Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет13/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117399
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   305
Kj>rrafi философиясы
17
рімділік пен адамгсршілік» - қылмысқа апаратын бірден-бір жол, ал шын қайы- 
рымдылық өзінің бастамасын жазалаудан алады деп уағыздайды. Сөйтіп, легис- 
тер ар-ожданның орнына қорқынышты дәріптейді. Елде тәртіпсіздік болмас үшін:
1. Мақтаудан жазалау көп болу керек. 2. Аямай жазалау арқылы халық 
арасында үрей тудыру кажет. 3. Үсақ кылмыс жасағандарды аямай жазалау керск, 
сонда олар үлкен қылмыс жасамайтын болады. 4. Адамдар арасында бір-біріне 
сснімсіздік тудыру керск. Осы қағидаларды бұлжытпай орындағанда ғана халық 
билеушінің айтқанын екі етпсй орындайды жэне өлімге де барады.
Конфуцийшілердің «Мемлекет — үлкен отбасы, оның басшысы — халықтың 
әкесі» деген ілімінің орнына легистер: «Мемлекет - өз алдына бір машина сияқ- 
ты кұбылыс, билеуші - өзін ата-баба аруағынан да, халықтан да, Аспаннан да 
жоғары қоятын деспот. Мемлекеттің негізгі мақсаттары: 1. ¥сак патшалыктарды 
біріктіріп, Аспан аясындағы (Қытай) мемлекет күру; 2. Осы мемлекетке басқа 
халықтарды бағындыру. Осы тұрғыдан өнерге, білімге деген құштарлық теңе- 
луі қажет. Мемлекеттің экономикалық негізі қолөнер немесе сауда емес, егін 
шаруашылығы болуы ксрек.
Мемлекеттегі қызмет орындары адамдардың жұмыс істеу қабілетіне қарай 
бөлінуі тиіс».
Конфуцийшілер мен легистердің арасындағы күрес көп жылдарға созылды. 
Тіпті казірдің өзінде де осы философиялык бағыттарды жақтаған немесе қарсы 
шыққан саяси топтардың кездесетінін ескерткен артык болмас.
Даосизм (б.д.д. VI-V ғ.). Бұл ілімнің негізін қалаушы б.д.д. VI ғасырда өмір 
сүргсн Лао-цзы деп есептеледі. Оның негізгі еңбегі — «Дао жэне дэ туралы кітап» 
(«Дао дэ цин»). Даосизм ілімі «дао» ұғымына негізделген. Егер баска қытайлық 
философиялык ағымдарда «дао» «жол» деген мағына бсрсе жоне ол Қытайдың 
дамуымен әдептілікті жетілдірудегі негізгі ұғым болса, даосизмде «дао» 
жалпы дүниетанымдык ұғым. «Дао» —
алғашқы бастама, алғашкы түпнегіз жэне 
Қытайдағы, Жердегі жэне Әлемдегі барлық кұбылыстардың, денелсрдің бірлігі, 
соңғы сатысы. «Даоның» алғашқы түпнегіз екенін мынадай сөздерден байкаймыз: 
«Дао - барлық заттардың анасы», «дао - барлык заттардың түпатасы», «Даоны 
аспан аясындағы империяның (Қытайдың) анасы деп есептеуге болады», т.б.
Ал «даоның» заттардың соңы екенін мынадай пікірден байқауға болады: 
«Әлемде эртүрлі заттар бар, бірақ олардың бэрі де өзінің бастамасына (даоға) 
қайтып келеді, оралады».
Даосизмдегі қарама-карсы пікірлерге мол, көмескіленген ілімдердің бірі -
екі түрлі дао туралы ілім. Даоның бірінші түрінің аты жоқ. Себебі ол денесіз, 
екіұшты, соншалыкты кішкентай, мэнсіз, көрінбейді, енжар жэне жалғыз. Ол мәң- 
гі, еш уақытта өзгермейді, еш нәрсе оны өзіне багындыра алмайды. Ал өзі баска 
заттардың дамып, жетілуіне көмектесе алады, бұл жағынан шектелуді білмейді.
Ал «аты бар дао» ұсақ бөлшектерден («ци») тұрады. Ол бөлшектерде 
заттардың кескіні бар, сондықтан да олар — «барлық заттардың анасы». «Аты бар 
даоның» негізгі қасиеттері — шексіз, таусылмайды, құдіретті, эрекетшіл. Бұл екі 
түрлі «дао» бір-бірімен іштей тығыз байланысты, скіншісі біріншісінен туын- 
дайды, ал кейбір жағдайларда олар бір-біріне ауыса береді осының арқасында 
олемде түрлі-түрлі ғажайыптар болыи тұрады. Даошылар «аты жоқ даоны» бей-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет