Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет164/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

190
Ф илософия тарихы
алудың» жиынтығы. Демск, біздің танып-біліп жүргеніміз нақты денелердің өзі 
емес, түйсіктердің жиынтығы ғана екен.
Берклидің ілімін эрі қарай жалғастырған тарихшы, дипломат, философ, ағыл- 
шын ағартушылық кезеңінің көрнекті өкілі Давид Ю м (1711-1776 ж.) болды. Не- 
гізгі еңбектері: «Адамның ақыл-ойы туралы зерттеулер», «Діннің табиғи тарихы», 
«Табиғи дін туралы пікірлер», т.б.
Юм ешқандай түпнегізді (субстанция) мойындамайды. Себебі ол шын мә- 
ніндегі түпнегіз емес, идея ғана. Ал идеяны тудыру үшін объективтік шын- 
дықта өздеріне сэйкес келетін заттардың болуы міндет емес. Түпнегіз идея- 
сы сезім мүшелері мен тәжірибе арқылы алынған деректерді көбейту, азайту, 
байланыстыру сияқты ой күшінің қабілеті арқасында қалыптасады. Мысалы, 
Құдай идеясы адамдарға тэн ақыл, данышпандық, қайырымдылық, көрегендік, 
т.б. сол сияқты қасиеттерді жиынтықтап, оларды адамның өзінен алыстатып, 
табиғатта жоқ кұбылысқа телуінен пайда болған. Ал жан немесе «мен» ұғы- 
мы - үздіксіз өзгеріп отыратын «еске алу» мен сезім эсерінің бірлігі. Тэжі- 
рибенің өзі, Юмньщ түсінігінше, себептері белгісіз жэне түсінугс болмайтын 
«осерлердің үздіксіз қимылы». Ал фактілердің себептері мен салдарын қай- 
таланып қойылған тәжірибе жэне өз алдына дербестенген «ойлауға эдеттену» 
арқылы танып-білуге болады. Бүл жерде «ойлауға эдеттену» - өзіне себептілік 
инстинктінің көмегі арқасында себептілік заңы ретінде өмір сүретін қүбылыс. 
Демек, Юм объективті себептілікті жоққа шығара отырып, сезім «әсерлерінен» 
туындаған идеяларды субъективті себептілік ретінде мойындайды. Себептілік 
заңы тек қана жүргізіліп жатқан тәжірибе шеңберінде үстемдік ете алады, ал 
оны тәжірибелік деректерден трансценденттік идеяларға (Қүдай, «мэңгі өлмеу», 
т.б.) таратуға болмайды. Таным процесінің ең басты мақсаты - тәжірибе арқылы 
айқындалған табиғи құбылыстардың себептерін жиынтықтап, олардан туындай- 
тын көптеген салдарды сан жағынан аз жалпы себептерге бағындыру.
Адамдардың іс-эрекетінің негізінде себептілік жатыр. Бұл себептіліктер біз- 
дің табиғи қалыптасуларымыз, сұраныстарымыз жэне құмарлығымыздың негізінде 
қалыптасады. Ал ақыл-ой себептіліктің негізі бола алмайды, демск, ол ешқандай іс- 
эрекет туғызбайды. Ол тек қана ақиқат пен жалғандық, табиғилық пен жасандылық 
туралы ой сараптап, олардың орталарын ажырата білуге үйретеді.
Юм - осы уақытқа дейін айтып келгендей, «агностик», «скептик» емес, 
биологиялық-антропологиялық түрғыдан философиялық-рационалистік бағытқа 
қарсы шыққан реалист.
Егер ағылшын философтары білімді тек сезімдік түйсіну арқылы алуға болады 
деп есептесе, француз ғалымы жэне философы Рэне Декарт (1596-1650 ж.) ақыл- 
ойды таным процесінде бірінші орынға қойып, тәжірибенің рөлін сол ақыл-ойдың 
мәліметтерімен тексеретін қарапайым практикаға дейін түсіреді. Негізгі еңбек- 
тері: «Тәсіл туралы ойлар», «Бірінші философия туралы метафизикалық ойлар», 
«Философия бастамасы», т.б.
Декартгың философиясы өз бастамасын «күмэндану» қағидасынан алады. 
Ол дэстүрлі қалыптасқан пікірлерге де, сезімдік танымның ақиқаттығына да кү- 
мэнданады. Нағыз шындық - «күмэндануды» ойлаудың қабілеті деп мойындау. 
Оның «Мен ойлаймын, олай болса, өмір сүремін» деген қағидасы төмендегідей




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет