Тіл біліміне қатысты ой-пікірдің жаңа туындай бастаған және



Pdf көрінісі
Дата22.01.2017
өлшемі1,27 Mb.
#2434

Ежелгі дәуір - тіл біліміне қатысты ой-пікірдің жаңа туындай бастаған және 

оның мейілінше балаң шағы. Ұзақ мерзімді қамтитын бұл уақыт бойында тіл 

біліміне тән түсінік бірте-бірте, өте баяу дамиды. Ол өрісі, тереңдігі жағынан да 

тым жұпыны болды. Соған қарамастан бұл кезеңдегі тіл біліміне қатысты 

мәліметтерді қазіргі кезде өркен жайған тіл білімінің бастамасы, қалана бастаған 

ірге тасы деп санаған жөн.Ежелгі дәуір тіл білімінде ерекше көңіл бөлінген екі 

күрделі проблема болған. Оның бірі - атау, ат қою теориясы да, екіншісі - 

грамматикалық өнер /искусство/ проблемасы.Мұның біріншісінде - зат 

атаулары қалай пайда болған, атаулардың өздері атау болған заттармен, 

құбылыстармен, оқиғалармен қандай байланысы бар? Атаулардың дұрыс, я теріс 

қойылуының қандай мәні бар дегендерді сөз етушілер - философтар болған 

және бұл проблеманы олар философияның ең мәнді саласының бірі ретінде 

қараған. Ғылым тарихында ат қою теориясы деп аталатын бұл сала Қытайда 

да, үнділерде де, гректерде де бір-біріне өте ұқсас бағытта талданып, біртектес 

шешімге сайып отырған.Грамматикалық өнер теориясы тілді дұрыс 

қолданудың ережесін белгілеуді мақсат еткен. Бұл ереже бірде грамматикалық 

өнер делінсе, енді бірде жазу өнері деп те аталады. Грамматикалық теория жазба 

ескерткіштер тілдерін зерттеуден туған. Сондықтан ежелгі дәуір тіл білімі, әдетте, 



филология дәуірі деп те аталады /филология - грек сөзі, мағынасы – сөзді сүю/.

 


Біріншіден,

 

бұл

 

кезеңдегі

 

грамматикалық

 

өнер

 

біраз

 

мәселеде

 

философияға

 

байланысты

 

болған

.  

Екіншіден



грамматикалық

 

өнер

 

тілдің

 

құрылысын

 

түсіндіруді

 

мақсат

 

етпеген,

 

тілді

 

дұрыс

 

қолданудың,

 

дұрыс

 

сөйлеудің

 

ережелерін

 

жасауды,

 

жазу

 

тілі

 

мен

 

сөйлеу

 

тілі

 

арасындағы

 

қарым

-

қатынасты

 

түсіндіруді

 

көздеген



Сондықтан

 

да

 

грамматикалық

 

өнер

-

пікірді

 - 

дұрыс,

 

әдеби

 

етіп

 

бере

 

білуге

 

үйрететін

 

тәжірибиелік

 

ілім

 

деп

 

саналады



Үшіншіден

, 

филология

 

дәуірінде

 

тілдің

 

морфология,

 

фонетика

 

саласында

 

едәуір

 

істер

 

атқарылғанымен,

 

олар

 

тек

 

тәжірибелік

 

сипатта

 

ғана

 

болған,

 

ал

 

лексикология,

 

синтаксис

 

мәселелерінің

 

зерттелуі

 

тым

 

мардымсыз

.  

Төртіншіден



әр

 

елдің

 

филологтары

 

тек

 

өз

 

тұсындағы

 

бір

 

тілге

 

тән

 

нұсқаларды

 

зерттеген



Сондықтан

 

әр

 

түрлі

 

тілдер

 

фактілерін

 

салыстыра

 

қарау

 

дегенді

 

олар

 

білмеген



Бесіншіден

, 

бір

 

елдің

 

тіл

 

біліміндегі

 

ой

-

пікірдің

 

екінші

 

елге

 

жетуі

 

де

 

нашар

 

болған

.

 


 

 Ежелгі Қытай тіл білімі. Қытай - мәдениеті, 

ғылыми ой-пікірі ертеде дамыған, 

дүниежүзілік мәдениетке зор үлес қосқан 

ежелгі ел. Қытай тіл білімі тарихы екі мың 

жылдан астам уақытты қамтиды. Қытайдағы 

тіл білімі XIX ғасырдың аяғына дейін басқа 

елдердегі тіл білімінің әсерінсіз өз бетінше 

дамыған. Тіл ғылымы тарихында өзіндік 

дәстүр қалыптастырған. Бірақ қытай тіл білімі 

әлемдік тіл ғылымына мәнді үлес қосқан жоқ, 

ұлттық шеңберден шыға алмады. Қытай жазба 

ескерткіштері біздің заманнан 15 ғасыр бұрын 

пайда болған. Олар мал сүйектеріне, әсіресе 



жауырынға жазылып сақталған. 

 

 

Ежелгі Үндістан тіл білімі.   Үнділерден бізге жеткен зерттеулер жыл 

санауымыздан бұрынғы V ғасырдан басталады. Бұл материалдардың 

ғылыми жүйелілігіне, ой тереңдігіне қарағанда Үндістан тіл білімі 

бұдан да бұрын болғанға ұқсайды. Тіл білімі мұнда практикалық 

қажеттіліктен туған. Үнділердің өте ерте дәуірден сақталған 

аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған "Веда" деп 

аталатын жазба ескерткіштері болған. Біздің дәуір алдындағы ҮІ 

ғасырларда    белгілі болған бұл жинақты үнділер қасиетті, киелі деп 

санаған және қазірде де сондай санаушылық   бар көрінеді. Бұл 

"киелі" жырлар тілінде сол уақытағы үнділерге   мағынасы түсініксіз 

көптеген сөздер, сөйлемшелер болған. Соларды айқындау және 

"Веда" тілін сөйлеу тілі әсерінен қорғау, оның айтылу мәнерін, 

беретін түсінігін өзгеріссіз сақтау мақсатымен "Веданың" тілін 

зерттеген. Бұл зерттеу төрт түрлі бағытта жүргізілген: а) дыбыстық 

жүйесі мен айтылу мәнерін, яғни фонетикасы мен орфоэпиясын 

зерттеу; ә) жырдың құрылысы мен өлең өлшемдерін зерттеу;   б) 

грамматикасын зерттеу; в) жеке сөздердің тіркесін және оның мән-

мағынасын яғни лексикасы мен этимологиясын зерттеу. 

 

Ежелгі Греция тіл білімі. Ежелгі дәуір тіл білімінің 

тағы бір отаны - Ежелгі Греция. Грецияда туған тіл 

біліміндегі ой-пікір бүкіл Еуропа тіл ғылымының 

қалыптасып дамуына күшті әсерін тигізді. 

Ф.Энгельстің: «Греция мен Рим қалаған негіз 

болмаса, қазіргі Еуропа да болмас еді»,- деген сөзін 

тіл біліміне байланысты да айтуға болады. Тіл 

мәселелеріне байланысты бұл елден біздің дәуірге 

жеткен жазба материалдар жыл санауымызға дейінгі 

Ү ғасыр шамасынан басталады. 

 

Ғалымдардың айтуына қарағанда, Греция 

тіл білімі Гомердің "Илиада" мен "Одиссея" 

жырының тілін зерттеуден басталыпты. Көне 

заманнан сақталған бұл дастан тілінің көп жері 

гректердің сөйлеу тілінен мейілінше алыстап, оларға 

түсініксіз бола бастаған да, грек ойшылдары соны 

зерттеу, айқындау істерімен шұғылданған. Бұл 

жағынан алғанда, Үнді тіл білімі мен Грек тіл білімін 

туғызған себеп бірдей. 

 

Рим тіл білімі. 

Грецияны 

жаулап алған римдіктер тіл білімін 

дамытуға айтарлықтай үлес қоса 

алмады. Олар Александрия 

грамматистерінің ілімін өз тіліне 

сәйкестендіріп қолданудан аса қойған 

жоқ. Рим грамматистері ішіндегі ең 

көрнектісі - Варрон (жыл 

санауымызға дейінгі I ғасырда өмір 

сүрген), кейінірек Донат (ІҮ ғасырда) 

болды. Бұлар латын тілі 

грамматикасын жазды. 

 

Орта ғасыр тіл білімі  

Орта ғасырды

 

Еуропа тарихы

 тұрғысынан 

қарағанда үш кезеңге беруге болады: а) 3—5 

ғасырлар арасы. Бұл —

құлдық 

дәуірдің

 ыдырап, 

феодалдық қоғамның

 құрыла 

бастаған кезең; ә) 6—10 ғасырлар аралығы. Бұл — 

феодалдық қатынастың әбден орнығып, нығайған 

заманы; б) 11—16 ғасырлар аралығы. Бұл — 

феодалдық қатынастың ыдырап, 

капиталистік 

қоғамның

 туа бастаған, тарихта 

Қайта өркендеу 

дәуірі

 (

ренессанс

) деп аталатын кезең. Дүние 

жүзілік діндердің тарауымен қатар сол 

діндердің 

будда



ислам

, 

христиан

 сүннет парызын, 

шариғатын уағыздайтын жазбалар да тарады. Ол 

жазбалар тілі киелі, касиетті тіл, пайғамбарлар тілі 

деп жарияланды 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 

1.  Ұ. Исабекова Орта ғасыр жазба ескерткіштері – қазақ тілінің 

тарихи негізі.  – Дәстүр журналы № 8 Тамыз 2010 ж 

 2.  Ә. Құрышжанұлы  Мәмлүк қыпшақтарының тілінде жазылған 

бір ескерткіш жайында  — Көне түркі жазуларының зерттелуі.  

Бүгіні мен болашағы. Дөңгелек үстел материялдары. – Астана, 

2004 ж 


3. М. Сабыр Орта түркі лексикасы мен қазақ тілі лексикасының 

сабақтастығы. – Алматы, Қазақ университеті,2004. 315 б  

4. М. Сабыр Бабадан қалған мұрағат // Тілтаным, 2003. №1 -78 -

81 б. 5. Б. Сағындықұлы Қазақ тілі лексикасы дамуының 

этимологиялық негіздері. – Алматы: Санат, 1994-168 б. 

        5. Сауранбаев Н. Қазақ тілі. Алматы, 1944 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет