Жайырбекқызы а кд-21 студенті


Перевод:Проводить; запретить; принять; освободить; установить; Сөйлем



бет2/3
Дата05.07.2022
өлшемі17,4 Kb.
#37503
түріСабақ
1   2   3
Перевод:Проводить; запретить; принять; освободить; установить;
Сөйлем:№2 жатақханаға жөндеу жұмыстары жүргізілетін болсын.Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерге зиян келтіруге тыйым салынсын.Жауынгерлерден ант қабылдансын.Студенттер сабақтан үш күнге босатылсын.Сенбілік күні нақты белгіленсін.
жүктелсін; тағайындалсын; ауыстырылсын; бекітілсін; орындалсын.
Сөйлем:Студенттерге еріктілер жұмысын атқару өз еріктерімен орындау жүктелсін.Жиналыс уақыты ауыстырылсын. Аяжан Асхатқызы староста болып бекітілсін.Үй тапсырмасы толық орындалсын
Перевод:возложить; назначить; заменить; утвердить; исполнить.

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар қандай мәселелерді шешуге бағытталады?
Бұйрық — қандай да бір міндеттерді (өндірістік немесе жеке құрам бойынша) шешу үшін мекеме басшысы шығаратын өкімдік кұжаттардың бірі.
Кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру, жоспарлау, өнімді өткізу сияқты өндірістік мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар негізгі қызмет бойынша бұйрық деп аталады. Ал азаматтарды жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, басқа жұмысқа ауыстыру т.б. сияқты мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар жеке құрам бойынша бұйрық деп аталады. Барлық бұйрықтарда, ең алдымен, мекеменің атауы, күні, айы, жылы және бұйрық нөмірі көрсетілуі тиіс. Сосын "БҰЙРЫҚ" деген сөз және не туралы бұйрық екені жазылады.
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар жеке құрам бойынша бұйрықтардан бөлек нөмірленіп, жеке жүргізіледі.
Негізгі қызмет бойынша бұйрық мәтіні екі бөліктен түрады. Бірінші констатациялық бөлікте бұйрық беруге негіз болған дерек көрсетіледі. Ол мемлекеттік органдардың (үкімет, салық инспекциясы т.б.) нормативті құжаттары, директорлар кеңесінің, акционерлердің жалпы жиналысының шешімдері немесе өндірістік қажеттілік болуы мүмкін. Негізгі қызмет жөніндегі бұйрық негізі, әдетте, " ... байланысты ", " ... жүзеге асыруда", " ... жақсарту мақсатында ", " ... орындау мақсатында ", " ... жетілдіру мақсатында ", "... үшін ", "... сәйкес" деген сияқты тұжырымдаулармен басталады. Егер берілетін бұйрық түсіндіруді қажет етпейтін болса, констатациялық бөлік жазылмайды. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтың екінші бөлігі өкімдік бөлік деп аталады. Ол " БҰЙЫРАМЫН " деген сөзден басталады."БҰЙЫРАМЫН" деген сөз бас әріптермен жазылады. Бұйрықтың өкімдік бөлігінде кімге не тапсырылатыны, оның орындалу мерзімі көрсетіледі. Егер тапсырмалар бірнешеу болса, әр тармақ (пункт) азат жолдан басталады. Соңғы тармақта бұйрықтың орындалуын қадағалайтын жауапты адам көрсетіледі. Барлық бұйрықтардың мәтінінде етістік бұйрық райдың үшінші жағында жазылады.
Мысалы: жүргізілетін болсын, тыйым салынсын, қабылдансын, жүктелсін, босатылсын, белгіленсін, тағайындалсын, ауыстырылсын және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет