Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 2 8 А V II тарау. Х І Х -Х Х гасырдағы философия



Pdf көрінісі
бет199/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117399
түріОқулық
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

2 2 8
А
V II тарау. Х І Х -Х Х гасырдағы философия
ді. Үнділік діни-философиялық дәстүрге сэйкес, Радхакришнан руханилық күш- 
терден махаббат және күш көрсетпеуді әмбебап моральдың басты принциптері 
етіп бөліп алады. Олар абстрактілі, жалпы мінез-құлықтық категориялар, нақгы 
тарихи мячмүны және таптық, әлеуметтік тэуелділігі жоқ. «Махаббат заңының» 
басты әрекет ету саласы дін деп санады, бірақ мұнда бір негізгі шартты қойды: 
фанатизм мен шовинизмнен арылу. Сөйтіп, махаббат заңын түсіндіру позитив- 
ті гуманистік бағытка ие болды. Махаббат заңы күш көрсетпеу принципімен ті- 
келей байланы'сты. Радхакришнан бұл принципті джаинизмахимсаның этикалық 
категорияларынан шығарды. «Егер біз эрбір адамда құдайлық бір нэрсе барына 
сенсек, онда біздің адамға қатынасымыз жамандық жасамайтын қатынас болуы 
керек». Махаббат - барлық өркениеттің негізі. Философ күш көрсетпеу принципі 
махаббат заңы сияқты жиі бұзылатынын білді. «Бұл әлемде, - деді Радхакришнан, 
- күш көрсетпеуден тартыну мүмкін емес. Сондықтан ахимса идеяларына жүгіну 
керек. Біз өзіміз күш көрсету саласын қысқартып, сендіру саласын кеңітуіміз тиіс. 
Сөйтіп, ахимса - бұл эрдайым алдымызда көрініп тұратын идеал».
Негізгі идеяларға сүйеніп, Радхакришнан мінез-құлқы толық адамды анық- 
тады. Ол - өз ішіндегі жаулары - ақымақтық, ақылсыздық, өткенге жалтақтау, 
әлемнің үздіксіздігін түсінбеу фактілерін игере алатьш жаңа адам. Адам - эво- 
люциялық ағымның инструменті. Ол интеллектуалдық деңгейден руханилық 
деңгейге қарай дами алады. Түпкілікті принциптер негізінде діндердің бірігуі 
адамзатқа әмбебап, мэңгілік діни жол ашады. Мұндай дін қазіргі діни ілімдерге 
тепе-тең емес, ол трансцендентгі. Мұндағы идеялар қоғамдық өмірдің ең түпкі 
мағынасын береді. «Мэңгілік діннің» қоғамдық-тарихи рөлі - барлық адамзатты 
біріктіру. Мәңгілік дінді Радхакришнан мәдени, элеуметтік, саяси байланыстарды 
жэне бүкіләлемдік масштабтарда қатынастарды жасаушы күш деп түсінді.
Қазіргі үнді философиясының негізгі ұлы философ-ойшылдарының бірі 
Ауробиндо Гхош (1872-1950 ж.) болып табылады. Ауробиндо Гхоштың фи- 
лософиялык, жүйесі құрылым жағынан күрделі, өйткені оның философиялык, 
жүйесі «синтез» ұғымның төңірегінде құралған, яғни ол «синтез» ұгымын барлық 
салада қолданады. Батые пен Шығыстың мәдениетін, материя мен рухты салыс- 
тырғанда қарастырады. Яғни ол өз жүйесін «интегралды йога» деп анықтайды. 
«Интегрализм» оньщ дүниетанымдық мәселелерінің басқарушы принципі болып 
табылады.
Аурогинда Гхош бойынша, өмір - материя мен рухтың күресі. «Өмір мате- 
риямен ұдайы күрес жағдайында болады жэне ол күрес өмірдің жеңілісімен 
аяқталып отырады. Араздық ақыл пайда болғаннан бастап тереңдей түседі, себебі 
бұл араздьщ өмірмен де, материямен де жауласады. Олардың тар шеңбері, түптеп 
келгенде, ақылдың аздаған жеңісіне де экеледі».
Бірақ Ауробиндоның философиялық жүйесінде интегрализмнің негізгі обьек- 
тісі болып үндінің діни-философиялық дэстүрлері, оның ішінде веданталар мен 
йогаға ерекше көңіл бөледі.
Бул мэселелерге көңіл бөлген себебі веданта мен йога «интегрализмнің» 
негізгі бастамасы больш табылады. Соның ішінде йога мәселесі үлкен орын 
алады, соған байланысты Ауробинда арнайы трактат жазды. Ол «Йога синтез!» 
деп аталады. Бұл «синтез», ең алдымен, «йога» ұғымының этимологиясына не-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет