Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет33/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   305
Классикальщ философия
37
мі), екіншісі - өзгермелі бөлік (материя) жэне үшіншісі - сол екеуінің қосынды- 
сынан тұратын бөлік (сезімдік заттар әлемі). Ғарышқа рух беретін - демиург. Ол 
ғарыштың мэңгі бастамасы, себебі жэне жүйеге келтіруші. Әлемдердің пайда бо­
лу себебі - демиургтің жігері. Олай болса, ғарыш - демиург жігерінің материя 
арқылы заттандырылуы жоне сол әлемнің тірі организмдерге айналуы. Ғ арыштың 
тіршілік иелерінікі сияқты ақылы мен жаны бар.
Ғарыштық денелер материядан (от, жер, ауа, су) тұрады. Бұл түпнегіздер әр- 
турлі пішіңці болғандықтан, өзара байланыса келіп, көп түрлі денелер құрайды 
жэне жоғарыда айтқандай, өзіне-өзі тең бөлік (идеялар әлемі) пен өзгермелі бө- 
лікті (материя) қосып, гарыштық рухты дүниеге келтіреді. Ғарыштық рух немесе 
элемдік рух екі түрлі (ішкі жэне сыртқы) қозғалысты тудырады. Сыртқы қозғалыс- 
пен Күн, Ай планеталары қозғалады. Бұл - әлемдік рухтың бірінші қызметі.
Ғарыиітық рухтың екінші қызметі - танып-білу. Ол өзіне-өзі тең бөлігінің бі- 
ріккен бөлігі арқылы заттар әлемін танып-біледі.
Ал адамдардың денесі төрт түпнегіздің қосылуынан жаралгандықтан, өлген- 
нен кейін олар ғарышқа қайтып оралады. Дененің басты міндеті жан орналасатын 
қорған болу ғана, сондықтан ол - жанга тәуелді, оның құлы. Жан тіршіліктің 
(өмірдің) идеясы ретінде мэңгі. Дене өлгеннен кейін ыдырап, ғарышқа кері қайт- 
са, жан аспанға он мың жылдан кейін (әлемдік бір жыл) ғана оралады. Жанның 
өзі эртүрлі болады. Бір түрі философия арқылы тазарып, денесіз өмір сүретін 
жандар болса (бұл жандар қатарынан үш рет философтардың денесіне енуі мүм- 
кін), екіншісі - өз өмірі қиянатсыз, бірақ философтардан бір саты томен өмір сүр- 
ген адамдардың жандарм жэне үшіншісі - күнә жасап өмір сүрген адамдар жаны.
Демируг жаратқан жандар аспанда болған кезінде идеялар элемін көріп
танып-біледі, бірақ жерге түсіп, адамдардың денесіне орналасқанда көрген-білге- 
нінің бэрін ұмытып қалады. Осыдан келіп, Платон таным процесін жанның ұмы- 
тып қалған идеялар әлемін еске түсіруі деп қорытынды жасайды. Материалдық 
денелер идеялардың бейнесі болғандықтан, жан оларды көргенде ұмытып
идеялар элемі туралы білгенін есіне түсіреді. Жанның осы жолмен алған білімі 
нағыз ақиқатқа жатады. Аспан әлемінің гармониясын зерттейтін ғалымдар арқы- 
лы алған білім ақиқатқа жақын, себебі олар идеялар әлемі туралы тікелей білім 
бермесе де, соған жақындатады. Ал сезімдік денелер туралы күнделікті тәжіри- 
бе арқылы алған білім шындыққа жанаспайды, себебі ол болмыс (идеялар әле- 
мі) туралы білім емес, олардың көлеңкесі туралы алынған білім. Осыдан келіп, 
Платонша, сезімдік танымньщ ақиқатты тану жолында ешқандай маңызы жоқ, 
себебі түйсіктер арқылы алған деректер - заттардың өзіндегі құбылыстар туралы 
білім емес, тек адамдардың пікірінде ғана қалыптасқан ұғымдар. Ал заттардың 
көзге көрінбейтін шын мәнін (идеясын) тек ақыл-ойдың (жанның) күші арқылы 
білуге болады. Сондықтан шын ақиқатты түсіндіріп білу үшін ол затгар әлемінен 
аластатылып, жанның идеялар элемінде көрінгендерін есіне түсіруге мүмкіндік 
алуы керек. Бұл жолда оған Эрос көмектеседі, себебі ол - адамдарды шығармашы- 
лыққа жетелейтін құдіретті күш.
Идеяны, эросты басшылыққа алған өмір өнегелілік идеясын (игілік, қайы- 
рымдылық) жүзеге асырады. Ол тек рухани махаббат (Платонша, махаббат деге- 
німіз - осы) негізінде ғана мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет