Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 2 6 V II тарау. Х І Х -Х Х ғасырдағы философия



Pdf көрінісі
бет197/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117399
түріОқулық
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

2 2 6
V II тарау. Х І Х -Х Х ғасырдағы философия
Телепатия мен көріпкелдік сияқты психикалық жағдайлар қальпггағыдан 
тыс жэне табиғилықтан алые нэрсслер емес. Адам ақылы үш аспектіден тұрады: 
санадан төмен, саналы, санадан жоғары. «Қалыптан тыс» психикалық құбы- 
лыстар, мысалға, экстаз, данышпандық, т.б. парасаттың санадан жоғары іс-әре- 
кетінің салдары. Бұл жағдаймен йога философиялық жүйесі айналысады. Мұнда 
психологиялық ғылым негізіне метафизикалық қүрылым негізделеді. Үнді фило- 
софиясында монизм идеясы үлкен орын алған. Монистік идеализмді 4 түрге бе­
луге болады. 1. Адвайтизм. 2. Таза монизм. 3. Өзгерген монизм. 4. Талданатың 
монизм.
Философ™ тәжірибе негізінде шығады. Адвайта монизмнің философиясы 
психологияға негізделеді. Мұнда «мен» іс-әрекеті үш күйде көрінеді: 1) ояу жү- 
ру; 2) түс көріп ұйықтау; 3) түс көрмей үйықтау. Түс көру кезінде шынайы, нақты 
әлемді көреміз. Бүл өмірмен сәйкес келмеген соң түсті шьшайы қабылдаймыз. 
Бірақ бұл абсолютгі ақиқат емес. Тіптсн айнала қоршаған орта да салыстырмалы. 
Қоршаған орта бірқалыпты мэн емес, себебі біз ұйықтаған кезде ол жоғалып 
кетеді. Түс көрмей үйықтау кезінде біздің эмпирикалық санамыз өз іс-әрекстін 
доғарады. Түс көрусіз ұйқы қатты болтан соң объект сезілмейді, бірақ «мен» өмір 
сүре береді.
«Мен» ешқашан өлмейді жэне тумайды. Ол - мәңгілік, дене өлсе де, «мен» 
өлмейді. «Мен» тэрізді элетикалық көптеген объектілер бар. «Мен» өзгермейді, 
түрақты, ал эмпирикалық объект түрақсыз және өзгермелі. «Мен» - абсолют- 
ті, ал эмпирикалық объект көңіл-күйге орай өзгереді. Әлемді қалай түсіндіруге 
болады? Эмпирикалық, объектілер кеңістік, уақыт, себептілікпен шектелген. Егер 
«мен» біртұтас, өзгермейтін болса, онда біз қарама-қайшылыққа толы көптеген 
объектілерді кездестіреміз. Бұлар - «мен» емес, субъектілер объектісі. Уақыт, 
кеңістік, себеп - бұлар іштей қарама-қайшы. Олар тек құрамдас бөліктеріне тәуел- 
ді салыстырмалы ұғымдар жэне шынайы мэнге ие емес. Бірақ элемнің мэні бар, 
біз онда әрекет етеміз. Біз бұл элемнің себебін білмейміз. Әлем мәні түсініксіз 
болған соң ол «майя» сөзімен беріледі. Біздің шектеулі парасатымыз уақыт, ке- 
ңістік, себептің шектеуінен шыға алмайды. Абсолюттіні ешқашан таным объек- 
тісі етуге болмайды. Абсолютті «менді» санамен тани алмаймыз, себебі сана да 
салыстырмалы нәрсе.
Абсолютті болмыс логикалық жолмен танылмаса да ақиқатгы реалдылық 
деп тануға ұмтылған эрбір адамга түсінікті. Абсолютті болмыс - барлық таным- 
ның мэңгілік куәгері. Адвайтист өз теориясының логикалық фактілерге сүйене- 
тінін айтады. Эмпирикалық жеке нэрселер адвайтист бойьпшіа өмір сүреді және 
«меннің» бір бөлшегі болып табылады. Оның себебін біз білмейміз. Бұлардың 
барлыгы қарама-қайшылыққа толы. Міне, Адвайтаның философиялық позициясы 
осындай.
С. Радхакриш нан (1888-1975 ж.) XX ғасырдағы үнді елінің көрнекті ойшы- 
лы, «Үнді философиясы» деген көлемді еңбегі бар. Ол өзінің философиялық 
жүйесін жасау үшін өз халқының рухани мүрасын үйрену және Батыс филосо- 
фиясын талдау тэрізді жолдардан өтті. Философия қызметі - өмірді реттеу жэ­
не әрекетті басқару. Радхакришнан бойынша, үнді философиясы спиритуалистік 
мағынага ие болған. Философтың пікірінше, Үнді елі тәуелсіз болған соң оған




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет