Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет202/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117399
түріОқулық
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Нисида
Китаро 
(1875-1945 ж.). Еңбектері: «Ізгілікті тану», «Бейболмыстың сана шеңбе- 
ріндегі анықтамасы» жэне т.б.
Оның ең үлкен мақсаты Шығыс мәдениетінің ерекшелігін тану болды. Шы- 
ғыс мэдениетінің ерекшелігі Шығыс философиясында тұр. Шығыс философиясы- 
ның ең мықты ұғымы бейболмыс деді.
Бейболмыс бұл дзэн іліміне байланысты. Философия мен дзэн-буддизм қо- 
сылады. Дзэн дегеніміз - «Мен», реалды өмір, онымен санаспауға болмайды.
«Мен» тікелей элемде пайда болтан жэне одан бөлініп ешқайда шыға 
алмайды. Мүмкіндігі жоқ. Ол тек ешқашан жоғалмайды, сондай-ақ қажеттілік те 
туындамайды. Сондықтан да оған осы әлемнен сыртқа шыға алам деп ұмтылмауы 
керек.
Н. Китароның қарастырған негізгі проблемалары: «Сана проблемасы», 
«Ойлау мен тәжірибе», «Ойлаудан түсінікке ауысу», «Өзіндік сана мен терістеу- 
дің шектелуі жэне жапон мәдениетінің проблемасы» болды. •
Нисида Китаро философиясында буддизм сектасыныц мистикасы «Дзэн» де- 
генде ол дүниеде элемнің бар екеніне сенеді. Қайғыру - істің реалды жағы. Орын 
мен уақыттың нақтылығының сыртында ғылым да, өмір де жоқ. Нисида Китаро


Ш ығыс философиясы
231
фидеистер мен теистер сияқты реакдионистік идеяларды жақтады. Оның «диалек- 
тикалық терістеу» мен «диалектикалылық» жөніндегі ойы буддистік жэне мис- 
тикалық өсиеттерге сай келеді. Адам (творение) жаратушы ретінде Жаратушымен 
бірге абсолютті бір бүтін жэне нақты фактілі жэне тарихи қажетті, тек абсолюттік 
көрінісінің кезеңі немесе «диалектикалық жалпылық», сондықган да адам Құдай 
образы болып табылады.
Нисида Китаро, алғашында, Аристотель философиясына сүйенеді. «Бірақ, 
— дейді Нисида, - Аристотельдің логикасын нақты болмыстың логикасы деу- 
ге болмайды». Сонан соң ол Гегельге сүйенеді, бірақ Гегельдің логикасы элі 
абстрактілік терістеудің диалектикасы емес. Оның ойынша, заттың объектив- 
тік қарастырылуының ғылыми әдісі диалектикальщ болып табылмайды. Мұнда 
Нисида Китаро оны феноменализмге жақын дейді. Көптеген проблемалар жө- 
нінде феноменалистік көзқарасша ойлау мүмкін емес, ғылыми позицияда бола 
отырып, нақты ақиқат болмыс туралы, дэл осылай феноменология позициясы 
бойынша, ақиқат обьективті болмыс жөнінде ойлауға болмайды. Нисида Китаро 
Канттың таным теориясына да жүгінеді, бірақ ол да оны қанағаттандырмайды. 
«Мен»-ді Нисида Китаро Кантқа сай логикалык формадан шыкдай көрсетеді. Ең 
алдымен, қарама-қайшылықтан, форма мен мазмұн байланысынан, субъект пен 
объект байланысынан шығады. «Менің заттар туралы ойлау әдісім логика субъек- 
тісіне сүйенеді», - дейді ол. Бұл таным теориясының интеллектуалды эдісі. Затгар 
туралы жалған объективтік ілім жоқ, ал абсолютгі бейболмыс бар.
Маркс пен Энгельсы оқып, марксизмге терістеушілік білдірді, яғни қарсы 
болды. Бұл әлемде қоғам мен мемлекет адамның өмірінде ерекше, ол адамдық 
өмірді қалыптастыруға ұмтылады, олар реалды күштерге сүйенеді. Өзі- 
нің ойлауының нәтижесінде көрінетін заттар бар, яғни бұл тек мистикалық 
қабылдаудың сезінуі болып табылмайды, керісінше, бұл екінші рет болмыстың 
негізін ашу болып табылады. Оны ойша саралау деп те атайды. Бірақ ол бер- 
гі өмірден шығады. Біз адамдар индивидиум ретінде мәңгілікке әсерден бөліне 
алмаймыз.
Барлық заттың ең басқы мэні болады. Ол мәндер жалқылықта, осы дүниенің 
ортасында адамның «Мені» тұрады. Ол дүниеден бөлініп алынбайды. Оны «таза 
тәжірибе» деп атайды.
' Нисида Китаро «таза тәжірибесі» - бұл сананың тәжірибесі. Субъект пен 
объект қарым-қатынасы - Құдай. Құдай - жалпылық. Құдай болмысының негі- 
зі тек трансцендентті нәрсе емес. Ол - рухтың ұлы, универсум. Дүниенің бэрі -
Құдай. Құдай тек қарапайым нэрсе емес, ол жоғары, одан үлкен нәрсе. Құдай өзі 
абстрактілік болмыс. Бейболмыс - таза тәжірибе.
«Субъект болып табылатын предикат бола алмайды», - дейді Нисида. Мұнда 
терістеуді шектеудің өзіндік құрылысы өзімен өзі реалды тіршілік етуші заттардың 
мэнін логикалық түрде көрсетіп берді.
Нисида Китароның идеялық позицияларын бірден анықтау қиын. Ол жастық 
шағынан бастап щығармаларында буддистік секта - «Дзэннің» әсерінде болды, 
бірақ ол Батые философиясын да оқыды. Оның кезінде социалистік идеялар прог­
рессивы болды. Оның идеялары - ұлттық жэне рухани жеке идеялар. Нисида 
халықтық идеялар ағымыньщ дәл ортасьщда тұрды. Еуропа идеялары Жапо-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет