135
Азия мен Еуропа: түркілердің бір-біріне қосқан әлемі
түркизм болды. Түркілердің осы ұстанған беталысы өздерін ұлтшылдықтың
тайыз да біржақты аясында қалып қойған адамдар емес екіндіктерін тағы
дәлелдеп берді. Тәуелсіз Азия, азат түркі мемлекетін құру арқылы, Азия мен
Еуропа арасында әділ қарым-қатынас теңдігін жасауға және оны жалғастыруға
тырысты. Сондай-ақ түркі қоғамына еуропалық құндылықтардың табиғи түрде
енуінене қарсы емес екендіктерін де көрсетіп, бұған ешқандай да кедергілердің
жоқ екендігін дәлелдеді. ХХ ғасырдың соңына таман орын алған және оны
тәуелсіз түркі мемлекеттерінің құрылуымен
аяқтатқан оқиғалардың даму
қисыны Азия мен Еуропаның қарым-қатынасында «түркілік жобаның» қазіргі
заманға бейімделген нұсқасының сақталғандығын көрсетіп берді. Сондай-
ақ, жаһандану бағытын жан-жақтыландырудың жағымды жақтары Азияға да
сонымен бірге Еуропаға да өз пайдасын тигізетіні ақиқат.
Бүгінгі таңда еуразиялық геосаясатты тәуелсіз түркі мемлекеттерінсіз
көз алдыға елестетудің өзі де мүмкін болмай қалды (296).
Егер кімде-кім
Еуразияның саяси субъектілерінің өзегімен санаспай, оны жолдан ысырып
тастап немесе «ресурстар мен құралдардың» қызметін артық пайдалана
отырып, қандай да бір жұмысты немесе жобаны жүзеге асырамын десе, олар бұл
жерде қатты қателеседі. Айтылғандай әрекеттерді шұғыл түрде ауыздықтауға
Еуразиядағы түркі мемлекеттерінің геосаяси әрекеттерінің күші де, өкілеттілігі
де жеткілікті. Өйткені, олардың ортақ күш жұмсай
отырып көздейтін басты
мақсаттары, шын мәнінде Азия мен Еуропа арасындағы қалыптасып отырған
қарым-қатынастың көлемі мен оның жан-жақтылығын бүгінгіден де терең
әрі баянды ету болмақ. ХХІ ғасырдың әлемдік саясатында күш ала бастаған
түркі мемлекетінің рөлі, оларға табиғи-географиялық
және тарихи-саяси
факторлармен келісілген геосаяси ұстанымдарды барынша кеңінен пайдалануға
мүмкіндік береді. Азия мен Еуропаның қарым-қатынасындағы түркілік
геосаясатпен ынталандырылатын, географиялық үйлестірулермен қамтылатын
жалпы көріністерге назар аударалық.
Еуразия аймағында орналасқан тәуелсіз түркі мемлекеттерін әлемдік
картадан іздеп қарар болсаңыз, олардың мұнда шашыраңқы орналаспағанын,
теңіз айлағында болсын, құрлықта орын тепсін,
бір-бірімен мемлекеттік
шекаралар арқылы өзара тығыз байланысып жатқанын көресіз. Басқа
мемлекеттің аумақтарында өмір сүретін, белгілі саяси мәртебеге ие түркітектес
халықтар қарым-қатынастар орнату шекарасы шегінде тығыз орналасып
тіршілік етеді. Түркілердің этникалық географиясы олардың мемлекеттерінің
саяси географиясынан ауқымды болуына байланысты, бұл шекаралардың шебі
мықтырақ болып келеді. Сонымен қатар, олар
өз ерік-қалауларын шынайы
саяси жағдайда көрсету мүмкіндігін де сақтап қалады.
Жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы (аумағы шамамен Шығыс
Еуропаның жерімен тең) орында тұрған Қазақстан, Орталық Азиядағы бірінші