147
Ресей еуразияшылығы
Орыс еуразияшылары Еуразиялық Одақты саяси, экономикалық, әскери
және кедендік кеңістік
бойынша мұраттас болған, тәуелсіз мемлекеттердің
конфедеративтік ұйымы деп қарайтындықтарын ешкімнен де жасырмастан,
мұны сондай сенімділікпен мәлімдейді. Сондай-ақ олар, «Кеңестер Одағын
Еуразиялық Одаққа, ал коммунизм идеологиясын еуразиялық идеологияға»
айналдыруды осы Ұйымға ауадай қажет деп, ашық мәлімдеп отыр. Ресей
Президенті Владимир Путин мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
Еуразиялық Одақтың мемлекеттік деңгейдегі авторлары аталады.
Владимир
Путин әлі премьер-министр болып отырған кезінде, 2011 жылдың күзінде
жарияланған «Еуразияның ертеңі үшін – бүгін туындап отырған ықпалдастықтың
жаңа жобалары» (181) атты мақаласынан кейін-ақ арада көп уақыт өтпей жатып,
Еуразиялық Одақты құру туралы декларацияға қол қойды. Ресей мемлекетінің
басшысы Владимир Путин осы Одақтың еуразиялық геосаясатта құрылуы
барысында мұнда «қазіргі заманғы полюстердің бірінің мүддесін білдіретін» күш
қалыптасады деп ойлайды (181). Барынша қысқа уақытта «ұлттық» Еуразиялық
парламент пен Еуразиялық одақ құрылып, олардың толықтай жүзеге асырылуы
2015 жылға жоспарланды. Одан кейінгі кезеңдерде ықпалдастықтың бұданда
ауқымды жоспарлары барысында, ол құрамына Қытай, Үндістан, Иран, тіпті
Еуропаның да бірқатар елдері кіретін «Үлкен Еуразиялық Одаққа» айналмақ!
Шындығында да қазіргі заманғы халықаралық саясат Ресейдің әлемдік
үстемдік құруына жол бере қояр ма екен?! Мұндай ықтималдықтың тіпті адам
сенбестей болып көрінетіні хақ! Классикалық еуразияшылықты білдіретін
ресей идеологтары Николай Трубецкий, Владимир Ламанский,
Константин
Леонтьев немесе Петр Савицкий секілділердің мұндай Одақтың тіршілік етуі
үшін, алдымен барлығын тұтастай ұстап тұратын жалпы тарихи-өркениеттік
тамырдың болуы қажеттігін алдын ала ескермегені немесе оны ескеруді қажет
деп санамағаны көзге көрініп тұр.
Сонымен қатар «жаңаеуразияшылықтардың» (Александр Панарин,
Александр Дугин) көзқарасына үңілер болсақ, онда Ресейдің жаңаеура-
зияшылықтың тұғырнамасы арқылы өзінің имперлік саясатын ақтап қалуға
деген ұмтылысы, адасушылықтан әлі күнге дейін арыла алмағандығы мен
ұстанымының сындарлы емес екендігінен нақты көріністер береді. Өйткені өн
бойы имперлік идеологиямен сусындап, соған әбден қаныққан еуразияшылық
бірінші кезекте Еуразия халықтарына Ресей билігін толықтай мойындатуға
арналған саясат болып табылатыны сөзсіз. Ал халықаралық саясаттың бүгінгі
конфигурациясында, мұндай саясаттың жемісті бола қалатынына сену барып
тұрған аңғалдық, немесе тарих дөңгелегінің кері
айналуына илану секілді
барып тұрған қияли дүние. Еуразияшылық идеологиясын жақтаушылар
өздері барын салып, жанталаса қорғаштап жатқан айқындамаларының бәрібір
де Еуразия тарапынан еш уақытта қабылданбайтынына көздері жетулері
керек және оны өздері мойындаулары тиіс. Өйткені, Ресей өзінің имперлік