Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


Драб тілді ислам философиясы



Pdf көрінісі
бет74/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117399
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Драб тілді ислам философиясы
7 7
қатарымен тең қылып, Кордовадан 73 шақырым жсрде орналасқан ескі еврей 
ауданы, Элисан жеріне тұрғьглықты туру үшін жер аударып жібереді. Тұтастай 
ғалымдардың қатарын аттандырып жіберуінің себебі олардың рационалис- 
тік философияға шектен тыс сенулері туралы сыбыс болуы жэне халиф қызып 
тұрған соғыспен байланысты туындайтын қауіптен оларды сақтандыруды қалауы 
мүмкін.
Бірнеше уақыт өткен соң әл-Мансұр философтың сарайға қайтьш оралуын 
қалайды, ойшыл келісімін беріп, Фасқа қайтып оралады, осы жерде үш жыл бір 
өзі өмір сүріп, 1198 жылы қайтыс болады. Үш айдан соң оның денесін Кордоваға 
апарып, жанұялық қабіріне жерлейді. Философ мұсылман әлемінде ең ірі Арис­
тотель талқылаушысы, керемет дәрігер және ғалым болды, латын тіліне аударған 
кезде «Аверроэс» ретінде танымал болды. Батыста да, Шығыста да оны «Шарих» 
немесе «Түсіндіруші» сияқты бір есіммен атады.
Ибн Рушд Платон еңбектеріне түсіндірмелер қатарын жазды, ал Аристотель- 
дің әрбір кітабына үш түсіндірмеден жазған. Түсіндірмелерінің бірінші тобын 
ол «Талхис» - «азғантай түсіндірмелер», екіншісін «Шарх» - «орташа түсіндір- 
мелер», ал үшіншісін «Тафсир» - «үлкен түсіндірмелер» деп атаған. Ибн Рушд- 
тың жеке туындыларьшан «Кітаб әл-Куллият» («Жүйе туралы кітап»), «Тахафут 
ат-Тахафут» («Терістеуді теріске шығару»), «Фасл ол-Макал» («Шешуші сөз»), 
«Замимат» («Кінэлау») секілді трактаттарын бөліп алуымызға болады.
Ибн Рушд есімінің Аристотельдің рационалистік философиясымен тығыз 
байланыста болғаны үшін оның кітаптарын ислам әлемінде үлкен қызығушы- 
лықпен қарсы алмады. Алайда үш ғасыр өткен соң ибн Рушдтың діннің ғылым- 
мен үйлесімділігі туралы идеясы Стамбул жаулаушысы Фатих Султан Мехмет- 
тің назарын аударды. Ол Қожазада Мустафа Мұслихұттин әпенді мен Алауддин 
Әли ат-Туси ғалымдарға философ еңбектерін зерттеуге бұйрық берді. Зерттеу- 
шілер, алдымен, эл-Ғазалидің «антиаристотельдік» ұстанымынан бастайды да, 
мүлде обьективті болмайды. Келямпашазаде, Хакім Шах әл-Казвини, Мұхиттин 
эл-Карабағи секілді Осман ғалымдары ол туралы кітаптар жазған. Олардың кей- 
біреулері Аристотель еңбектерін аудару барысында ибн Рушдтың түсіндірмеле- 
рін қолданған, сонымен қатар оның эл-Ғазалимен таласына қатысты ибн Рушд- 
тың ойларьш зерттеген. Кейін XIX ғасырда кейбір ислам әлеміндегі батысшыл 
ойшылдар Осман мемлекетіне бағынудан бас тартудың қажетгілігі туралы сөз 
қозғайды, олар элеуметтік, саяси жэне философиялық мэселелерді шешу үшін 
сол уақытқа дейін жиналып қалған ибн Рушдтың идеяларын рационалистік тэсіл 
ретінде қолданды. Олар ескі қатарды жинап қойып, зайырлы жэне демократия- 
лық басқаруды куруға тырысты, сондықтан ибн Рушд идеялары дәл осы бағытта 
қолдану үшін қажет болған. Ливандық ойшыл Фарах Антун журналдарының бі- 
рінде Э. Ренан құлшылық еткен ибн Рушдтың рационализмді «позитивистік» тү- 
сінуі туралы жазған. Келесі араб ойшылы Махмут Қасым қазіргі араб әлемінде 
ибн Рушд идеяларының өкілі атанған, өзінің өмірінің басым бөлігін ибн Рушд 
идеяларын зерттеуге арнаған.
Батыс әлеміне ибн Рушдтың әсері өте маңызды болып шықты. Кейбір зерт- 
теушілер ибн Рущд идеялары барлық интеллектуалды қалыптасқан дүниені 
ауыстыруға түрткі болды деп атап көрсетеді. Басқаша айтар болсақ, ортағасыр-


78


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет