«интеграцияға функционалды
немесе функционалды емес қызмет ету жөніндегі»
теориясы тап осы
тәжірибенің негізінде пайда болды. (268,с.279-280). Өзекті мәселелерді шешуде
ішкі өңірлік мүдделер мен бастамашылдықтар белгілі бір геосаяси аймақтағы
мемлекеттің қарым-қатынастарын функционалдық институционалдандыру
деңгейінде қалыптастыруға жол ашады.
Мұның қажетті үрдіс екені соншалық, тіпті араларында ұзақ уақыттық
соғыстар мен шиеленістер болып тұрған халықтар мен мемлекеттер жалпы
өңірлік мүдделер тұрғысында бірігу керектігінің қажеттілігін сезіне бастайды.
Егер біз өңірлік ұйымдардың мемлекеттераралық «геосаяси картасын»
қарар болсақ, бүгінде ғаламның барлық мемлекеттерінің дерлік Еуроодақ,
Араб мемлекеттерінің Лигасы, Африка Мемлекеттерінің Одағы, Шанхай
Ынтымақтастық Ұйымы, Америка Мемлекеттерінің Ұйымы, Оңтүстік-
Шығыс Азия елдерінің Қауымдастығы, Қара теңіз экономикалық ықпалдастық
Ұйымы, Грузия, Украина, Әзербайжан, Молдова елдерінің демократия мен
экономикалық даму жолындағы Ұйымы секілді халықаралық ұйымдарға
біріккендерін көреміз.( 267,с.145-146:278,с.89-104). Бұлар сондай-ақ, БҰҰ
секілді аса ірі әлемдік ұйымның да мүшелері саналады.
Еуропадағы, Азия мен Америка және Африкадағы өңірлік елдердің
құрлықтық интеграциялары да түрлі сырт пішіндер мен саяси, экономикалық,
һәм әскери ықпалдастықтардың деңгейлеріндегі сатыларда жүруде (11.215).
Еуропада мұндай терең тиімділіктегі ахуал негізінде құрылған одақтар мен
ықпалдастықтар секілді жетілген интеграцияның түрлері құрылған. Еуропа
институттары бірі-бірімен ықпалдаса отырып осы негізде жұмыс істеуде. Өзі
құрылған күннен бастап кеңейіп келе жатқан Еуроодақ та осы тұғырда дамуда.
Құрамына АҚШ пен Канада секілді Америка құрлығының екі ірі мемлекеті
кіретін Солтүстікатлантикалық Шарт Одағы, Еуропа Кеңесі және Еуропадағы
қауіпсіздік пен ықпалдастық жөніндегі ұйым Еуропаның өз ішіндегі және
177
Бүкіләлемдік интеграция: басымдықтарды қайта бағалау
Еуропа айналасындағы мемлекеттер аралық қарым-қатынастарға қатысты
мәселелерін үйлестіре отыра, Еуропа төңірегіндегі тұрақтылық пен құрлықтағы
қауіпсіздікке кепілдік беруде. «Паназат өңірі» құрған Одақтар – Азияның 10
елі кіретін Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің Қауымдастығы мен Азия-Тынық
мұхиты аймағының экономикалық ықпалдастығы, ASEAN өңірлік форумы,
ASEAN еркін экономикалық аймағы, Шанхай Ықпалдастық Ұйымы еркін
экономикалық аймақтардағы құрлықтардың мүдделеріне көбірек көңіл бөле
отыра, сонымен қанаттас өз алаңдарында көп түрлілікке, идеологиялық
алуандықтарға, сонымен қатар ұлттық және субөңірлік бәсекелестіктерге
орын береді (200,с.24). Мысалы, Қара теңіз экономикалық Ықпалдастығының
Ұйымы мен құрамына Грузия, Украина және Молдова елдері және екі түркі
мемлекеті – Әзербайжан мен Түркия да кіретін демократия мен экономикалық
даму Ұйымы өзара ықпалдастық жөнінде шығыс Еуропа, Кіші Азия мен Кавказ
өңірлері елдерімен де қарым-қатынастарын қалыптастыруда (12, 216). Барша
түркі мемлекеттері, яғни Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан мен
Түрікменстан және Қырғызстан құрамына әлемнің 57 мемлекеті кіретін Ислам
Ықпалдастығының ұйымына мүше. Халықаралық саяси-экономикалық жүйе-
нің дамуында маңызды рөль атқаратын өңірлік және ғаламдық бірлестіктер
бүгінде әлемдік экономиканың қозғаушы күшіне айналып отыр. Атап айтқанда,
сауда, инвестициялық және баспа-бас айырбас операцияларының басым
бөліктері осындай бірлестіктер күшімен жасалады. Мысалға Еуропадағы
өңірлік сауданың 55,2 пайызын Еуроодақ жүзеге асыруда. Ал, Америкадағы
өңірлік сауданың 51,7 пайызын еркін сауда жөніндегі Солтүстік америкалық
келісім ұйымы жүзеге асырып отыр. Азия-тынық мұхиты өңіріндегі сауда
операцияларының 20,4 пайыз үлесі ASEAN Еркін Сауда Аймағының құзырында.
Тынықмұхит аумағы экономикалық ықпалдастығы ұйымының бұл саладағы
үлесі 59,7 пайыз (293,с.443)
Әлемдік ықпалдастықтың басымдықтарына баға бере келе, оның өңір мен
ғаламдық үрдістерді қарама қарсы қоймайтын дұрыс дамуы бағыттарына ерекше
назар салғанымыз жөн. Неге десеңіз, бұл мәселеге әлемдік капитализмнің
дәстүрлі кертартпалық көзқарастары халықаралық саясат пен либералды
ғаламдық экономиканың көзқарасынан мүлдем өзгеше (13, 217). Егер, бірінші
ұстаным екіншісінен мүлдем өзгеше болса, дамыған және дамушы, сонымен
бірге әлсіз дамыған елдер олармен қатынастарын бұл сатылардағы иерархияның
негізінде өз қатынастарын құрып, екінші ұстаным өз жұмысының тұғырын
әлемдік дамуға бағыттап, осы негізде нашар дамыған елдерді өркендетуге
қатысты өңірлік және ғаламдық ықпалдастықтарды табуға күш алып отырғанын
пайдалануда. Былайша айтқанда, әлемдік экономиканың көшбасшылары мен
соңында қалушылар арасындағы жер мен көктей алшақтық түптеп келгенде
бір уақыттарда өздеріміз көріп отырғандай, дағдарысқа әкеліп соғатын болады.
Бұл барынша дұрыс ұстаным. Неге десеңіз, ғаламдық кеңістікте әлемдегі
178
Достарыңызбен бөлісу: |