Миокард инфаркті - тәж артериясы миокардтың оттегіге мұқтаждығын қамтамасыз ете алмауынан дамитын миокардтың ишемиялық некрозы.
Этиологиясы Миокард инфарктісінің негізгі себебі – тәж артерияларының стеноздаушы артеросклерозы.
Миокард инфаркті дамуының тікелей себептері:
1) тромбоздың салдарынан тәж артериясының окклюзиясы;
2) артеросклероз түймедағының арасында қан құйылып ісінуінен тәж артериясының бітелуі;
3) критикалық стеноз нәтижесінде тәж артериясының түйілуі;
4) тәж артериясының критикалық стенозы кезінде миокардтың оттегіге сұранысының күрт артуы (мәселен ауыр дене қызметінен симпатоадренал жүйесі белсенділігінің аса жоғарылауынан).
Аталған тікелей себептермен бірге миокард инфарктісінің дамуында келесі бейімдеуші факторлардың маңызы зор: тәж артерияларының тармақаралық коллатеральдік байланыстарының жеткіліксіздігі, қанның тромбтар түзу қасиетінің артуы, микроциркуляциялық бұзылыстар.
7. Патогенезі. МИ – белгілі бір аймаққа қан келуінің толық
тоқтауынан дамиды. Зақымдалған ошақтың 3 зонасы ажыратылады:
--Ортасында – некроз ошағында
миомаляция,
асептикалық қабыну процесі жүреді;
--Одан кейін – зақымдану зонасы;
--Сыртында – ишемиялық зона.
Соңғы 2 зонада шала тірі қалған
кардиомиоциттер болады, олар бұзылысқа
ұшырап, ырғақ бұзылыстарын туындатады.
Жіктемесі
МИ қазіргі заманға жіктелуі бөлінуі былай қарастырылады: - Жүрек бұлшықетінің тереңділігімен ауқымдылығына байланысты зақымдалуы;
- Ауру ағымының сипатына байланысты;
- МИ орналасуына байланысты;
- Ауру сатысына байланысты;
- МИ асқынуына байланысты.
Жүрек бұлшықетінің тереңділігімен ауқымдылығына байланысты зақымдалуы бойынша: МИ трансмуральды жəне трансмуральды емес деп 2-ге бөледі.
1. Трансмуральды МИ (Q тісшелі миокард инфаркті) некрозды ошақ жүрек бұлшықетінің субэндокардиальды субэпикардиалды миокард қабатының барлық жағынан зақымдалуы немесе кейбір үлкен бөліктерінің ЭКГ бетінде электрокардиологиялық əкетулерде патологиялық Q тісшесі не QS комплексінің пайда болуы. Осыдан МИ трансмуральды синонимі – «Q тісшелі инфаркт миокарды» шығады. Осы əдетте, мұндай зақымданулар жүрек бұлшықетінің көлемді жəне некроз ошақтарының 2 немесе оданда көп сол қарыншалық сегменттеріне таралуы (МИ ірі ошақты).