Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет64/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

ІІ ТАРАУ
Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет
тоғысындағы 
жаһандану үдерістерінің қажетті актісі
ретінде Ұлы 
Жібек жолы идеясы қазіргі заманғы көлік технологиясы базасында қайта 
жаңғырудың жаңа мүмкіндіктеріне ие бола бастады: Ұлы Жібек жолының қайта 
қалпына келтірілген нұсқасы ретіндегі «Жаңа Жібек жолы» қазіргі уақытта
TRASEKA (Еуропа – Кавказ – Азия Көлік дәлізі) жобасы аясында жүзеге 
асырылып жатыр. Ұлы Жібек жолының Әзербайжан географиясындағы тарихи 
және қазіргі заманғы маңызы ескеріле отырып, біздің елімізде TRASEKA-ның 
Бағдарламалық Хатшылығын орналастыру жөнінде шешім қабылданды.
TRASEKA-ның Әзербайжан бойынша Үкіметаралық Комиссиясының ұлттық 
хатшысы Акиф Мұстафаевтың баяндамасында, 1993 жылы Брюссельде өткен 
Халықаралық конференцияда Еуропалық комиссия тәуелсіздікке қол жеткізген 
посткеңестік елдерге саяси және экономикалық көмектер көрсету мақсатында 
Қара теңіз, Кавказ және Орталық Азия аумақтарының көлік тасымалы жүйесін 
одан әрі дамыта түсу үшін мемлекетаралық бағдарлама ретінде TRASEKA 
жобасын бекітті, деп айтылады. Әзербайжан, Грузия, Қазақстан, Өзбекстан, 
Тәжікстан, Қырғызстан, Армения және Түрікменстан республикалары аталған 
бағдарламаның алғашқы қатысушылары болды. Ал осыдан сәл кейінгі жылдары 
бұл бағдарламаға Украина, Молдова, Болгария, Румыния және Түркия да 
қосылды.
Еуропалық Комиссияның техникалық қолдауымен жүзеге асырылған 
бағдарлама көптеген қатысушы елдерде көпатқарымды тиімді халықаралық 
көлік тасымалы жүйелерінің құрылуына және аймақтарға инвестиция тартуға 
себеп болды (66, 26 бет). Аталған жобаның жүзеге асырылуын ұйымдастыруды 
2009 жылдан бастап қатысушы елдер толықтай өздері жүзеге асырып келеді. 
1998 жылдың қыркүйегінде Әзербайжан Республикасының Президенті, 
жалпыұлттық көшбасшы Гейдар Әлиевтің бастамасымен және Бакудегі 
Еуроодақтың қолдауымен «TRASEKA – Жібек жолын тарихи қалпына келтіру» 
атты Халықаралық Конференция болып өтті. Конференция жұмысына 12 
мемлекеттің басшысы, 32 елдің делегациясы, Еуроодақ Комиссиясының және 
13 халықаралық ұйымның өкілетті өкілдері қатысты. Әзербайжан, Болгария, 
Грузия, Армения, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Румыния, 
Тәжікстан, Түркия және Украинаның мемлекет және үкімет басшыларының 
Еуропа – Кавказ – Азия көлік тасымалы дәлізін дамыту мақсатындағы 
«Халықаралық көлік тасымалы жөніндегі негізгі көптарапты келісім» құжатына 
қол қоюлары Конференцияның басты нәтижесі болып табылды. Бүгінгі күнге 
дейін Еуразияны жалғайтын халықаралық көлік тасымалы жобасының басым 
бөлігінің жұмысы аяқталды, мемлекетішілік және халықаралық жолдар да 
жүргізілді, алдағы атқарылар жұмыстардың көлемі де белгіленді.
Әзербайжан Республикасының Президенті Илхам Әлиев TRASEKA 
Үкіметаралық Комиссиясының 4-ші Жылдық конференциясына қатысушыларға 
арнап: «Әзербайжан Республикасы өзінің тәуелсіздік алған алғашқы жылдарынан 


113
Жібек жолының мәдениеті, оны сақтаушылар - түркілер
бастап-ақ, халықаралық экономикалық байланыстарды одан әрі жақсарта түсу 
мақсатында, коммуникациялық дәліздер құруды басымдыққа ие мәселе ретінде 
белгіледі. Осы тұрғыдан қарағанда, Еуразиялық Одақтың қолдауымен жүзеге 
асырылып жатқан TRASEKA бағдарламасының маңызы өте зор. Ұлы Жібек 
жолының тарихи дәстүрін қайта қалпына келтіруге бағытталған бұл бағдарлама, 
қатысушы елдердің барлығының да экономикалық дамуына қызмет көрсетіп, 
олардың аймақтық және аймақаралық тығыз ықпалдасуларын қамтамасыз 
етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет