10. РЕСЕЙ ЕУРАЗИЯШЫЛЫҒЫ
Кеңес Одағы құлағаннан кейін одақтас республикалар мен социалистік
лагерлер елі «халықтар түрмесінен» біржолата босанып шығып, бақыттан
бастары айналған олар, қысқа мерзім ішінде бірінен соң бірі өз тәуелсіздіктерін
жариялай бастады. Ең бастысы, Батыстың либералдық демократиясына
басымдық берген жас тәуелсіз мемлекеттер өз дамуларының бағыттарын қысқа
уақыт аралығында айқындап алған соң, осы жолда кездесетін кедергілерді еңсеру
жөнінде шешім қабылдады. Солардың басым көпшілігі өздерінің мемлекеттік
тәуелсіздіктерін нығайтып, оның тұғырын бекіте алды деп бүгінгі күні үлкен
сеніммен нық айтуға әбден болады. Ал қалғандары пайда болған, дұрысын
айтқанда, қалыптасқан мәселелерді шешуге тырысуда. Қаншалықты парадоксты
болып көрінбесін, әңгіменің ашығын айтқанда, бүгінгі Ресей келешегін және
үшінші мыңжылдықта жаһандық дамудың талаптарына толығымен жауап бере
алатын өзінің оңтайлы жолын таба алмай келе жатқан бірден-бір мемлекет.
Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде азаматтардың әлеуметтік-экономикалық ахуалы
тым құлдырап кетті, сонымен қатар Ресейде заңды мемлекет құру мен дамудың
бағытын таңдау барысындағы сәтсіздіктерге ұшырауы, олардың сыртқы және
ішкі саясаттарында орын алып отырған қарама-қайшылықтардан айқын көрініс
беріп отыр.
Одақтың күйреуінен кейін пайда болып, қордалана бастаған ішкі қоғамдық
мәселелерді шешіп алмай жатып, Ресей қайтадан әлемдік гегемонға айналуды
көксейді. Көздеген осы мақсаттарына жету үшін өзінің саяси-экономикалық
әлеуетін ішкі тұрақтануға бағыттаудың орнына имперлік мұраттарын жүзеге
асыруға қарманып жатқандығы да айқын байқалады. Дегенмен бұл бағытта
да Ресей саясатының бойынан уақыттың өз талабына лайықты үдемелі
ілгерілеушілік серпіні байқалмайды, керісінше, шешімсіздік пен таңдаудың
сәтсіздігі көрініс беретіндей. Осы тұрғыдан қарағанда, Ресейдің қазіргі заманғы
саясаты өтіп кеткен ескі уақыттың қалыбынан әлі күнге дейін шыға алмай келе
жатқанын көрсетеді. Өйткені, жиырма жылдан бергі мерзімде Ресейде жаңа
ұлттық идеология қалыптасқан жоқ, есесіне тарихты қайтадан кері бұру және
«тонын үстіне теріс айналдыра киген», бұрынғы Кеңес Одағын қайта қалпына
келтіруге деген талпыныс басым. Бұлай деп айтуымызға нақты себептер бар:
1) Ресей коммунистік құрылыстан босағанымен, коммунистік идеядан
әлі күнге дейін арыла алмай келеді. Ал бұл идеологияның тоталитаризм мен
біріздендіруге бағытталғаны баршаға аян.
2) Ресейдің саяси элитасы, әскери-өндірістік кешені мен әскери стратегиясы
әлі күнге дейін Батысқа деген дұшпандық пиғылынан арыла алмай келеді.
139
Ресей еуразияшылығы
3) Ресейдің саяси технологиясы жаһанданудың қисынына сәйкес идеоло-
гияны жасай да және оны ұсына да алмады. Егер де сөз жүзінде бірқатар жаңа
ережелер туралы айтылып қалғанымен, Ресей бәрібір де Батысқа өшпенділік, ал
Шығысқа қызғанушылық сезімінен арыла алмай өмір сүруде.
4) Империялық сезімді аңсау сол ұлттың барлығының бойына тән немесе
кем дегенде көпшілігінің көкейін сыздатқан арман бұл.
Осындай аспектілер ресейлік Еуразияның өзін барлық қырынан анық
көрсетті. Міне, осы айтылғандар қордалана келе Ресейді еуразиялықтың
бастауындағы қандай да бір тарихи өркениетке негізделмеген базада
абстрактылы одақ құрудың бос қиялына жетелеп алып келді. Соңғы жылдары
Ресейдің халықаралық саясатында да еуразиялық секілді аса көп айтылатын
өзіндік нақты теория жоқ. Бұл жалпақ әлем үшін, әсіресе Еуразияның
географиялық кеңістігі үшін соншалықты елең еткізер жаңалық та емес. Сонау
XVIII ғасырдағы Ресейдің «жоғарыдағы» Солтүстік соғысындағы жеңісі мен
«төмендегі» Алтын Орданың бөлінуі орыстарды соғыстың үлкен алаңына алып
шықты. 1721 жылы өзін Империя деп жариялаған Ресей түркі мемлекеті мен
империясының әлсіреген тұсын өте шебер пайдаланып кетті. Ресей империясы
Қара және Каспий теңіздерін жағалай отырып, Кавказдың ішкі жағынан
Еуразияның стратегиялық қапталын жаулап алып, Парсы жағына, сондай-ақ
Орталық Азияның ішкі жағымен – Қытайға қарай кеңейе түсті. Ал 1905 жылы
Ресей империясының аумағының жалпы көлемі Түркі-моңғол және Британия
империяларынан кейінгі деңгейге жетті. Оның 22 млн шаршы шақырымды
қамтыған жер аумағы солтүстігінде Солтүстік Мұзды мұхиттан оңтүстігінде
Қара теңізге дейінгі, ал батысында Балтық теңізінен шығысына қарай Тынық
мұхитына дейінгі кеңістікке дейінгі аралықта құлашын кеңге жая созылып
жатты.
Сонымен, түркілердің Еуразиядағы ғасырлардан-ғасырларға жалғасып
келген үстемдігінің құлдырауының салдары мен осы құрлықтағы орын алған
өзгерістер славян халқын, нақтылап айтқанда – орыстарды алдыңғы қатарға
алып шықты. Қарапайым да жәй сөзбен айтқанда, түркілердің тарихи әлсіреуі
мен орыстардың күш ала бастауының бір уақытқа дөп келуі Еуразиядағы
геосаяси тепе-теңдіктің бұзылуына алып келді. Ал мұның зардабы түркілер
мен Азияның басқа да халықтары үшін қатты болса, бұл тек орыстардың
жеке басының қамы үшін шексіз пайдалы болды. Еуразияның үстемдік етуші
империясына айналған Ресей осы құрлықтың басым бөлігін жаулап алумен
шектеліп қойған жоқ, сонымен қатар олар Түркиядан басқа жаулап алған
аумақтағы түркі мемлекеттерінің барлығының бастарындағы тәуелсіздіктерін
жойып, халқын өз құзырына бағындырып алды. Ресейдің саяси-идеологиялық
жүйесіндегі бұдан арғы өзгерістер мен Кеңестік Социалистік Республикалар
Одағының құрылуы бұл елді Еуразия құрлығындағы ғана емес, сонымен
қатар әлемдегі алып мемлекеттердің біріне айналдырды. Жаңадан құрылған
140
Достарыңызбен бөлісу: |