Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


К өне түркі жазбаларындағы алғы философиялың ойлар



Pdf көрінісі
бет242/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117399
түріОқулық
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

К өне түркі жазбаларындағы алғы философиялың ойлар
271
Сапа категориясы қасиет ұғымына алып келеді. Ол пэннің басқа заттар мен 
шындыққа деген қатынасынан туындайды. Қасиет сапаның мазмұны, потенциал- 
ды мүмкіндігі больш табылады75.
Ғұндардың өзі заттар мен тіршілік иелеріне сана тұрғысынан қарады. 
Мейілінше күшті күтім тілемейтін, алыс жорықтарға төзімді асыл тұқымды 
жылқыларды өсіргенді дұрыс көрді. Тайпа көсемін оның сапалық қасиетгерін 
салмақтай отырып сайлады. Оның қасиеттері неғұриым күштілігі, айлалы 
(алысты болжағыштығымен) көргендігімен бағаланды. Мұндай сапалық қатынас 
мьшада да көрінеді. Күпггілері айлалы жэне дэмдіні жейді, қартайғандары 
солардың қалдықгарымен тамақтанады. Жастар мен мықтыларды сыйлайды, 
кәрілер мен әлсіздердің сыйы аз. Жауьгагер шапқыш қасиеті жауынгерлік сапаның 
сыртқа шығу қалпы болып табылады. Бұл енді берілген сапалардың сандық 
өлшенуінің қажеттілігін туғызды. Бұл диалектиканың келесі категориясы ретінде 
сан мәселесіне көшу іске асады. Сан ұғымы заттардың санағының түзілуінен 
жетілуімен, олардың өлшенуі мен объектілерге эртүрлі сандық мінездемелердің 
телінуімен туындайды. Былай айтылады: «Үйсіндерде жылқы көп, олардың ең 
бай адамдары төрт-бес мың жылқы иеленеді». Малшылықгың дамуы сандық 
айқындылықты дүниеге әкелді. Санның онтологиялық мінездемесі эрқашан 
кеңістік пен уақыт болды.
Қазақтың ата-тегінің еңбек эрекетімен, яғни мың шақырым, одан да ұзаққа 
созылған көш жолдарыньщ белгілі бір күн мен айға байланысты басып өтілуін 
белгілеумен кеңістік уғымының дамуы басталды. Тіптен күндік көш жолы бір 
көш, сондай-ақ қозы көш, апталық көш, т.б. қаіныктық мөлшері белгіленді. 
Кеңістік бет-бағдары қазақтардың ата-тегімен көне түріктерді басқа халықтардан 
тұрақтарының есігінің шығысқа багытталуымен ерекшелейтін ғұндар жайлы да 
былай делінген: «Шаньюй ертемен қосынан күнге табыну үшін, кешке айға та- 
быну үшін шығады. Ол сол жақта бетін солтүстікке беріп отырады. Ғұндардан 
қалған бұл дэстүр түріктерге ауысты. Бұл гұндардың алғашқы түріктер екендігі 
жайлы болжамды қуаттайды. Киіз үйлерінің есігі эрқашан оңтүстікке ашылған 
Моңғолиядан айырмашылығы осында. Біргқызық жайт Моңғолия қазақтарының 
киіз үйінің есігі осы жердің тұрғындарынікіндей оңтүстікке қарайды. Таным 
бағдарында шығысты құрмет тұтушылық кене тас балбалдардан да көрінеді. і 
Түріктердің ежелгі молаларының барлығщның беті шығысқа бағытталады. Тіптен 
көне түрік тілінде Шығыс алдыңғы жақ, батыс (кейінгі) арқа бет, ал ощүстік 
оң, солтүстік сол жақ болып саналады. Күлтегін ескерткішінде былай делінеді: 
«Ілгері - күншығысқа, оңға - түстікке, кейін - батысқа, солға - терістікке делінеді. 
Әйткенмен көшпенділіктің дамуымен бағдар өз мәнін жоғалта бастады. Егер 
есік пен түңліктің шығысқа бағытталуы күннің алғашқы сәулелерін сезінуге 
мүмкіндік берсе, ал бұдан кейін күн сәулесінің шаңырақ шеңберін бойлай жыл- 
жуы және уықтар ерекше бір уақыт өлшеулігі сағат ретінде қызмет атқарады. Ал 
бұл кеңістікте орналасудың қатаң тэртібін бекітті.
Жалпы адамзат өркениетіндегі әйгілі мәдени ошақтардың ұдайы көшпенділер 
мекені мен жапсар өңірлерде дүниеге келіп отырганы кездейсоқ емес. Әлемдік
75 Өмірэлиов Қ. VIII-XII ғасырлардағы көне түрік эдеби ескерткіштері. - Алматы, 1985. - 78-6.


Ill


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет