Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет31/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   305
Классикалык, философия
35
э) 
ақыл-ой арқылы алған білімдеріміз заңцы туьшған білім болғандықтан, 
оның ақиқат туралы пайымдаулары дұрыс болады. Себебі дүниенің алғашқы 
бастамасы атом мен бос кеңістікті сезім мүшелері арқылы көріп-біле алмаймыз, 
ал олардың мэнін, табиғатын түсіну үшін ақыл зер салып ойлануы керек. Деген- 
мен Демокрит сезімдік танымды ақыл-ой танымына қарсы қоймайды. Ақыл-ой се- 
зімдік таным арқылы алған ақпараттарын әрі қарай өрбітіп, қорытынды жасайды.
Жалпы таным процесінің ақиқатқа жетудегі қайшылықтарын, қиындықтарын 
түсінген Демокрит танымның субъектісі болу кез келген адамның қолынан кел- 
мейді, ол тек данышпандарға ғана тэн деп есептейді. Данышпандар сабырлылық, 
үйлесімділік, симметрия, алаңсыз тыныштық, қызықпаушылық, әділдік, т.б. осы 
сияқты моральдық қағидаларга сүйеніп, философияға беріліп, елеусіз өмір сүруі- 
нің арқасында мэнділіктің мэнін, табиғатын дұрыс түсініп-білуге мүмкіндік алады. 
Егер барлық адамдар осы моральдық қағидаларды басшылыққа алып өмір сүретін 
болса, онда заңның қажеті болмайтынын айтады Демокрит. Заңды адамдар ойлап 
тапқан, ол тобырларды өз қолында ұстап түру үшін қажет.
Демокрит қоғамның дамуы жэне мемлекет мэселелері туралы соны пікірлер 
айтқан: Адамдар аңға ұқсас кезінде аңдар сияқты өмір кешті (әрқайсысы жеке 
өмір сүрді, бір-біріне көмектесуді білмеді, жеміс-жидек жеп қана күн көрді, т.б.), 
ал аң сияқты қалыптан мұқтаждықтың арқасында өркениетке өткенде, олар бір- 
біріне көмектесіп, бір жерде жинақгалып, үңгірлерде, ағаштың қуысында өмір 
сүрді. Бұл кезде олар патшасыз, әскербасыларсыз, бір-бірімен соғыспай, үрлық- 
сыз, қарапайым да еркін өмір кешті. Кейінірек келе отты пайдалана алатын бол- 
ды, қулық-сұмдықтар да көбейді, онер де пайда болды. Осы айтылған жағдайға 
адамдарды мұқтаждық пен өздерінің тэжірибелері жеткізді. Адамдар әлімсақта 
сөйлей алмайтын-ды. Адамдардьщ бір-бірімен араласып, қарым-қатынасқа тү 
суінің арқасында түсініксіз дыбыс шығарудың орнына сөз арқылы қатынас орнады. 
Сөйтіп, тіл пайда болды. Тіл көп түрлі больш, адамдардың тұрған ортасына қарай 
қалыптасты.
Дін де - тіл сияқты тарихи құбылыс. Алғашқы кезде дін болмаған. Діннің 
шығуына себеп болған - адамдардың табиғаттың дүлей күштерінің себебін біл- 
мей қорыққандығы. Құдай деп жүргеніміз шын мәніндегі құдайлар емес, тек олар 
туралы қалыптасқан бейнелер гана.
Платон (б.д.д. 427-347 ж.) - Сократтан дэріс алған, оның ілімін эрі қарай 
жалгастырушы, өзінің терең де мағыналы философиялық ойларымен жалпы фи­
лософия ғылымының дамуына үлкен эсер еткен ғұлама-ойшыл. Платонның лақап 
аты жалпақ, кең деген мағына береді, шын аты - Аристокл. 20 жасында Сократтан 
дэріс алған, кейін Афинада Гекадем (гректердің батыр құдайы) атындағы гимна- 
зияда ұстаздық етеді. Бүл мектеп алғашқыда Гекадемия, кейін академия деп ата- 
лынды. Негізгі шыгармалары: «Апология» (Сократты қорғау), «Китон» (занды 
сыйлау туралы), «Кратил» (тіл туралы), «Федон» (әділеттік туралы), «Мемлекет» 
(идеялар теориясы), «Теэтет» (білім туралы), «Тимей» (космогония), «Зандар», т.б.
Платонның пікірінше, шын болмыс — ақылмен гана білуге болатын денесіз 
идеялар әлемі. Платонның болмысы Парменидтікіндей біртүтас болмыс емес, кері- 
сінше, өздеріне тэн идеялары бар рухани көпшілік. Эр идея өз алдына мэңгі жэне өз- 
гермейді, ол өзіне-өзі тэн. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Әлемде қаншама




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет