Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет137/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   169
V ТАРАУ 
Мызғымас тұғыр негізінде
Осынау афоризмнің иесі Незми Чора өзінің Түркі мемлекеттерінің 
одақтасуына және түркі тілдес елдердің бірігуіне арналған кітабында осы 
бағыттардағы көптеген жайлармен қанаттастыра бірлесуге бастайтын 
үрдістердің саяси- идеологиялық тұстарын да мұқият зерттейді. Көздегені 
Түркі Мемлекеттерінің Одағы құру болатын түркизм идеясына сүйенген Незми 
Чора кез келген ұлт армиядан немесе шетел күштерінің өзге де материалдық 
қуаттарынан жеңілмес бұрын, алдымен олардың моральдық-идеялық езгісіне 
түседі деген пікірін айтады. Мысалға, рухани жеңілген ұлтты соғыста жеңу 
жеңіл дейді. Сондықтан да болашақтарының көкжиектерін айқын көрулері 
үшін түркі елдерінің идеологиялық мызғымас тұғырын қалау керек. Сөйткенде 
олар болашақта да жеңілмес қамалға айналады.Түркі мемлекеттерінің бастарын 
қосатын түркизм бірегей күштер тұрғысынан қарағанда барша ұлттардан да 
жоғары тұратын идеология болуы керек. Түркизм асқақтау үшін емес, өзгелерді 
де жоғарылататын идея болуы керек. Өз-өздерін осы жолда құрбан ететін 
көптеген адамдары бар қоғам қашанда өркендеуге бейім болады (101.53б). 
Незми Чора ұлттың өзін-өзі төменшік сезінуінен және айналысындағы һәм 
әлемде болып жатқан оқиғаларға, ең бастысы, өз болашағына салқын-самарқау 
қарауынан арылуының маңызын атап өтті. Ол ұлттардың өз ойларын тұрақты 
түрде жоғары адамгершілік қасиеттермен тазартып тұруын, ұлттық идеологияны 
сырттан таңылатын өзгелердің ықпалынсыз жаңғыртып отыруды ұсынды. Ұлт 
мәртебесінің үнемі биікте болуы үшін рух бірлігі, мақсат ортақтығы керек. 
Бүгінде түркі ұлты басынан талай қиындықтарды өткізгеніне қарамастан, 
әлемдегі ең үлкен ұлттардың қатарында тұр. Дунай мен Балқан тауларынан 
бастап Қытайға дейінгі аралықта сіздер тек қана түркілерді кездестіресіз. 
Осынау ұлы кеңістіктің басынан ең шетіне дейін түркі халықтарының 
жерлерінен өтесіз. Осынау ғажайып ұлттың жасаған істері оның алып бейнесін 
зорайта түседі және ол тарихтың айдынына тағы шығады. Осының баршасы 
осынау өлкелерге көз тіккендерді толғантпай қоймайды. Сондықтан олар түркі 
ұлттарының бірігіп кетпеуі үшін қоятын кедергілерін күшейтіп, ең алдымен 
осы халықтардың ынтымағы мен туыстығын бұзып, жоқ еткісі келеді.Осы 
жолда олар түркі халықтары жайында арандатушылық материалдар таратып, 
арандатушылық әрекеттер жасайды.
Түркі ұлттарының дамуы үшін кез келген түркі ұлты бірлікті, теңдікті және 
нендей қиындықтар болсын бірлесе шешуді мұрат ұстанулары керек. Біздің 
бірлігімізге қарсы арнадатушылық әрекеттердің басында жершілдік тұр. Өзінің 
шындап дамуы үшін Түркі өзінің ұлттық абыройына, ұлттық болмысына қайта 
оралуы керек (101. 64б). 
Көктүріктік тамырлары тереңде жатқан ұлттық ойлаудың тұғырларына 
сүйенген Незми Чораның шын жүректен шыққан сөздері ақиқат. Осынау 
туындысымен Незми Чора әлемдік түркизмге сүбелі үлестер қосқанымен, 


235
Одақтастықтың идеологиясы мен тұжырымдамалық ұстанымдары
оның кітабының мұқабасындағы Түркия мелекеттерінің бірлесуі деген атаудың 
дұрыс еместігін аңағартқымыз келеді. Өйткені, Түркі мемлекеттерінің бірлесуі 
деген атаумен жоғарыдағы аттың айырмашылығынің бөлектігіне автор онша 
мән бере қоймағанға ұқсайды. Әлем түріктері бір ғана мемлекеттің бастауымен, 
басымдығымен құрылған бірлестікті өзге мемлекеттердің мойындамайтынын 
жақсы біледі. Әлбетте, Түркия түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығында 
үлкен рөль атқарады. Ол түркі тілдес елдердің қиын кезеңдеріндегі қорғаны да. 
Дегенмен, Түркияның бірлескен мемлекеттері деген атаумен ынтымақтасуға 
бірде-бір ел келісім бермейді. Түркияның өзі болса, түркі әлемі мен 
халықаралық қауымдастыққа келгенде сындарлы саясат ұстанып, үстірт те қате 
қадамдар жасаудан сақтанып отырады және ондай жаңылуларға бармайды. 
Сондықтан Түркияның ресми саясаты өте анық. Онда болжамды ұстаным мен 
түркі дүниесінің бірігуіне қатысты мақсаттар бар. Сондығынан мұндай шетін 
көзқарастардан бойды аулаққа салған дұрыс. 
Түркі дүниесінен тысқары жерлерде түркі мемлекеттерінің болашақ 
одағын болдырмауға бағытталған шиеленіскен саяси-идеологиялық ойындар 
ұйымдастырылуда. Осы жағдайда Түркияны бірлескен мемлекеттердің 
орталығы түрінде меңзеуге жол бермеген жөн. Онсыз да батыстың сарапшылары 
бүгінгі заманғы Түркияның түркі әлеміндегі және барша мұсылман дүниесіндегі 
дағдарыстарды еңсеруге бағытталған сыртқы саясатына талдау жасай отырып, 
негізінен мұны Осман империясын құруға талпыныс немесе османизм деп 
түсіндіруде (216). 
Демек, қазірдің өзінде халықаралық қауымдастықта аталған мәселеге 
дұрыс көзқарасты қалыптастыру қажет. Түркі Мемлекеттері Одағын құру ісі 
Түркияның ғана мұраты емес, барша түркі елдерінің бірлескен ықыласы мен 
еріктері деп қараған жөн. Өйткені, мұның ақиқат екені шындық. Ол жағдайда 
осынау бірлестіктің халықаралық құқық шеңберіндегі ынтымақтасуының 
жүйеленуіне деген сенім де пайда болады. 
Түркі әлемінің геосасаи кеңістігі кең де түрлі себептердің салдарынан 
жаңғыруларға тап болса, бұл жерлердегі ұлттық саяси-идеологиялық 
жүйелерде белгілі бір айырмашылықтар болды. Тарихи даму заңдылықтарының 
шарттарына сай осынау геосаяси кеңістіктің Батыс және Шығыс қанаттары 
қалыптасты. Түркі әлемінің геосаяси қанаты Шығыс бөлігі Моңғолиядан 
бастап Каспийге дейін, яғни Орталық Азия деп аталып жүрген Түркістанды 
құрайды. Ал Батыс геосаяси қанаты болса, Каспий теңізінен Балқанға дейінгі 
аралықты алып жатыр. Бүгінде осынау екі қанатта да Түркі Мемлекеттерінің 
Одағын құруға деген ықыластар күшті. Дегенмен де, осы бағыттардағы 
жекелеген батылсыздықты, яғни өзге ықпалдастық үрдістеріне қосылуға деген 
ықыластардың бар екенін жоққа шығаруға болмайды. Осыдан барып түркі әлемін 
біріктіру жолындағы интеграциялық жобалар мен бірлескен шараларда, әсіресе 


236


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет