Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 2 8 Л V III тарау. К^зак, философиясы



Pdf көрінісі
бет298/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   305
3 2 8
Л
V III тарау. К^зак, философиясы
Қазақстанның қоғамдық ойлар тарихын іргелі зсрттеу, әсіресе кеңестік 
кезеңде, социализм жолында тұрған халықтар арасындағы идеялык, рухани 
байланыстың қалыптасуы мен дамуы көзқарасы бойынша өте маңызды болып са- 
налды. Философтар кеңестік дәуірдегі халықтардың рухани тарихындағы ұлттық 
жэне қоғамдық, ерекше жэне жалпыға ортақ, интернационалдық диалектика- 
сын ашып көрсетті. Республикамыздын, философтары Қазақстанның қоғамдық 
жэне философиялық ойлар тарихының мэселелеріне үлкен көңіл аударды 
(К.В. Бейсембиев, О.А. Сегізбаев, М.С. Бурабаев, А.У. Оразбеков жэне т.б.). 
Олардың арқасында оның байлығы мен шынайылығы анықталды, оған әлемдік 
философиялық ойлардың ықпалды эсер ететіндігі көрсетілді эрі игілікті 
әсерлердің нэтижесінде Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев жэне т.б. 
дүниетанымы қалыптасты. Осы ұлттық философия зерттеу саласын тэуелсіздік 
жылдары жаңғыртып, жандандыра түскен философтар қатарын: Ә.Н. Нысанбаев, 
А. Қасабек, Ж.А. Алтаев, Г.Ж. Нұрышсва, Д.С. Раев, С.Е. Нұрмұратов жэне т.б. 
ғалымдар еңбектері құрайды.
Әлемдегі идеологиялық жан-жалдардың ушығуы мен күрделенуіне байла- 
нысты Б. Амантаев, Д. Кішібеков, Ж. Молдабеков жэне т.б. авторлар өздерінің 
еңбектерін арнады. Олар маркстік-лениндік философияның буржуазиялық фило- 
софияға қатынасы бұл жай ғана философия емес, саяси мэселе деп айқын көрсетті. 
Заманауи әлемде күрес барған сайын өткір эрі күрделене бастағандығын, ал 
идеялық күрес тәсілдері қауіпті эрі ауықымды екендігін ескертті.
Сол кездері қазақстандық философтар қазақ ойшылдарының философиялық 
ілімдерін жан-жақты қырынан зерттей бастаған. Бұл қазақ халқының ұлттық өзін- 
өзі тануының дамуында маңызды рөл атқаратын тарихи кезенді терең зерттеуге 
көмектесті.
Қазіргі таңца көріп отырғанымыздай, нақты рухани құрылым Қазақстан 
қоғамының дамуына бағыт-бағдар беріп отырғаны даусыз. Рух ең алғашқы баста- 
ма ретінде пайда болады, өзара байланыс жүйесін жаңа қайталанбас біртутастыққа 
айналдырады. Бірақ бұл жерде қундылықты артық бағалау орын алады. Өркениет 
мэдениетті жүзеге асыру кұралы болудан қалады, ол өз бетінше жеке мүмкіншілікке 
ие болады да, мәдениетті қысып, ығыстырып, күш көрсетіп, құлдырау кезеңінде, 
мэдениеттің күйреуі барысында оның орнына алмасуға келеді, солай ете отырып, 
идеяларды сақтаушьшардың да көзін жояды. Шынайы жағдайлардың қысымына 
қарсы туру үшін идеяны ту етіп ұстаушыларға не жетпеді деген сұрақ туындайды. 
Егер білім болса, онда бұл кедергіні оңай жолдан алып тастауға болады. Егер қарсы 
туру құралы болса, онда бұл жерде екі нұсқа мүмкін болады немесе бұл қуралдар 
шынымен жоқ, онда идея жалған, уақытынан бурын, не болмаса уақытынан кеш 
қалған немесе идеяны ту етіп ұстаушы қажетті құралды жөндеп алуға қабілетті 
емес. Мұндай жағдайда ең алдымен еріктен тыс міндетгелген штамптар мен сте- 
реотиптерге арқа сүйене отырып, өз халқының тарихын адекватты емес тұрғыда 
түсінген жанға мінез жетіспейтіндігі байқалады. Қазақ философиясының рухани 
әлемі отандық жазушылар мен ойшылдардың кездейсоқ ашқан бей-берекетсіздік 
үйлесімділігі емес, керісінше, нақты парадигмалар мен тарихи тұрақты мән- 
мағынасы бар ойлармен нақышталғандығын түсінетін уақыт жетті. Бұл мағыналы 
ойлар әлемді жалпылама түсіну, ондағы адамның орны мен міндеті айналасын-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет