Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет42/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   305
Еуропа философиясы
45
месе адамдық табиғаты туралы), ал 323 ж. Император ¥л ы Константин хрис- 
тиандықты мемлекеттік дін ретінде қабылдағаннан кейін саяси-шіркеулік мәселе- 
лер алдыңғы шепке шығып, шіркеу әкейлерінің көзқарастарында өз көріністерін 
тапты. Мысалы, Августиннің көтерген басты мәселесі христиан дінінің артық- 
шылығын дәлелдеу арқьшы шіркеудің жанды билеуге құқықтығы жэне «ол аспан 
мен жер арасын байланыстырушы» деген сияқты идеяларды дәлелдеу үшін мани- 
хеялық, скептицизмдік жэне неоплатонизм қағидаларын басшылыққа алды. Оны 
осы ілімдердің кейбір элементтерін сақтай отырып, христиан дінінің жаңа бағы- 
тын қалыптастырганы үшін кейін августинизм деп аталып кеткен ағымның негі- 
зін қалаупп>і деп мойындайды. Негізгі еңбектері: «Тэубеге келу», «Құдай қаласы 
туралы», т.б.
Августиннің ілімі бойьшша, адам дүниеге келмей тұрып, т.б. оньщ іс-әре- 
кеттері, қылықтары құдайдың ерік-жігерімен белгіленіп қойылған. Ол белгі 
игілікке (адам оған лайықты болмаса да) немесе азаптарға (жазықсыз болса да) 
бағытталған болуы мүмкін. Құдай элемді жаратқанда барлық заттардың түрлері- 
нің бастамасын енгізіп, эрі қарай өздері дамитындай мүмкіндік береді. Адамзат 
тарихы да осы зандылыққа бағынады. Тарихтың даму негізінде адам санасы- 
ның өзіне сенімділігі (бұл сенімнің негізі құдай) мен күдайға деген сүйіспенші- 
ліктің танымдық күші жатыр. Осы түсінікті басшылыққа ала отырып, Августин 
адамзат тарихы бір-біріне қарсы екі патшалықтың күресінің нэтижесі деп тұжы- 
рымдайды. Олар - құдайга қарсы, күнделікті өмірдің қызығын күйттейтіндер мен 
құдайдың патшалығы арасындағы күрес. Августин қүдай патшалыгы дегенде 
жердегі оның өкілі Рим шіркеуін айтады. Шіркеу құдай патшалығы атынан сөй- 
лейтін болғандықган, оған жердегі пенделердің де бағынулары керек.
Августинизм теологиялық-философиялық бағыт ретінде Батые Еуропа ел- 
дерінде XII ғасырға дейін үстемдік етті, кейін христиандық аристотелизмнің 
негізін қалаушы ұлы Альберт пен Фома Аквинскийдің ілімдерімен ыгысты- 
рыл^ы.
Ортағасырльщ философияның схоластика деп аталған кезеңі Еуропа тари- 
хында Рим империясының күйреуінен бастап, Қайта өрлеу дэуіріне дейінгі 
600-700 жылдай уақытты қамтиды. Бұл кезеңде егемендік алған көптеген Еуропа 
елдерінде (Италия, Франция, Англия, Германия, т.б.) феодалдыққарым-қатынастар , 
қальштасып, христиан діні қоғамдық өмірдің барлық салаларында өктемдік көр- 
сетіп, шіркеудің сауаттылық, қолжазбалар сақгау ісінің ошағына айналған мезгілі 
болатын. Осындай мемлекеттік билік қолдаған қатал діни үстемдік жағдайында 
философия өзінің бар ақыл-ой күшін христиан догматтарын негіздеуге жұмсап
дін ілімінің күңіне айналган-ды. Осы кезеңдегі философиялық ілім «схоластика» 
(мектептік ілім) деген атаққа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті:

.Балауса схоластика
(ІХ-ХІІ ғ.). Ғылым, философия, теология (дін ілімі) элі 
бір-бірімен біте қайнасып, ажырамаған, бірақ ақыл-ой әрекетінің жемісі мен құн- 
дылығын түсінуді, универсалилерге (жалпылык) байланысты пікірталас негізінде 
ақыл- ойға діни сенімнің үстемдігін жүргізуді жэне сол үстемдіктің «заңцылы- 
ғын» дәлелдеуді (Аристотельдің формалдық логикасы тұрғысынан) өзіне мақсат 
қойған схоластикалық тэсіл қалыптасты. Негізгі өкілдері: Ансельм Кентерберийс­
кий, Иоанн Росцелин, Пьер Абеляр, Августин Аврелий, т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет