Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет5/305
Дата15.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#122800
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   305
К ір ісп е
9
фиясы тарихын жаңа методология тұрғысынан зерттеу қажеттілігі туындап отыр. 
Басты мәселе - философиялық тақырып ретінде қандай ауызша жэне жазбаша 
әдебиеттердің, құжаттардың деректемелік негіз боларын жан-жақты зерделеп алу. 
Осымен қоса вербалдық және вербалдық емес ескерткіштерді философия тари­
хын зерттеуде қалай қолдануды анықтамайынша, бұл процесс күрделенуі мүм- 
кін. Сциентизм, логоцентризм жэне тар шеңберлі вербалдау қазақ рухани өмірін 
танып-білуде қазіргі ғылым үшін өткен кез деп қарастыруға болады.
Шығыс жэне Батыс философияларын тікелей эрбір заман бойынша салыстыру 
- методологиялық қателік. Ал қазақ философиясы тарихи жағдайында мүлде бу­
рые нәтижелерге әкелуі айдан анық. Отандық философия мәдениет аясында өмір 
сүріп, ойлы сөзді мансұқтап, ауыр да күрделі конструкциялардан алшақтап, ізгі- 
лік, моральдық, антропологиялық жэне тарихи мәселелерге ден қойды. Осыларды 
қазақ философиясының жетістіктері ретінде қарастырып, оның дамуындағы кел- 
тірген кедергілік методологиялық айшықтарды белгілеп, олардың рөлін ашып 
корсету - қазіргі кездегі басты міндет.
Шығыс, Батыс жэне еуразиялық кеңістіктерде қалыптасқан рухани қүнды- 
лықтардың тұтастығы мен сапа жағынан айырмашылықтары адамзат филосо­
фиясы тарихының бүгінгі таңдағы келелі мэселелерінің бірі болып табылады. Өйт- 
кені элемдегі халықтардың, ұлттардың, нэсілдердің өзіне сай тарихи қалыптасқан 
рухани, мәдени, адамгершілік қасиетгері барлығын, яғни өзіндік құндылықтарын 
ескеру аса қажет. Тарихтың қазіргі белесінде осы құндылықтарды жандандыру, 
солардың негізінде жаңа белеске көтерілу бүгінгі таңньщ талабына айналуда. 
Сондықтан да қазак халқының философиялық жэне тарихи құндылықтарын терең 
зерттеу, олардың ішкі мэнін айқындау, жалпы адамзаттық өркениет аясындағы 
даму бағыттарын зерделеу - қоғам жэне елтану ғылымдарының алдында тұрған 
басты мәселелердің бірі.
Философия тарихына арналған осы оқулық жоғары оқу орындарының 
бағдарламасына сәйкес жазылған және көшнілік оқырмандарға да пайдасы мол 
деп есептейміз.


*
Iтарау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет