279
Жаһандасу мен түркі бірлігі: халықаралық қарым-қатынастарды дамытудағы ...
Жоғарыдағы аталып өткен Энергетикалық Саммитте сөз алған Әзербайжан
Республикасының Президенті Илхам Әлиев осынау халықаралық шараны
«бірлескен ықпалдастықтардың маңызды кезеңі» ретінде атай келе,
«Әзербайжанда басталған энергетикалық жобалар бүгінде аса ауқымды
ықпалдастықтарға бастайтын мол мүмкіндіктер аясын аша түседі» деп, атап
көрсетті. Сонымен қатар Президент осы ел салған мұнай құбырларының
әзербайжан мұнайын әлемдік нарықтарға шығаруын тарихи оқиға деп бағалады.
Біздің еліміз тарапынан Каспий өңіріндегі ғана емес, сонымен қанаттас Қара
теңіз және Балтық теңізі өңірлеріндегі елдермен де
жемісті ықпалдастық
жұмыстары жүруде. Президент осының баршасы елдер арасындағы әріптестіктің
жақсы нышандары деп атап өтті. Бұл дегеніңіз үлкен өңірлердің, оның ішінде
Әзербайжан, Түркия, Қазақстан мен Түрікменстан секілді елдердің бір-бірлеріне
жақындай түскенін көрсетеді. Неге десеңіз, қолданыстағы мұнай құбырлары
бар энергетикалық саясат елдер арасындағы әріптестікті күшейте түседі. Бұл,
Әзербайжан Президентінің пікірінше қазіргіден де ауқымды ынтымақтастыққа
әкеліп, оның болашағын айқын болжауға жол ашады және бұдан біздің алар
пайдамыз да ұлғаятын болады /23.с.574/.
Түркі мемлекеттері мен қоғамдарының достық, туысқандық және
ықпалдастығының ХІ съезінде сөйлеген сөзінде Түркияның сол кездегі Премьер-
Министрі Реджеп Тайып Ердоған түркі әлемі барша халықаралық мәселелердегі
ынтамақты бірлігінің өңірлік және ғаламдық көлемдердегі ықпалдастығының
мызғымас алаңын құрудың маңызына ерекше тоқталды. «Біздің ғасырымыз-
ынтымақтасу ғасыры. Бүгінде ынтымақтасу мен
ықпалдастық онсыз да өсіп
жатқан мүмкіндіктерді өмірге енгізуде оңтайлы жолдар ашып беруде. Біздер
табиғи қоғамдармыз. Өзіміздің дәстүрлерімізге, тарихымыз бен мәдениетімізге,
сенімімізге арқа сүйей келе, біздер өз арамыздағы қарым-қатынастардың
өркендеу әлеуеттерін қозғалысқа келтіруіміз қажет. Бүгінгі замандағы біздің
жеңістерге жету жолдарымыз негізінен ықпалдастық пен ынтымақтасу арқылы
өтеді. Егер ынтмақтастықта болмасақ, бізді бөлшектеп құртады.
Әлемнен өзіңді бөлек ұстап, көздеген мақсатыңа жету мүмкін де емес. Осы
мақсаттан келгенде біздің болашақтағы көзқарасымыздың мақсаттары қоғам-
ның демократиялануы, мөлдірлігі, жақсы
басқарылуы мен адамдардың
бостандығы, құқықтарын кеңейте түсу, өңірлік және адамдық ынтымақтастық
аяларын кеңейте беру болуы керек. Еуразияның адамдық және табиғи
ресурстары барша
проблемаларды шешуге әбден жетеді. Бәсекелестікпен
қанаттас ынтымақтастық рухымыздың мықтылығы мен оның барша істеріміздегі
көшбастауысы бізге өз пайдасын әкеледі. Бүгінге дейін біздер туысқан халықтар
арасындағы ынтымақтастықты өрістетуге құтты қадамдар жасауды ұсынып
келсек, қазірде оның аяларын ғаламдық деңгейлерде кеңейтуді жоспарлаудамыз.
Осы тұрғыдан алғанда, Түркия мен Әзербайжан мемлекеттерінің арасындағы
жүргізіліп отырған қарым-қатынастардың маңыздары өте үлкен. Осынау