстанымдарды қолдаушы ретінде өкілеттілік алу. /24.с.358-390/.