Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет10/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117399
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Локаята (Чарвака). 
(Пока - «аймақ, ел, кеңістік, әлем, жер, өмір». Ал көпніі- 
лік түрде «адамдар, халық, адамзат» деген мағына береді). Локаяттар Веда ілімін 
жоққа шығарады. Осы тұрғыдан Веда дінін, оның беделін, ғұламаларын, ілімін 
сынға алады. Веданың дінбасылары, локаяттардың пікірінше, халықгы алдап, со-


14
I тарау. Ежелгі шығыс философиясы
ның арқасында байып жүр. Дене өлгеннен кейін жан да өмір сүрмейді. Әлемдегі 
барлық денелер, заттар махабхут деп аталатын төрт түпнегізден тұрады. Олар: ауа 
(ваю), от (агни), су (ап) жоне жер (кшита). Махабхуттар белсенді жэне әрекетшіл ке- 
лсді. Махабхуттар өзіне тэн күштің, белсенділіктің арқасында өзара байланысқа тү- 
сіп, бірігіп, ыңғайы келгенде, бұрын жеке алғанда өздерінде жоқ қасиет - сана пайда 
болады. Ал денелер өлгенде, олар қайтадан өздерін өмірге әкелген махабхуттарға 
бөлшектенеді, ал бөлшекгенген махабхуттармен бірге сана да жойылады.
Локаяттар өмірдің мәні бақытта, ал бақыттың өзі ләззат деп түсінген. Олардың 
түсінігінше, лэззат пен қасірет байланысты, бірақ қасірет буддизмдегі сияқты 
өмірдің мэні емес, оны толығымен жою мүмкін емес, оны азайту, жеңілдету өз 
қолымызда. Табиғатты, әлеуметтік құбылыстарды танып-білуде ақыл-ойдан, сырт 
күш туралы ілімдерден, беделдіктен пайда жоқ, білімді тек сезім мүшелері арқы- 
лы ала аламыз. Кейінірек келе, локаяттар сушикши (нэзік) жэне дхурта (тұрпайы, 
дөрекі) деп алатын екі салаға бөлінеді.
Тақырьш бойынша сүрақтар:
1. Үнділік философия карсаңындағы (Ведалар дэстүрі) негізгі дүниетанымдық идеялар 
қандай?
2. Карма, реинкарнация жэне касталар жүйесі туралы ілім Үнді филофиясының негіздемесі 
ретінде қаншалықгы маңызды болды деп ойлайсыз?
3. Шығыс адамының дүниеге қатынасының қальттасуына, рухани қүндылықгарды таңцауына, 
өмір салты мен дінінің қалыптасуына буцдизмнің дүниетанымдық әсері қандай болды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет