81
Әлемдік мәдениетті дамыту тарихындағы түркілер
Түркілердің
Рухани мәдениетінің
ішкі мазмұны, олардың адамгершілік
пен руханият, қоғамдық және отбасылық құрылым, дәстүрге
адалдық пен
құндылықтарға беріктік секілді қасиетті ұғымдардан құралады. Түркілердің
моральдық кодексі – бұл жазылмаған, бірақ одан еш уақытта аттап өтуге
болмайтын, барлығы да қатаң түрде орындалатын ережелер жиынтығы.
Отбасында, қоғамда немесе мемлекетте болсын әрбір адам, өз мәртебесіне орай
белгілі бір деңгейдегі жауапкершілігін ұмытпауы, ол өзін қоғамнан ажырамас,
одан бөлінбес бөлшегі ретінде сезінуі тиіс. Бұл оның адалдығы мен өзіндік
танымының көрсеткіші саналады, өз кезегінде аталған осы қасиеттер түркі
мәдениетінің маңызды көрсеткіші болып табылады.
Түркілердің
Көркемдік мәдениеті –
көне заманнан бері
әлемдік
мәдениеттің алып бірлігімен біте қайнасып кеткен ең озық салалардың бірі.
Адамзат өркениетінің құрдасы саналатын Пазырық
қорғанынан бастап Тәж-
Махалға, Тебриздің миниатюрлық мектебі, түркілердің ең алғашқы жазба
ескерткіштерінен, бүгінгі Шыңғыс Айтматовқа дейінгі аралықтар... түркілердің
көркемдік мәдениетінің тәрбиеленушілері – бұлар, адам санасының көкжиегін
үнемі дамытып келе жатқан эстетикалық қайнар көздер. Түп-тамыры ежелгі
түркі тілінен таралған бүгінгі түркінің ұлттық әдеби тілдерінің әрқайсысы
ақындық өнердің ең жоғарғы деңгейіне дейін көтерілді. Сондай-ақ, әлемдік
мәдениеттің шынайы жауһарлары да осы аталған тілдерде дүниеге келіп,
жазылды.Түркілік классикалық көркем мәдениет түркі өркениетінің әсемдік
негізін қалыптастырды және осының негіздерінде жаңа уақыттарға сәйкес,
түрлене түсу мүмкіндіктеріне де ие болды.
Түркілік
Гуманитарлық мәдениет
ғылыми-интеллектуалдық тәжірибелер
жасау тұрғысынан келгенде,
оның жинақтары мен мұралары, сөз жоқ, үлкен
маңызға ие. Білге – ол өте білімді, даналықтың ең биік шыңына дейін көтерілген,
өмірлік тәжірибесі өте бай, нағыз данагөй де ғалым адам болған. Білгенің ой-
өрісі – бұл дегеніміз, дарындылықтың барлық өлшемін қамтамасыз ете алатын
қоғамның рационалды негізі, ойлаудың үлгісі. Білгенің гуманитарлық міндеті,
іздейтін, онысын табатын және біліктілігін адамдар мен қоғам арасындағы
қарым-қатынастарды дұрыстауға қолданылатын, әрекет құралдарының дұрыс
үлгісі ретінде таңдалынып, оларды өмірлік тәжірибеде тиімді пайдалану болып
саналады. Сондықтан да түркі қоғамы Білгеге, оның білімі мен даналығына
шүбәсіз сенген. Ал, мұндай үрдіс қоғамды кездейсоқ қадамдарға барудан,
«әдептен аттатын» қажетсіз әрекеттерден сақтандырып,
пайдалы нұсқаларды
іздеуге бағыттайды, осындай келелі істерге қарай жұмылдырады.
Түркілердің
экологиялық мәдениеті
қоршаған ортаға ешқандай да зиян
келтірместен адамдардың «табиғаттағы үйлерінде» өмір сүруі формуласын
бекіте түседі. Түркілер ықылым заманнан-ақ өркениет пен табиғаттың өз
ара үйлесімділігіне
артықшылықпен қарап, оның тазалығын қаз-қалпында
сақтауды өздерінің қасиетті борышы санады. Түркілер ХVІІІ-ХІХ ғасырларда