Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


332 Ф илософии тарихы



Pdf көрінісі
бет301/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

331


332
Ф илософии тарихы
Осы тұрғыдан алғанда, қазақ философиясы тарихын жаңа методология тургы- 
сынан зерттеу қажеттілігі туындап отыр. Бірінші жэне басты мэселе — философия- 
лық тақырып ретінде қандай ауызша жэне жазбаша әдебиеттердің, құжаттардың 
негіз боларын жан-жақты зерделеп алу. Осымен коса вербальдық жэне вербальдық 
емес ескерткіштерді философия тарихын зерттеуде қалай қолдануды анықтама- 
йынша, бул процесс күрделенуі мүмкін. Сциантизм. логоцентризм тар шеңберлі 
вербальдау қазақ рухани өмірін танып-білуде қазіргі ғылымның өткен кезі деп 
қарастырылғаны жөн шығар.
Шығыс және Батыс философияларын тікелей әрбір заман бойынша салысты- 
ру методологиялық қателік, ал қазақ философиясы тарихы жағдайында мүлде дұ- 
рыс емес нэтижеге жетелеуі айдан анық. Отандық философия мәдениет аясында 
өмір сүріп, ауыр да күрделі конструкциялардан алшақтап, ізгілік, моральдық, 
антропологиялық және тарихи мәселелерге ден қойды. Осыларды қазақ филосо- 
фиясының жетістіктері ретінде қарастырып, оның дамуындағы рөлін ашып кор­
сету қазіргі кездегі басты міндет болары хақ.
Осы тұрғыдан алғанда, туғанына 500 жыл толып отырған ұлы бабамыз - ой- 
шыл, тарихшы, мемлекет қайраткері Мухаммед Хайдар Дулати шығармашылы- 
ғындағы тарихи-философиялық ойларды қарастыру үлкен мэселе. XVI ғасыр- 
дың ұлы ескерткіші болған, орталық Азия тарихына арналған Мухаммед Хайдар 
Дулатидің «Тарих-и Рашиди» шығармасы ғылыми ортада кеңінен танымал болып 
отыр. Бұл шығарманың маңыздылығы соншалықты, біз мұнда Қазақстан, Өзбек- 
стан, Қырғызстан, олардың тарихы, аумағы туралы тың мәліметтерді кездесті- 
реміз. Бұл дерек-мәліметтерді зерттеу, зерделеу - ізденушілердің үлкен парызы. 
Қазақ хылқының рухани мұралары ішіндегі ең құнды шығармалардың бірі деп 
осы улы бабамыз Мухаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» шығармасын 
атауға болады. М.Х. Дулати шығармасында адамгершілік, адам құндылықтары, 
әлем, дүние, өз замандастары туралы үлкен философиялық толғаныстар, 
пайымдаулар бар. Әсіресе М.Х. Дулатидың әдемі эдеби тілі, кітаптың мазмұ- 
ны, ондағы тарихи-әдеби құндылықтар, тарихи бүкпесіз дәлелдер автордың өз 
шығармасына деген үлкен жауапкершілігін, білімдарлығын, ұлылығын айқын 
көрсетеді. Қазақ ғалымдары М.Х. Дулатидың бул мұрасын танып-білу, біздің 
үлкен тарихымыз бен мәдениетіміз, әдебиетіміз, сондай-ақ тарих философия- 
сын түсіну үшін маңызды ғылыми дүниелердің бірі болмақ. Біз бұл оқулықта 
М.Х. Дулати, оның тарихи дүниетанымы мен философиялық көзқарастары жө- 
нінде толық мэлеметтерді кейінгі зерттеулерге қалдыруды жөн көрдік. Себебі 
М.Х. Дулати мұрасы арнайы зерттеулерді қажет етеді. «Тарих-и Рашиди» тек 
тарихи ескерткіш емес, сонымен қатар үлкен эдеби ескерткіштердің қатарына 
жатады. Сондықтан да бул туралы біздер үлкен жауапкершілікпен зерттеп, зер- 
делеуіміз қажет. Шығармадан М.Х. Дулатидың өз заманын, ондағы тарихи 
оқиғаларды нэзік сезінген, дұрыс түсіне білген ұлы ойшыл, қайраткер тұлғаны 
көреміз. Әсіресе оның қазақ тарихы үшін белгісіз болып келген көп мэліметтер- 
ді өз шығармасында келтіруі біздер үшін, тарихшылар үшін үлкен маңызға ие. 
М.Х. Дулати дүниетанымы, философиялық ойшылдығы, тарихты терең түсінуі 
оның үлкен қайраткерлігін, терең білімділігін, ойшылдығын көрсетеді. Соны­
мен қатар М.Х. Дулати мұрасының қазақ рухани мэдениеті мен тарихи фило-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет