V ТАРАУ
Мызғымас тұғыр негізінде
жасап үлкен ықыласпен жеп жатқаны салынғаны бейнеленген. Ресейдің білім
беру министрлігі шындыққа мүлдем жанаспайтын осы суретті өз оқулығында
жариялап, шәкірттер санасына адамгершілік сезімдерін сіңіріп жатырмыз деп
қалай ғана ойлайды екен. Міне, осы заманғы Ресейдің өз еліндегі ағартушылық
жолының сиқы! Аса ауыр қылмыстар мен әділетсіздікке барғандар, әдетте
өз кінәларын өзгелерге аудара салуға бейім тұратынын тарихтан білеміз.
Ағылшындардың кең ауқымдағы зұлымдықтарын, армяндар да шағын
аяда болса да
жасады. Түркі әлемінің тарихына, мәдениетіне, ұлты мен
мемлекеттеріне, Түркі Мемлекеттері Одағын құру ісі секілді ұлы жоспарына
қарсы жасалған осындай арандатушылықтар мен оған бағытталған барша
дұшпандық пиғылдардың бетперделерін уақытында ашып отыратын мезгіл
жетті.
Түркі дүниесінің көркемдік-эстетикалық, оның саяси-гуманитарлық әлем
халықтарына деген толерантты әмбебап идеологиясы адамзат баласының ең
тамаша құндылықтарының және рухани қазыналарының бірі. Бүгінгі заманғы
дәуірде халықаралық қауымдастықтың әділ де адал ойлы өкілдері түркі
өркениетін оған жасалып келе жатқан идеологиялық диверсиямен түркілік
өркениеттің мәнін салыстырар болса, жаңағы жалақорлық саясаттарға тіптен де
негіз жоқтығын мойындап, олардың тек қана сабынның көпіршігі екенін көрер
еді. Егер жаңағы жалақорлар айтқандай, бүкіл Еуразия аумағындағы ұлттық
дәстүрлер мен діндерді және мәдениеттерді де түркілер нәсілдік кемсітушілікке
салып,адамдарды кәуәп ретінде жеген болса, онда бүгінде аталған аймақтарда
түркі жұртынан өзге ешбір халық тұрмас та еді. Тіпті түркілердің аяқтарының
астында ұзақ уақыттардан бері шатылып жүрген армяндардың өздері де осы
біз қалай тірі қалдық екен деп, ойлана бастаса. Олар басқа жерлерге қарағанда
түркі өркениетінің алып кеңістігінде молынан тұрып жатқан жоқ па. Таласары
жоқ, түркілер соғыстар уағында да, болмаса, бейбіт өмір кездерінде де
өздерінің адамшылық қасиеттерін бәрінен жоғары қойған ел. Бұған Мұстафа
Кемел Ататүріктің өмір жолдары куә. Түркі дүниесінің ұлы қолбасшысы және
сардары тарихтағы ең сұрапыл соғыстарда өз ұлтын қорғап қала алды және
үнемі жеңістерге жетіп отырды. Измирге жеңімпаз әскерлерімен кірген ол
аяқтың астына тасталған дұшпан байрағын көтеріп: «Ту-ұлттың тәуелсіздігінің
белгісі. Оны сыйлап, дұшпандікі болғанына қарамастан, құрметтеу керек»,-
деген болатын. Бүгінде соғысушы тараптар бірінің-бірі туларын аяқтарына
таптап жатқанда, түріктің осынау ұлы қолбасшысының қадамдары өте-мөте
адамшылық және азаматтық ретінде көңілге ұялайды.Тіпті жауларымен
кездескеннің өзінде де Мұстафа Кемел Ататүрік түркі бекзаттығы мен нәзік
дипломатиялық дарынын танытқан болатын. Мысалға, француз генералы,
бірінші дүниежүзілік соғыста, Дарданелл түбіндегі Ататүрікке қарсы шайқаста
бір қолын жоғалтқан Гураға құрметпен қарап, былай деген екен: «Сіздің түркі
жерінде қалған даңқты қолыңызды елдерімізді жалғап жатқан қасиетті жәдігер
241
Одақтастықтың идеологиясы мен тұжырымдамалық ұстанымдары
деп ойлаймыз (122.72 бет). Түріктің осынау ұлы қолбасшысы Ататүріктің
соғыста қаза тауып, шәйіт болған жауынгерлерін жерлеп болғаннан кейін осы
шайқастарда қаза болған өзге ұлттың сарбаздары жайында аталған шараға
қатысқан елінің қорғаныс министрінің көзінше: «осынау Елдің аумағында
қаны төгілген батырлар, Сіздердің рухтарыңыз достас елдің топырағында
мәңгілікке тыным тапты. Жандарыңыз жаннатта болғай» дегені тарихта қалды
(117.6 бет). Адамзатқа берілген ұлы баға деп осыны айтсақ керек. Жүздеген
сарбаздары әлемдік соғыста қаза тапқан армияның Жоғарғы қолбасшысы
мемлекеттераралық және адамзатаралық дұшпандық қатынастарының ең
бір шиеленіскен шағының шырқау биігінде осылайша қасиетті адамзаттық
сезімдерге ерік береді. Қолбасшылықтың, даналықтың және адамгершіліктің
бірлігін өз әрекеттерімен қалап берген Мұстафа Кемел Ататүрік жасақтаған
түрік армиясы бүгінгі әлемдегі ең қуатты қарулы күштердің сапынан саналады.
Бүгінде Түркі Мемлекеттері Одағын құрудағы аса маңызды әрекеттердің
қатарында Бірлескен Армия құру үрдісі екені рас. 2013 жылдың 23 қаңтарынан
Түркияның, Әзербайжанның, Моңғолияның және Қырғызстанның қатысуы-
мен бірлескен армия құру жөніндегі келісімге қол жеткізілді. Баку
қаласында өткен әскери мәртебеге ие Құқық Қорғау органдары Еуразиялық
қауымдастықтың отырысында бірлескен армия құрудың алғашқы келісіміне қол
жеткізп, оның алғашқы қызметтері анықталып, оның алғашқы атауы ТАКМ-
(Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Моңғолия) болып бекітілді. Ол саясат
саласында (түркі тілдес мемлекеттердің Саммитеріне, Түркі тілдес елдердің
ықпалдастық Кеңестерінде), гуманитарлық салаларда (түркі халықтарының
достық, бауырластық және ықпалдастық құрылтайларында), заң шығарушылық
саласында (түркі тілдес халықтардың Парламеттік Ассамблеясында) жалпы
түркілік идеологиядағы тұжырымдамалықты, ортақ бағыттылықты көрсететін
болады.
Түркі мемлекеттерінің Одағын құрудың жиырма жылдық идеясы мен
адамдардың, үйлестіру ұйымдарының және азаматтық қоғамдар жүйелерінің,
батыл азаматтардың, дипломат-прагматиктердің бір мақсатқа жұмылған
данышпан идеологтар мен көреген стратегтерің жанкешті еңбектерінен өзіміз
күресіп жүрген бірлесу идеясының негізінде, расында да мызғымас тұғыр
тұрғанын көреміз. Ақиқатын айтар болсақ, бұл мақсаттың отын сөндірер әлемде
ешқандай күш жоқ. Ал осынау ақиқатты баршаға жеткізушілер қатары өте көп
және олар бұлжымас мақсаттың тұғырында тұрғандар. Неге десеңіз, бұл идея-
ның тағанында ұлы мемлекеттік дәстүрлер, жоғары адамгершілік қасиеттер,
ұлттың және заманның биік рухы, саяси этиканың құндылықтары, түркі
саясатының әмбебап дүниетанымы жатыр. Осы айтылғандар түркі
мемлекеттерінің одағын мызғымас бірлестікке айналдырып, оның қуаттарын
жеңілмес биіктерге көтеріп, бір байрақтың саясатын көтеріп, түркілердің
кемеңгерлік төзімдері мен данышпандық шешімдерін іске асыратын болады.
242
Достарыңызбен бөлісу: |