Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 8 III тарау. Ортағасырлың философия



Pdf көрінісі
бет45/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   305
4 8
III тарау. Ортағасырлың философия
нуі ксрек. Ал кей жағдайда тәжірибе де ақиқаттыққа жеткізе алмайды, мұндай 
жағдайда оған философия мен дін көмектеседі. Осыдан келіп, ол философияның 
міндеті дінді қорғау деген тұжырым жасайды.
Номаналистік бағыттың көрнекті өкілі, схоластикалық ойлау тэсілінен ары- 
лып, трансценденталдық болмыстың онтологиясьш қальптгастыру арқылы Суарес, 
Лейбниц, Г. Биль сияқты ойшылдарға үлкен эсер еткен ағылшын ғұламасы 
У ильям О ккам (1300-1349-1350 ж.) болды. Оның пікірінше, әлем жеке заттар 
мен мәндерден тұрады. Мәнділіктердің негізгі анықтамаларының қасиетте- 
рі (трансценденталилері) өзінен бөлінбейді жэне қажеттіліктің арқасында оның 
мәнінен тікелей туындайды. Трансценденталилер категориялардан да, біртектес 
заттарды қамтитын жалпы ұғымдардан да жоғары тұрады. Ал категориялар мен 
жанды ұғымдар заттардың таңбасы, белгілері ғана, олай болса, олар жеке-дара 
өмір сүре алмайды, тек қана адам ақыл-ойында болады. Ақыл-ойдан тыс өмір 
сүретін тек жалқылар болғандықтан, таным процесі заттарды, кұбылыстарды 
түйсіктер арқылы бейнелеуден басталады, сыртқы және ішкі тәжірибе арқылы 
туйсініп-білуден тұрады. Ішкі тәжірибеде адам жалқыларды бейнелеудің нәтиже- 
сінде оларды түйсініп, интуитивті нақты білім алса, сыртқы тәжірибеде транс­
ценденталилер туралы абстракциялы немесе жалпылар туралы білім жинайды. 
Олай болса, Оккамның пікірінше, философиялық ақиқат пен діни ақиқат - екі 
түрлі құбылыс. Ғылым мен философия үшін ең маңызды нәрсе - интуиция мен 
білім арқылы ақиқаттығы дәлелденетін фактілер. Ал дэлелдеудің өзі карапайым- 
дылыққа, түсініктілікке негізделуі шарт. Ал ақыл-ой күшімен құдайды, оның 
бар екендігін бұлжытпай дэлелдейтін фактілер болмағандықтан, оған сену ғана 
керек.
Оккамньщ ілімі Коперниктің аспан механикасы туралы ілімінің қалыптасуына 
жэне ғылымдарда геометриялық тәсілдің үстемдік етуіне ықпал жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет