Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


III тарау. Ортағасырльщ философия



Pdf көрінісі
бет75/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117399
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

III тарау. Ортағасырльщ философия
лық Еуропадағы тұгастай ғалымдар қатарының «ділін» ауыстырды, нәтижесінде 
Ренессанс жүзеге асты. Ибн Рушд оқырмандарының бір тобы Батыс үшін Арис- 
тотельді «қайта тірілтуге» тырысты; осы жағынан ибн Рушдтың еңбектері олар 
үшін құнды болды. Тіпті, христиандар арасында перипатетизмдітаратушылардың 
артық рационалистігіне қарсы түрған Фома Аквинскийдің өзі ибн Рушд түсін- 
дірмелерін қолдануға мэжбүр болды. Расымен де, перипатетизмнің идеяларына 
жауап беру үшін ол перипатетизмнің идеясын қолдануға мұқтаж болды; алайда 
ол оны тек Аверроэстың кітаптарын оқу арқылы жүзеге асыра алды. Сол сәт- 
те Стагерит философиясын нақты әрі анық жеткізген жалғыз философ сол еді! 
Алайда кейбір еуропалықтар ибн Рушдқа ешқандай қатысы жоқ атеистік және 
материалистік идеяларды теліп қойды. Сондықтан христиандық теологтардьщ 
арасьшда ибн Рушдты ашық жақтырмаушылар пайда болды. Мысалы, ибн Рушд 
ұстанған индивидтің денесі өлгеннен кейін (индивидуалдьшығьш жоғалту) оның 
парасаты жалғасушы ететін Жаратушының парасаты туралы идея жеке көзқарас 
болып саналмайды. Сонымен қоса ислам ойшылы ешқашан дін мен философия- 
ның арасын түбегейлі бөліп-жарған емес, оларды бір қайнар көзден сусындаған 
«бір анадан туған ағайындылар» деп атаған.
Сонда да оның идеяларының әсері маңызы жағынан шеттетіліп отырса да, өте 
зор болды. Сонымен, Роджер Бэкон өзінің «Опус Магнус» еңбегін Аверроэстың 
дін мен философияның бөлінуі туралы трактатын модель ретінде қолдана оты- 
рып жазды. XIV ғасырда ибн Рушд жазған дін мен философияның бөлінуі туралы 
идеясы сол уақыттың интеллектуалдарының арасында барған сайын кең тарала 
бастады. Алдымен, Францияда, кейін Италияда философ жазған идеяларды олар 
Еуропада интеллектуалды қатып қалушылыққа қарсы философиялық-мәдени 
қозғалысты ұйымдастыру үшін негіз ретінде пайдаланды. Сонымен, Данте «Қүді- 
ретті комедиясын» өзінің саяси басқару теориясын алға тарта отырып, ибн Рушд- 
тың ізімен жүру арқылы жазады.
Еуропада өмір сүретін еврей ғалымдары да ибн Рущц идеяларының маңызды 
әсеріне үшырады. Бұл аудармашы әл-Fазали еврей тіліне Исаак Албалаг, соны­
мен коса философтар Мойе де Нарбонне, Леви бен Герсх жэне т.б. Ибн Рушд- 
тың еуропалық ізін басушыларымен тығыз байланысты Коперник пен Дж. Бруно 
орнатты, олар кейбір идеяларында ислам философының ойларьш ашық қолданады. 
Испан тарихшысы Джуан Вернет Аристотельдің астрономиялық еңбектеріне ибн 
Рупгдтың жазған түсіндірмелерін латын тіліне аударған кезде Еуропада нағыз 
ғылыми төңкеріс болды деп жазады. Сонымен қоса тағы да пікірлер бойынша, 
Коперник гелиоцентризм туралы идеясын XVI ғасырда өздерін ибн Рушдтың ин­
теллектуалды «еркін ойлаушылар» мектебіне жатқызатын итальян ғалымдарынан 
алуы мүмкін деген ойлар айтылады. Христофор Колумб та, егер Испанияның 
батыс жағынан шығатын болсақ, Үндістанға қол жеткіземіз деген идеясын да ибн 
Рушд кітаптарында түсіндірілген аристотельдің дөңгелек Жер туралы түсінігін 
негіз етіп алады. Кейбір зерттеушілер Спиноза дін мен философия арасындағы 
байланыс тақырыбында ойлана отырып, нақты ибн Рушд идеяларының әсерінде 
болды деп көрсетеді.
Ибн Рушд алдындағы мұсылман философтарын, солардың ішінде Аристо­
тель философиясына жаңаплатондық идеясьш енгізгендері үшін ибн Сина мен
!
I
)


79
Драб тілді ислам философиясы
эЛ-фарабиді сынға алады. Оның көзқарасы бойынша, аристотелизмге эманация 
теориясын алғаш енгізген Профирий болды, содан кейін сол жолмен әл-Фараби 
мен ибн Сина жүріп өткен. Мүмкін, деп көрсетеді философ, мұның барлығы 
эл-Фараби мен ибн Синаның Аристотельге «Кітаб ар-Рубибият» немесе «Кітаб 
ұсұлиджия» кітабын қосып жазып қойғандарынан жаңаплатоншылдар мұсылман 
элеміне енді. Ибн Рущцтың пайымдауьшша, кітаптың авторы Профирий болтан, 
ол Аристотельдің «Органоньша» кіріспе сөз жазған, сол себептен эл-Фараби мен 
ибн Сина оны аристотелдіктердің өкілі деп қате қабылдайды.
Ибн Рушд бойынша, эманация философиясы Аристотельдің түпнұсқалы ең- 
бектерінде де, оған жазылған ежелгі түсіндірмелерде де болмаған. Сондықтан 
эл-Ғазалиге лайықты мән бере отырып, ол соңғысына қосылады, яғни эманация 
концепциясы тек болжамдарға негізделе отырьш дәлелдене алмайды. Эманация 
теориясына ибн Рушдтың сыни көзқарасын қысқаша келесі пунктер арқылы көр- 
сетуге болады:
1. Біріншіден, Құранда эманация туралы бірде-бір мэлімет жоқ. Бұл концеп­
ция Алланың барлық заттардың Жаратушысы болып саналатыньша күдікпен 
қарайды, ал бұл Құранда еш өзгеріссіз асты сызылып көрсетілген.
2”. «Бір нәрседен бір нәрсе пайда болады» деген тұжырым тек болжам тана 
жэне қате пікір. Бір нәрседен көптеген заттар пайда бола алады. Эманацияда көр- 
сетілгендей элемде иерархия жоқ.
3. 
Ибн Рушд Құраида жазылған элемнің жаратылысы туралы түсінігін Арис- 
тотельдің жаратылыс туралы түсінігін қолдана отырьш, өзінше талдаған пікірін 
татуластырғысы келді. Нәтижесінде ол барлық болмыс біртұтас сабақтас дүние 
жэне оларды біртұгас күш билеп тұр деген ойға келеді. Олай болса, эманация 
теориясында «көктегі парасат» жүйесі ретінде қарастырылған әлемге тэртіп бе- 
ретін механикалық кезекті күш жоқ, бірақ тек бір ғана шынайы күш - құдай бар.
Ибн Руіцц пен әл-Ғазали арасындағы интеллектуалды талас туралы бірне- 
ше соз’айтып өтуіміз қажет. Көптеген жылдар өткеннен кейін соңтысьшың өлі- 
мінён соң әл-Ғазалидің мұсылман перипатетизмінің философиялық ағымына 
қарсы шьщқан стиліне философ терец сьшау жасады. Ибн Рушдтың пікірінше, 
«Ислам тұжырымы» бірнеше байсалды қателіктер жіберген. Біріншіден, ол «Бі- 
рінпіі Ұстаз» - Аристотельдің философиялық көзқарасына сараптама жасамады,, 
тек оның ізін басушылардың - әл-Фарабд жэне ибн Сина философиясын оқы- 
ды; алайда ибн Рущцтың көзқарасы бойьшша, аталмыш екі философ Аристо- 
тельдің идеялар жүйесін толық күйінде көрсетуден алшақ болды. Философ- 
тың ойынша, эл-Фараби де, ибн Сина да бұл идеяларда бұрмалау жіберіп алған 
жэне. сонымен қоса, көптеген сұрақтарға өздерінің түпнұсқалы көзқарастарын 
айтуға тырысқан. Барльщ философтарды осы екі талымның еңбектерінің нэтиже- 
сі арқылы кінэлау дұрыс болмайды. Негізі эл-Ғазали Аристотельдің өзіне қарсы 
емес, оның уақытындағы мұсылмаи қотамында үйреншікті емес, философиялық- 
абстрактілі ойда бұқара идеологиялық жэне теологиялық таластарды туғызупіы 
рационалистік философияның белсенді таралуына, яғни ол өкілдері эл-Фараби 
мен ибн Сина болатын перипатетизм философиясының жалпы түсінігіне қарсы 
келді. Ибн Рушдтьщ екінші айыптауы, әл-Ғазалидің перипатетизм философиясы- 
ньщ концепциясын қате жеткізуі, бұрмаланған түрде; одан бетер ол терең филосо-


80


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет