Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


II тарау. Антикалык, философия



Pdf көрінісі
бет30/305
Дата15.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#122800
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

II тарау. Антикалык, философия
шексіз бос кеңістіктерден тұрады. Болмыс - сансыз көп ұсақ бөлшектердің жиын- 
тығы. ¥сақ бөлшектер - атомдардың негізгі қасиеттері: мэңгі бөлінбейді, өзгер- 
мейді, өзіне-өзі тең (ұсақ), қозғалмайды. Бұл қасиеттер - атомдардың ішкі мэні. 
Ал олардың сыртқы қасиеттеріне өзіндік пішін, түрлерінің жэне көлемінің болуы 
жатады. Атомдар шар, бұрыш, қармақ, ойма, т.б. тәріздес болады. Атомдарды бос 
кеңістік бөліп тұрады.
Атомдар бос кеңістікте өз табиғатына тэн уздіксіз қозғалыста болады, бір-бі- 
рімен соқтығысқанда, өздерінің қозғалыс бағыттарын өзгертеді.
Атомдарда бояу түрлері, иіс, дыбыс, т.б. сияқты сезімдік қасиеттер жоқ. Бұл 
қасиеттер атомдар адам түйсіктерімен кездескенде ғана пайда болады. Демокрит 
- алғашқылардың бірі болып сезімдік қасиеттердің субъективті түрде болатынды- 
ғын айтқан ойшыл.
Атомдар бос кеңістікте соқтығысып, бір-бірімен бірігіп жэне байланысып
заттар әлемін құрайды. Атомдар өзгермейтін мэңгі болса, олардан құралған затгар 
уақытша, өтпелі және өзгерісте болады. Денелердің пайда болуын Демокрит 
былай түсіндіреді. Бос кеңістіктегі атомдардың тығыздығы әртүрлі болғандықтан, 
оның бір бөлігінде тығыз орналасқан атомдар құйындатып қозғалысқа түседі 
де, ортасында ауыр салмақты атомдар, ал шетке таман жеңіл салмақты атомдар 
топтасып, әртүрлі денелер пайда болады. Мысалы, Жер мен Аспан ауыр салмақты 
атомдардан жаратылған. Ал Аспаннан от, ауа жэне ауа құйындап қуып жүрген 
жұлдыздар пайда болады.
Тіршіліктің шығуын Демокрит табиғи заңдылықтардың салдары деп түсінді- 
реді. Бул жерде жоғары күштердің де жандары бар. Жандар шыққан қайнар көз 
бар тіршілікті тудырған - жылулық. Жандар ортүрлі болады. Ғарыштың жаны 
жоғары деңгейде емес, одан гөрі жануарлардың жаны жылылықты көбірек қабыл- 
дағандықтан, әлдеқайда жоғарырақ. Ал адамның жаны болса, ол ең жоғары сатыда 
тұр, себебі онда жылумен қоса от та бар. Басқаша айтқанда., адам мен жануарлар 
жандарының айырмашылығы біріне ақыл тэн болса, екіншісінде ол жоқ. Ал 
жанның ақылдылығы мен ақылының жоқтығы оның өз бойына қабылдаған 
жылуының мөлшеріне байланысты. Олай болса, жан - атомдардың жиынтығы. 
Демокриттің ілімінде ақылды жан - «сана» ұғымымен синонимдес ұғым.
Өмір сүрудің қажетті жағдайы - дем алу. Жан атомдары дем алу арқылы 
қоршаған ортадан өздеріне керекті от атомдарын қабылдаса, дем шығарғанда, 
жанның кейбір атомдары денеден шығады, оның толық шығып кетпеуіне қай- 
тадан алған дем кедергі болады. Дем алмай, тек дем шығарылса, онда дене өледі, 
себебі жан атомдары деммен бірге денеден толығымен шығады. Денеден шыққан 
жан атомдары ауада шашырап кетеді. Сөйтіп, денемен бірге жан да өледі.
Демокриттің пікірінше, шын мәнісіне өмір сүретін атомдар, бос кеңістік жэне 
олардан туындайтын заттардан басқа, адам ақыл-ойында да өмір сүретін құбы- 
лыстар бар. Олар - пікір арқылы қалыптасқан сезімдік қасиеттер (дэм, бояу түр- 
лері, иіс, т.б.). Бұл қасиеттер шындығында өмір сүрмейді, олар сезімдік заттарға 
тэн емес, олар тек адамдардың пікірінде ғана бар құбылыстар.
Осы екі түрлі құбылыстың өмір сүруіне сэйкес танымның да екі түрі болады:
а) сезім мүшелері арқылы танып-білу. Олардың берген мэліметтері көмескі 
білім болғандықтан, олардың ақиқатты тануда ешқандай пайдасы жоқ;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет