Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 2 4 V II тарау. Х І Х -Х Х ғасырдағы философия



Pdf көрінісі
бет195/305
Дата15.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#122800
түріОқулық
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

2 2 4
V II тарау. Х І Х -Х Х ғасырдағы философия
Утилитарлы ортада түрған адам өзіне пайда болу үшін билігін жүргізеді. Өзі- 
нің жасаған эрекетіне толығымсн есеп беріп, тек өзінің қызығушылығы арқылы 
жұмсайды. Егер кімде-кім өзін қоғамның бір мүшесі екенін мойындап, моральды 
ортада тұрса, оның істеген эрекетінің бәрі этикалық мағына береді. Егер адам 
өзінің айналасындағы нәрсені танып, өзін тек қоғамның бір мүшесі ғана емес
сол қоғамның азаматы ретінде таныса, мұндай жағдайда адам трансцендентгі 
ортада болады. Өмірдің утилитарлы жэне табиғи ортасы, - деп жазды Фэн Юлан, 
- адамға туа салысымен берілген, ал моральды жэне трансцендентті ортасы 
адамның рухымен жаратылған. Индивидтің өзі белгілі бір тәртіпке, жауапкер- 
шілікке, талапқа сай болуы керек. Қытай дәстүрлері бойынша философия функ- 
циясы мынадан көрінеді: өмірдің екі жоғарғы сферасына жетуге көмектесу керек. 
Өмірдің моральды ортасында болу үшін міндетті түрде моральды жетілген адам 
болу керек. Трансцендентті сферада болу үшін міндетті түрде данышпан болуы 
шарт. Философияның өзі қалай данышпан болуды үйретеді». Фэн Юланның пікірі 
бойынша, данышпан деген бір құдірсттілік те емес, оның эрекетінде қандай да бір 
жоғарғы күштер де жоқ, басқа адамдардан ерекшелігі бір керемет нәрсе жасауда 
емес. Оның мэні адам болмысының шындығын тереңдей түсінуінде.
Фэн Юланның пікірінше, конфуцийлік, нақтырақ айтсақ, қытай философиясы 
өзінше бір құдіретті ілім болып табылады. Конфуцийлік адам мен аспанның 
байланысы моральдық постулаттар мен құқықтық нормалардың ең негізгі бейне- 
сі болып табылады. Моральды жазулар, тұлғааралық қатынастар барлығы аспан 
беделіне негізделген болатын, сондықтан мәңгі әмбебап шындыққа, белгілі бір 
характерге ие болып, ал оның орындалуы адам болмысымен түсіндіріледі. Ол 
мынадай қорытьшдыға келеді: болашақ бүкіл әлемдік философия Батые пен Шы- 
ғыс философиясының, соның ішінде қытай философиясының жүйесінсіз белгілі 
бір мэнге ие болмай, мағынасыз күй кешеді. Бірақ Фэн Юлан Батые пен Шығыс 
философиясын тек жүйелеп қана қоймай, сондай-ақ ол екеуіне де тэн ғылыми 
ізденістегі методологиялық принциптердің үқсас жақтарын біріктіргісі келеді. 
Оның пікірінше, бүкіл әлемдік философия тарихында танымның позитивті жэне 
негативті эдісі бар. Позитивті эдістің мэні метафизикалық объектіге бағытталған, 
ол ізденістің пэні болып табылады. Позитивті эдіс эрқашан Батыс философия- 
сында өз үстемдігін жүргізді, ол қытай философиясына тән, өйткені шындықты 
іздеу барысы эрқашан интуициямен байланысты.
Фэн Юланның пікірі бойынша, Кант жэне басқа ірі философтар өздерінің 
философиясында негативті эдісті пайдаланганымен, адамды, қоршаған элемді, 
табиғатты тану барысында шектеулі болып, кеңінен етек ала алмады. «Бүл екі 
таным әдісі, - дейді Фэн Юлан, - бір-бірімен қайшылыққа келмейді, керісінше, 
бірін-бірі толықтырып, бірігуі арқасьшда Шығыс пен Батыс философиясындағы 
кемістіктерді толтырып отырады.
Қазіргі метафизикалық жүйе позитивті эдістен басталып, негативті эдіс- 
пен аяқталмаса, философия, түптеп келгенде, сәтсіздікке ұшырайды. Дегенмен 
ол позитивті әдістен басталмаса, философия туралы ең қасиетті нақты түсінік 
қалыптаспайды. Қытай философия тарихында позитивті эдіс ешқашан толы- 
ғымен дерлік дамымады, практикада ол жиі лақтырылып тасталды. Сондықтан 
қытай философиясында нақты түсінік жоқ. Нақты түсінік философияның ақыры




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет