Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


V II тарау. Х І Х -Х Х ғасырдағы философия



Pdf көрінісі
бет187/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   305
216
V II тарау. Х І Х -Х Х ғасырдағы философия
тәжірибе арқылы тексеруге болмайды, себебі олар объекгивтік нақтылық туралы 
білім емсс. Бірақ олар формалды логика заңдылықтарына сүйенген логикалық тір- 
кесі болғандықтан, олардың заидылықтары, ережелері ақиқат та, жалған да емес. 
Сондықтан да олар конвенсионалистік (келісімділік) сипатта болады. Мысалы, 
«2x2 = 4» деген сөйлем тавтологиялық сөйлемде «4 = 4» дегенге саяды. Бұл тектес 
сөйлемдер ғылыми теорияның бейне бір логикалық қаңқасы ретінде қызмет етеді.
Эмпирикалық сөйлемдер деп тәжірибе арқылы всрификциялауға (тексеруге) 
болатын, сезім арқылы қабылданған деректерді айтамыз. Эмпирикалық сөйлем- 
дердің бәрі бірдей ақиқат бола бермейді, ақиқатқа тек «хаттамалық (протоколдық) 
сөйлемдер» ғана жатады. «Хаттамалық сөйлемдер» - гылымдардың эксперимент 
жүріп жатқан кезінде нақты болған жағдайларды айқындап жазып қоюы. Бұл сөй- 
лемдерде, неопозитивистердің ойынша, болған оқиға сол қалпында, өзгеріссіз, 
түсініктемесіз, экспериментшінің субъективтілік пікірінсіз, объективті тұрғыда 
берілген, сондықтан тек солар ғана ақиқат. Ғылыми эксперименттердің, экспери- 
ментшінің түсініктемесінсіз алынған деректер негізінде жасалған қорытындылар, 
тұжырымдар, теориялардың заңдылықтарсыз болмайтыны белгілі. Ал бұл аталған 
сөйлемдерге «верификациялау» қағидасын қолдану дегеніміз - осы теориялар, 
заңдылықтар негізінде өмір сүретін барлық денелерді тексеру. Ғылыми заңды- 
лықтар біртектес бір топ денелерге тэн құбылыс болғандықтан, ал эксперимент 
топқа емес, жеке денелерге ғана қойылатындықтан, верификация қағидасы шексіз 
процеске айналады.
Бұл қайшылықтан қүтылу үшін неопозитивистер гылыми заңдылықтарды ғы- 
лыми тілден алып тастау керек (Витгенштейн) немесе олар таным үшін ешқандай да 
маңызы жоқ формальды ереже болып қалуы керек (Шлик) деген корытындыга келді. 
Кейінірек келе, Поппер верификациялау қағидасының орнына фальсификациялау 
(жоққа шығару) қағидасын ұсынды. Бұл қағиданың негізі етіп белгілі бір жағдайда 
теориялар, заңдылықтар, тұжырымдар ақиқат болмауы ықтимал деген ойлау мүм- 
кіндігі алынған. Бұл жерде тағы да қайшылыққа тап боламыз. Әңгіме мынада, егер 
гылыми теориялар, заңдылықтар ақиқат болмаса, фальсификациялау қағидасын 
қолдануға болады, ал егер олар ақиқат болса ше?
Верификациялау жэне фальсификациялау қағидаларының осындай кемшілік- 
терін байқап, Карнап ғылыми сөйлемдердің бэрін емес, тек белгілі бір бөліктерін 
тексеру керектігі туралы идея ұсынды. Басқаша айтқанда, ғылыми деректерді то- 
лық тексермей-ақ, оның дұрыс немесе теріс екендігін анықтау. Сөйтіп, аталған 
қағидалар орнына ғылыми сөздердің ақиқаттығын тексеретін жаңа қағида - коге- 
ренттілік принципі (байланыстылық) ұсынылды. Бұл принцип бойынша барлық 
денелер мен құбылыстар бір-бірімен тығыз байланыста болады, сондықтан эм- 
пирикалық сөйлемдердің ақиқатгыгы, олардың теориялар жүйесіне енген басқа 
сөйлемдермен қарама-қайшы келмей, қаншама үйлесімді болғанына байланысты.
Сайып келгенде, барлық позитивистік бағытгағы ілімдерге тэн ортақ тұ- 
жырым: барлық мэнділіктің түпнегізін танып-білуге, жалпы табиғатқа тән құ- 
былыстарды түсіндіруге, ақиқатты білуге ұмтылған метафизика (бұрынғы фи­
лософия) шын мәнінде өзі қойған мэселелердің біреуін де дұрыс, түбегейлі 
шеше алмайды, сондықтан ол өз орнын ғылыми тілді жан-жақты зерттеумен 
айналысатын басқа философияға (позитивизмге) беруі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет