Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет188/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   305
Еуропа философиясы
217
XIX ғасырдың үшінші ширегінде пайда болған «өмір философиясының» 
(Ф. Ницше, В. Дильтей, А. Бергсон) ықпалымен 20-жылдары 
М. Шелер 
(1874- 
1928 ж.) мен 
О. Шпенглердің 
(1880-1936 ж.) негізгі еңбектері - «Себептілік жо- 
не тағдыр», «Еуропаның құлдырауы») жэне басқалардың ілімдерінің арқасында 
қазіргі 
иррационалдьщ
(ақыл жетпейтін) философиялық агым пайда болды. 
Иррационалистердің пікірінше, материя сияқты «қатты денелерге» жэне дерексіз 
ұгымдарға сүйенген рационалды (ақыл-ой) таным өзгермелі, нақты, тұрақсыз же- 
ке «өмірді» түсіндіре алмайды. Ақыл-ой «өмірді» жансыздандырады, себебі оны 
бөлшектеп, оның үздіксіз қозғалысын тоқтатады. Ал шын «өмірді» танып-білу- 
дің бірден-бір қайнар көзі - инстинкт, интуиция, сезім. Таным субъектісіне адам 
жаратпаған, одан тыс көптеген заттар әлемі қарсы түрады. Олардың әрқайсы- 
сы өздеріне тэн заңдылықтарға ие, ал бұл заңдылықтар олардың өмір сүру жэне 
бейнелеу сияқты эмпирикалық заңдылыктарынан жоғары түрады. Осы түрғыдан 
алғанда, философия - ауқымы жағынан кең мэнділікті ғана қарастыратын, өте 
жоғары сатыда түратын ғылым (М. Шелер).
Қоғамдық процестердің дамуы иррационалдьщ «өмір екпіні», «опат болуды 
күту», т.с.с. күштермен бағытталады. Мысалы, Батыс мәдениеті өркениеттің (ци­
вилизация) белгілі бір сатысында өзінің жойылуына (опат болуына) аяқ басты 
(О. Шпенглер). Бұл қозғалыс тыныштықсыз, зорлықпен, тасқын сияқты қатты ек- 
пінмен, өзінің соңғы сөресіне ойланбастан, мүмкін, ойлануға қорқып жякыштяп 
келеді (Ницше).
Иррационализмнің кейбір идеяларын одан эрі қарай жалғастырған XX ғасыр- 
дың 20-жылдары қалыптасқан 
экзистенциализм
болды. Негізгі өкілдері: 
С. Кьер­
кегор 
(1813-1855 ж.), 
М. Хайдеггер 
(1889-1976 ж.), 
К. Ясперс 
(1883-1969 ж.), 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет