Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет63/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   169
ІІ ТАРАУ
Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет
енгізу арқылы Ұлы Жібек жолы бойына әкімшілік әділдікті енгізді және оны 
сақтай алды (208, 201-203; 281, 116-117 беттер). Бұл кейбір жағдайда қазіргі 
заманғы Дүниежүзілік Сауда Ұйымының халықаралық сауда құқығы және 
оның міндеттері жөніндегі қызметтің алыста қалған өте қарапайым үлгісін көз 
алдыңызға елестетеді. Мұнда тіпті, «адам құқығын қорғау» жөніндегі түсінік 
те төбе көрсетеді. Соның нәтижесінде кез келген шет елдің азаматтары өз 
отанынан тыс жерлерге еркін қатынап, бөтен мемлекеттің аумақтарында сауда-
саттықпен айналысуларына мүмкіндіктер берілгені соның айғағы болса керек. 
Әйткенімен де, мұндай өкілеттілік дипломаттар мен саяхатшыларға басымырақ 
берілген. Сондықтан да Марко Поло (1254-1324ж.ж.) секілді және бұдан да өзге 
саяхатшылар Азия елдерін аралап, олардың өмір сүру салты және мәдениетімен 
танысуларына, бұл елдердің басқа халықтарға деген көзқарасы мен қатынасы 
туралы ақпараттар жинастырып, пікір қалыптастыруларына жағдайлар жасалды.
Азия аумағындағы түркі-моңғол империясының көптеген қалаларын аралап 
шыққан Марко Поло өзі болған жерлердегі дамыған мәдениет пен байлықтың 
жоғары деңгейін көріп қатты таң қалады және бұған тәнті болады (280, 285 
бет). Оның кезінде танымалдыққа жетіп, үлкен табысқа ие болған Шығыстың 
шынайылығы туралы жазылған «Марко Полоның саяхаты» атты кітабы әлі 
күнге дейін құндылығын жоғалтқан жоқ, керісінше бүгінге дейін классикалық 
бестселлер ретінде қымбат дүниеге айналған туынды болып отыр.1453 жылы 
түркілер Константинополь мен Византия империясын басып алғаннан кейін, 
Шығыс пен Батыс арасында саяси және экономикалық қарым-қатынастың жаңа 
дәуірі басталады, бұл үдерістердің барлығының да Шығыстық түркі-исламның 
басымдығымен жүргізіліп отырғандығын да атап өту керек.
Османдар, Сефевидтер және Моғолдар секілді түркінің үш алып империясы 
Ұлы Жібек жолының жаңа дәуірінің қайта жаңғыруын қамтамасыз етті. 
Еуразиядағы түркілер тек қана құрлықтағы емес, сонымен қатар теңіз 
жолындағы (Үнді мұхитынан Жерорта теңізіне дейін) сауда қызмет түрлерін 
бақылауды да өз қолдарында ұстайды (208, 204-222 беттер).
Өз араларындағы қайшылықтарға қарамастан, «геосаяси үштік» 
аталатын Осман, Сефевид және Моғол империялары сол кездегі еуропалық 
империализмнің ХІХ ғасырға дейінгі әлемді орап алуына қарамастан, Ұлы 
Жібек жолын жетілдіруді ұйымдастыру және оған дайындықтар үдерісіне 
негізгі қатысушылар қатарында танылды. Ұлы Жібек жолының XVI-XVIII 
ғасырлары шығыстың қалаларын сауданың жетілдірілген мәдениетіне және 
осының базасындағы мәдени-экономикалық байланыстардың бірегей деңгейіне 
көтерудің классикалық тарту кезеңіне айналды. Ыстамбұл, Тебриз және Дели 
қалалары саудагерлердің әлемнің түкпір-түкпірінен тауар толтырып, керуен 
тартқан астаналары ретінде аттары шықты. Қытай – Орталық Азия – Кавказ 
– Жерорта теңізін біріктірген тарихи бағыт, Әзербайжан арқылы өте отырып, 
біздің осындағы Тебриз, Ардебиль, Баку, Гәнжі және Шеки секілді туған 


111
Жібек жолының мәдениеті, оны сақтаушылар - түркілер
қалаларымыздың тез арада гүлденіп, дамуына ықпал етті; олар өсті, шығыс 
сәулетінің тасқа түсірілген классикалық шеберлігімен байыды, халықаралық 
сауда қалаларына тән сапаларға ие болды. (сөз реті келіп тұрғанда айта кетерлік 
жайт, біз пайдаланатын «қытай ыдыс-аяғы» сөзі «Қытайдан жеткізіліген ыдыс-
аяқтар» деген түсінік береді). Шығыс пен Батыс арасында қарым-қатынас 
орнатқан Ұлы Жібек жолы жетістіктің жоғары деңгейіне алып шығатын және 
осыдан тиімділікті ажыратып алуға ықпал ететін тәжірибелер алмасудың мол 
мүмкіндігін ашты.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі еуропалық империализм 
трансқұрлықтық көлік жүйесі ретіндегі Ұлы Жібек жолын қиратып, оның 
орнына тек өздерінің ғана мүдделерін көздейтін жаңа халықаралық желіні 
қалыптастырады. Осы уақыттардан бастап Батыс құрлықтың келесі бағытындағы 
Шығысқа «отарланушы аумақ» ретіндегі пиғылмен қарап, ондағы байлықты 
тасымалдауға көшті. Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстың арасындағы 
«метрополия – периферия» аталатын әлемдік сауда режимінен туындаған 
сауда тепе-теңдігінің өрескел бұзылуы ахуалды драмалық шиеленісушілікке 
дейін алып келді. ХХ ғасырдың ортасына таман халықаралық сауда құқығы 
нормативтері аясында жүзеге асырылған халықаралық сауда қатынастарын 
жетілдіру шарасы сауда қызметі түрлерін жүйелендірді. Кеңес Одағы күй- 
регеннен кейін Еуразиядағы тәуелсіз түркі мемлекеттерінің құрылуы әлемдік 
сауданың кең жиынтығын құрайтын Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту идея- 
сын қайтадан көтере бастады. Шындығында да, мыңжылдықтардың 
өркениеттерін бойына жинақтап сіңірген Ұлы Жібек жолы адамзаттың өркен 
жайып, дамуына зор үлесін қосты. Бұл жол тек тауарлар алмасуын ғана 
қамтамасыз етумен шектеліп қалған жоқ, инновацияларды, технологияларды, 
діндегі жетістіктерді, ғылым мен білімді де таратты. 
Ұлы Жібек жолы әлемдегі ең ұзаққа созылған трансөркениетті сауда 
желісі ретінде тек қана Шығыс пен Батыс бағыты арасындағы ғана емес, 
кері бағыттағы сауда істерін де жүзеге асыра алды. Сонымен қатар Шығыс 
қоғамына Батыстың көптеген жаңа дәстүрлерін де алып келді: «Орнаған 
мықты мәдениетаралық қарым-қатынастардан парсы, қытай, соғды және түркі 
мәдениеттерінің синкретизмі көрініс беріп, олардың бойынан табылатын бірегей 
өнер туындылары өмірге келді» (169, 148 бет). Жалпы, Ұлы Жібек жолы қазіргі 
уақытқа дейін әлем халықтары мен мемлекеттерінің экономикалық және мәдени 
ықпалдастықтарын жүзеге асырды. Сондай-ақ, олардың өз араларындағы 
қарым-қатынас түрлерінің бай тәжірибелеріне сүйене отырып, оның бүгінгі 
таңдағы жаһандану қозғалысына қатысатындығын дәлелдейтін мәдени-тарихи 
үдерістерді де басынан өткерді.
Ұлы Жібек жолы өзінің ішкі болмыстары мен өзіндік құрылымдық 
сипаттары кешендеріне сәйкес, Шығыс пен Батысты және Батыс пен Шығысты 
өте жақын етіп таныстырды. Сондықтан да ІІ және ІІІ мыңжылдықтар 


112


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет