Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 3 4 V II тарау. Х І Х -Х Х ғасырдағы философия



Pdf көрінісі
бет205/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

2 3 4
V II тарау. Х І Х -Х Х ғасырдағы философия
Дзэн жэне буддизм екеуі бір-бірімен қарым-қатынаста. Бірінші, дзэн діндер 
философиясының рухы болып табылады. Екінші, буддизм - дзэннің бір көрінісі, 
Дзэнде барлық рухтың негізі жатыр. Яғни буддизмнің бір өрнегі болып табылады. 
Будданың барлық айтқан сөздері абстракция болып табылады. Дзэн нақты болу 
керек. Нақты болу үшін не істейміз? Ол үшін буддизмнің рухы, метафизикалық 
жоғарылықтан өмірдің практикалық негізіне жеткізуіміз керек. Дзэн қандай да 
бір болмасын догматикадан, стереотиптен алые. Дзэн - барлық философияның 
кристаллизациясы.
Бейболмыс бостықпсн (пустота) тығыз байланысты. Бірақ екеуі бір-бірімен 
тепе-тең емес. Басы, аяғы бостықта, ал ортасында «бейболмыс пен бостық» тең 
келеді. Бейболмыс дегеніміз - формасы мен түрі жоқ бірдеңе. Бірақ форма мен 
түрлерді қабылдауға дайын тұрады. Содан барып буддизмдегі категориялар -
«сэуленің бейболмысына сену» деген идеясы шығады. Судзуки адам туралы төрт 
түрлі пікір айтқан:
Біріншісі, тұлға дегеніміз - рухани спиральдың шеңбері.
Екіншісі, тұлға - «жеке адам» жэне «Мен» - бұлар тепе-тең терминдер емес.
Үшінші, шығармашылық (творчество) - бұл өзін өзі бастау кезіндегі жеке 
қасиеті.
Төртінші, индивидуализация - бір адамнан екінші адамның айырмашылығы.
Дзэннің негізгі идеясы сыртқы процестер мен контактісіне кірумен байланыс­
ты, яғни тікелей түрде іске асыруы тиіс. Дзэн өзінің рухани күйін будцизмнен бөл- 
мейді, бірақ ол барлық діндер мен философияның рухы болып табылады. Дзэнді 
аяғына дейін танып-білсең, онда табиғаттағы абсолютті үйлесімділікті тани түсе- 
сің. Дзэн бувдизмнің мэні - өмірге жаңа көзқараспен қарауға үйретеді. Мейстер 
Энхарт бір күні бір кедейді кездестіріп: «Қайырлы таң», - деп айтқан болатын. Ке- 
дей: «Қандай таң қайырлы емес?» - деп жауап берді. Бұл кедейге әрбір таң қайы- 
рымды, эрбір күн қайырымды, бір-бірімізбен көріспесек те, «таң қайырымды», 
«күн қайырымды», «кеш қайырымды» - өмір өзінің жалғасын көре береді. Қазіргі 
танда адамдар осындай бағыт түрін ұмытқан сияқты. Олар қайырымдылық пен 
зұлымдық деген мәселеге көңіл аударғысы да келмейді. Дзэнде «қайырымды- 
лық» мораль ұғымымен байланысты емес. Мұнда этикалық элемент жоқ. Бұл жай 
ғана «қайырымдылық», басқа ештеңе де емес. Құдай әлемді жаратқанда былай 
деді: «Бұл - жақсы». Мұндай «жақсы» ешқандай да мораль ұғымымсн байланыс­
ты емес. Сондықтан дзэн ілімін қолдаушылар: «Әрбір күн қайырымды», - дейді. 
Мүнда ешқандай моральдық құндылық жоқ. Судзуки «шындық» дегеніміздің өзі 
не деген проблемамен келіп тоқайласады. Ол өзінен өзі шешіледі дейді. Басқа 
сөзбен айтсақ, ең алғашқы бастамаға оралсақ, онда субъекті мен объектіде бөліну 
жоқ, әлем әлі жаратылмаған кезде реалды тәжірибе түрінде болғанда қойылған 
сұраққа жауап береді.
Жоғарыда айтқандай, Шьпысты түсінуіміз үшін мистицизмді білуіміз керек. 
Яғни дзэнді білуіміз шарт. Осы мистицизмнің де түрлері эр қилы болып келеді: ра- 
ционалды, иррационалды, тыс жэне оккультгық, ақылды жэне фантасгикалық. Шы- 
ғысқа тыныпггық, бірқалыптылық тән, ол әрқашан мәңгілікпен келіп тіресе береді.
Шығыстың жаңа методологиясы толығымен дерлік батыстық ойлауға қарама- 
қайшы. Батыс адамдары үшін зат не өмір сүреді, не өмір сүрмейді. Олардың ай-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет