Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


Дәстүрлілік пен жаңашылдьщ философиясы



Pdf көрінісі
бет274/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117399
түріОқулық
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Дәстүрлілік пен жаңашылдьщ философиясы
3 0 3
Шэкәрім мұрасының осы күнгі көлемі қандай? Түгел, толық деп айта алмай- 
мыз. Бүгінгі таңда баспасөз бетінде жарық көрген шығармаларынан басқа, 
1988 жылы «Жалын» жэне «Жазушы» баспаларынан шыққан Шәкәрімнің 
екі кітабын атауға болады. Қазір ауыз толтырып айтарымыз - осы дүниелер. 
Қолжазбаларына келетін болсақ, Алматыдағы Ұлттық республикалық кітапхана- 
ның арнаулы бөлімінде Шәкәрімұлы Ахаттың жинаған өлендер көшірмесі 
сақтаулы. Ұлттық Ғылым Академиясы кітапханасында Шәкэрімнің біршама ең- 
бектерінің қолжазбалары бар.
«Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен мурасын ғылыми негізде зерттеуге 
классик жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің жазғандары бағыт берері хақ»125. 
1988 жылдан Шәкэрім туралы М. Мағауин, Қ. Мұқаметханов, С. Дэуітов, т.б. 
авторлар көбірек қалам тартты. Бірақ бул зерттеушілер түгел дерлік әдебиет, тіл 
мамандары болғандықтан, олардың ізденістері де әдебиеттанушылық сипатта. 
Атап өтетін бір еңбек 1961 жылдары жарық көрген Қ. Бейсембиевтің екі кітабы: 
«Идейно-политические течения в Казахстане конца XIX - начала XX веков» 
(1961), «Прогрессивно-демократическая мысль в Казахстане начала XX века» 
(1965).
Шәкәрім философиялық көзқарасының қалыптасуы туралы сөз болғанда 
оның өміріндегі Абай рөлі, Абай ықпалы жайлы арнайы айтпай болмайды. 
Шәкәрім әкеден жетім қалды деген аты болмаса, жетімдік көрмеген, Құнанбайдың 
ерке немересі болып өскен. Туысының талантты, табиғи дарынды, эр нәрсенің 
сырын білуге қуштар, зерделі зерек, қабілетті, талапты жанға тон ерекше мінезін 
Абай Шәкәрімнің бойынан бала кезінде байқаған. Жас шағынан бастап құштар 
болған жан-жақты өнерін Шәкэрім өмір бойы тыңдап, өркендетіп, өсіріп отырған. 
Балалық шағында туған ауылында түрікше сауат ашып, Абай жасаған ортаға 
таралған шығыс қисса дастандармен көптеген ел аузындағы аңыз-әңгімелерден 
де хабардар болып өсті. Жасы он бестен асқанда ақылы кемелденіп, ой өрісі 
тереңдеп өсе бастаған Шәкэрім ғылым жолына ойысып, ақындық өнерін де 
жарыққа шығара бастайды.
Жиырмадан өткенде,
Аз ғана ғылым окыдым.
Алғызып кітап шеттен де,
Көңілге біраз тоқыдым.
Білмегенді сұрадым, -
деп ¥ л ы ұстаз Абай ағасыньщ: «Ғылым таппай мақтанба, пайда ойлама, ар ойла, 
талап қыл артық білуге, артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деген ақылын 
саналы інісі - Шәкәрім ғылым-білім іздеуге білек сыбанып, құлшына кірісіп, тіпті 
«шеттен де кітап алғызып», құныға оқуға салынды. «Білмегенді сұрап» білетін 
ақылшысы қасында болды.
«Өлеңмен сөзді шеберлеп» айтқанын мақұл болар деп, анық ақындық жо­
лына түскенде, он тоғыз жасында жазған өлеңін, өзі құрбылас талапты жастарға 
арнап, оларды Абайдан үлгі-өнеге үйреніп, тағылым алуға шақырады. Шәкәрім
125 Ш әкэрім. - Алматы: Жазушы, 1988.-22-6.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет