Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы


кілт» рөлін атқара бастайды. « Мемлекеттер ассоциациясы»



Pdf көрінісі
бет103/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   169
кілт»
рөлін атқара бастайды. «
Мемлекеттер ассоциациясы»
деп аталатын осынау 
ерекше құбылыс (278, с.79) әрекетке кірісіп, жүйелене бастаған ғаламдасу 
үрдістерінің арнасындағы негізгі оқиғалардың кіндігінде болады. Осынау 
жағдайларда мемлекеттер халықаралық құқық нормалары реттеп отыратын 
әлемдік тарихта тұңғыш рет халықаралық саяси жүйенің қалыптасуына 
қатысты халықаралық құқық нормалары реттеп отыратын жауапкершілікті 


175
Бүкіләлемдік интеграция: басымдықтарды қайта бағалау
бөлісе бастайды. Бүгіннің өзінде-ақ, әлемде БҰҰ, НАТО, Еуроодақ секілді 
246 мемлекеттераралық ұйымдар бар. ХХ ғасырдың ортасында басталған 
институтционаланудың бұл үрдістері халықаралық саясатта мемлекеттераралық 
қатынастарды жоғары деңгейлерде оңтайландыра алатын мүмкіндіктері бар 
көп векторлы жаңа халықаралық саясатты құра бастады.
Сонымен, әлемдік интеграциялық үрдістер мемлекеттер арасындағы 
«ғаламдық өзара тәуелділік» 
(172,с.112) деп аталатын солқылдақ та айлалы 
әрекеттер құрады. Бұл жағдайда халықаралық жүйедегі бірде-бір субьекті, 
болмаса, үлкен мемлекеттердің Трансұлттық Корпорациялары болса да, 
лайықты әріптестерсіз өмір сүре алмайды. Ақпараттық қауымдастықтағы 
постиндустриалдық түрленуден өткен қоғамдар ғаламдық коммуникация 
саласында революцияға әкеледі. Адамзаттың ғылымға негізделген санасы, 
сайып келгенде, оны ғаламшарлық деңгейге көтереді. Аспан әлемінде өзін 
әр қырынан көріп тұрған жер ғаламшары да өмір мен 
Адамзаттың Бірегей 
Өркениетінің
болашағын қамтамасыз етуші тірі ғаламдық субьектіге түрлене 
бастайды.Тарихта тұңғыш рет «
Бүкіләлемдік Одақ
» идеясы өз болмысында 
саяси шындыққа айналып, шарықтай өсіп, ғаламдық мағынаға ие болуда.
Бір қызығы, ғаламдық өркениеттің тосындықтары болса, осы сәттерде 
белгі бере бастайды. Бұл жағдайда ғаламдық интеграциялық үрдістер әлемдік 
қауымдастықты жақындастыра бастайды да, олардың тәуелсіз сипаттары 
айқындала түседі. «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет