Қожа Ахмет Яссауидің тоқсан тоғыз мың шәкірті болған деп айтылады. Ұлы бабамыздың рухани софрасынан нәр алған осы iзбасарлары көпшiлiктiң көңiлiне құдайдың нұрын септi, халықтың көңiл сарайын ашты, Хаққа алып баратын тура жолды көрсетiп бердi. Тарихи жазбалар мен халық аузындағы аңыз-әпсаналар бойынша Қожа Ахметтiң атақты орынбасарлары мыналар: Әмір Әли Хәкім, Хасан Бұлғани (Бұлғари), Имам Мерғази (Мәруази), Шейх Осман Мағриби.
Тарихи мәлiметтерге қарағанда Ясауидiң Мирату-л-Құлуб деген шығармасын жинақтаған атақты орынбасары - Сопы Мұхаммед Данышменд Зернуки ұстазынан алған бiлiмiн отырарлықтарға насихаттаған және сол қалада дүниеден өткен.
Халық аузындағы әңгiмелерге және Диуани Хикаметке қарағанда ұлы бабамыздың жоғарыдағы орынбасарларынан өзге Машын баба (Баба Мешін) атты iзбасары болған және ол - хикметтер тәрiздi “Әрбайн”, “Қылует” атты еңбектердiң авторы, тіпті Қожа Ахметпен бірге үш рет қылуетханаға түскен деген мәліметтер де бар.
Әзіреті Сұлтанның жолын басушы атақты iзбасары - әйгілі Арыстанбабтыңұлы Мансұр ата. Халық аңыздарына қарағанда Мансұр ата ұстазынан кейiн Ахметтiң қара шаңырағына иелiк еткен, одан кейін қара шаңырақ Тәж Қожаға өткен (Бұл атақты Зеңгі бабаныңәкесі).
Түркі халқына ең танымал Ахмет Ясауидіңүшінші ізбасары – Сүлеймен Хәкім ата Бақырғани екенi баршамызға аян. Әз Ахметтің жөн сілтеуімен ол Хорасан өлкесінде софрасын жайған және Хәкiм ата - «Ақырзаман кітабы», «хазіреті Мәриям кітабы» атты шығармалардың авторы.
Аңыздық мәлiметтерге қарағанда Хәкім ата аталмыш өлкеде көптеген дәруiштер жетiлдiрген. Орынбасарлары iшiндегi аты аңызға айналған атақтысы - Зеңгі баба. Зеңгі ата – Атын Орда хандарының мұсылман болуына себепкер болған ¦зын Хасан ата, Сейіт ата, Садыр ата және Бәдір атаның ұстазы.
Ішінде Сүлеймен Бақырғани(Хәкім Ата), Мұхаммед Данышпан, Мансұр Ата, Әбділкәрім қожа, Ұзын Хасан Ата, Ысмайыл Ата, Ысқақ Қожа, Садыр Ата, Әләмин Баба, Шайхалы Шайх, Маудуд Шайх, Камал Шейх, Хадим Шейх, Шопан Ата, Матшай Ата, Сейіт Ата, Көзді Ата, Ұлықпан Перенде, Таптұх Әміре, Қажы Бекташтың есімдері белгілі. Олар Орта Азия мен Анадолы өлкесінде халықтың діни сауатын ашумен ғұмыр өткерген. Түркістан төңірегіндегі он екі қыстақ Яссауи шәкірттеріне тарту етілген. Шобанақта Көктонды ата, Сунақтп Сәдуақас ата, Карнақта Мұқым ата жерленген. Яссауиден тәлім алған шәкірттер жан- жаққа тарап, хикмет ілімін жайған.
Шәкіртінің кемелдікке жеткен- жетпегенін тексеру үшін Әзірет Сұлтан сынақтан өткізеді екен. Мәселен, асасын лақтырып, оны тауып келуді бұйырады. Шопан ата сыннан сүрінбей өтіп, оның батасын алып, Маңғыстауға дін таратуға кетеді. Аз уақытта оның да шәкірттері он мыңға жетеді. Шопан ата жер астынан қылует мешіт- медреселер салдырып, шәкірттер оқытады. Немересі Шақпақ ата да бабасының жолын қуып, медресе ұстайды. Шақпақ ата жерасты мешіт- медресесінде Қожа Ахмет Яссауидің хикметтері қашалып жазылған.
Яссауидің Оқшы ата есімді шәкірті Шиеліге келіп, мешіт- медресе ашқан. Зеңгі ата Ташкент өңіріне келіп әрі бақташылықпен, әрі медреседе шәкірт тәрбиелеумен айналысады. Осы жерде бір айтатын нәрсе бар. 1917 жылы Патша өкіметі құлағанда Уақытша өкімет құрылды. Оны басқарған А. Керенский 1899-1916 жылдары Ташкентте халық ағарту ісінің бас инспекторы болып істейді. Осында жүргенде "Халық ағарту минисрлігі" журналына "Түркістан өңірі медресесі" деген мақала жариялайды. Онда " "Ташкентте Зеңгі ата мен Хәкім ата медресесі бар. Олар Ташкенттің орталығында орналасқан. Жылына 800 ден астам шәкірт оқып шығады. Бұл медреселерде Шығыс сопы шайырлары мен халық әдет- ғұрыптары, космологиялық және әлеуметтік көзқарастары оқытылады" деген. Ұзын Хасан ата , Сейіт ата, Садыр ата, Бәдір ата Бұқарадан келіп , Зеңгі атаға шәкірт болған. Кейін олар Өзбек ханды ислам дініне кіргізді.
Сүлеймен Бақырғани Үргеніште дін жаяды. Құсшы ата Түркістанның шығыс өңірінде жеті бұлақ қатар аққан жерге орнықты. Халық аштыққа ұрынғанда ол саят құрып, қоян, қаз - үйрек аулап елді асыраған деп айтылады.
Яссауидің шәкірттері бірнеше міндетті қатар атқарған сияқты. Олар Құранның құпиясына терең бойлаған соң кесел кісінің ауруын да жазумен шұғылданған. Ел ішін ауру- сырқау , оба жайлағанда емшілік қызметке амалсыз араласқан. Мысалы Имам Мерғазы көкжөтелмен ауырған сәбилерді емдепті. Лайқор ата елді шипалы балшықпен емдейді. Қылауыз ата қарақұрт, жылан шаққан адамға дем салатын болыпты. Осы дәстүрдің ХХ ғасырға дейін жалғасқанын мына деректен білеміз. Етжемес ишан ата туралы Н. Лыкошиннің 1916 жылы Петрогадта шыққан "Түркістанда өткен жарты ғұмыр" деген кітабында бүй деп жазады.
"Етжемес ишан алыс ауылдарға, далаға кетті. Сырдария сағасында өміо сүретін қазақтар арасында барды. Төрт жерде жертөле қаздырып, қырық күн жазғы шілдеде сол жерде Аллаға мінәжат етіп отырды. Басқа уақытта емдік шаралар жүргізді Ишан ол кезде қасида" хан дәрежесіне жеткен еді. Оны игерген жанның қасида оқу арқылы жазбайтын ауруы болмайтын . 1892 жылы оба ауруы тарағанда Шымкент пен Перовск (Қазіргі Қызылорда) арасындағы далалық аймақтарда обамен ауырғандарды емдеуге қиналмай барып жүрді. Қазақтардың айтысынша , емшілік науқастарға қолын тигізумен жүргізген. Ишанның шипасына халықтың сенімі өте жоғары. 60 жастағы қарияны бір тындырмай ауылдан ауылға көлікпен апарып жүрді. Жұқпалы аурудың беті қайта бастағанда ишанның қатты шаршағаны сондай , көлікпен көтеріп алып жүретін. Ишанның нәтижелі емшілік қызметі абыройын одан сайын аспандатты" деп жазады.
Яссауи ілімі Кавказ, Еділ бойы, Туркия, Ауғаныстан , Иран мен Пәкістанға да тарады. Ғалым Қазы- Мұхаммед Татаркулов былай деп жазады: Сопылық ықпалдың бастауын түркі тілдес сопы- ақындар Яссауи, Бақырғани, Жүйнеки шығармаларынан іздеу қажет. Олардың шығармасын Қарашай мен Балқарға ислам дінін қажылар , мектеп пен медреселерде білім алған шәкірттер таратты. Яссауи хикметі Дағыстан, Қарашай мен Балқардағы оқу орындарында оқытылып келді. Олар тау халықтары рухани мәдениетінің бір бөлшегіне айналды. Қарашай мен Балқариядағы руханияттың дамуына ХІХ ғасырдағы құмық ақыны Қақашорлық Әбдірахманның шығармашылығы тікелей әсер етті. Әбдірахман өлеңдерінде Яссауиден медет сұрайды. Өзін соның ілімінің өкілімін деп есептейді. Кітабы 1909 жылы Темірхан - Шорада жарық көрді. Онда мынадай ой толғайды: " Әзіретім айтқандай , дүниелік тіршілік- адамды қызылды - жасылды алданышпен сынау. Сондықтан Алланы зікір етіп , көңіл көзін ашудан асқан рақат жоқ". Атақты шайырлар Кәзім мен Ю. Хачиров та өлеңдерінде Яссауи мәдениетінен сусындағанын тілге тиек етеді.
Яссауи жолының Әзірбайжандағы мұрагері Насими , Хасаноглу, Омар Раушани аттв шайырлар болды. Түркімен ақыны Мақтымұлы Яссауи жайлы:
" Ей жеті ықылым иесі Ахмет Яссауи, Менің Сахибжамалымды (Тәңірімді ) көрдің бе?, " Қырқа киген Қожа Ахмет Сайрамдүр, Сайрамда" деп жырлаған. Кавказ жерінде Қобыз Абдулла, Үмми Кемел сынды Яссауи ілімінің мұрагері хәл ілімін таратты. Ғалымдар Яссауи ілімінің таралу аумағының картасын жасаған. Шәкірттерінің жерленген жерін анықтап, кесене , мазарларын хатқа түсірген. Осы арқылы хәл ілімінің қай аймаққа таралғанын айқындады. Яссауи шәкірттері Башқұртстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Ауғанстан, Иран , Әзірбайжан, Туркия, Болгария, Босно- Герцеговиния, Венгрия, Үндістанда, Қытай, Арабия, Сирияда, Ирак , Мысыр, Мароккаға дейін ілім таратқан.