Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


V III тарау. Крзак, философиясы



Pdf көрінісі
бет243/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117399
түріОқулық
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

V III тарау. Крзак, философиясы
діндердің бастау тегіне Тэңіршілдік діннің өзекті қағидалары арқау болған. 
Тэңіршілдік дін уақыт пен кеңістікті игеруге талпынған, қоршаған ортамен тіл 
табысуға ұмтылған адам баласының алғашқы таным-түсінігі еді. Тэңіршілдік дін 
көшпенділердің өмір сүруінің кепілі болып, өмір салтына айналды.
Қазақтар күні бүгінге дейін таңның атуы мен күннің батуына дейінгі уақытгы 
беске бөледі: таң, сәске, түс, екінді, ақшам. Осы дәстүр Сырдария бойында 
туған Заратуштра діні арқылы иудаизмге ауысты, одан ислам дініндегі бес уақыт 
намаздың орнығуына себепші болды76.
А. Тарақтының материалдарында көрсетілгендей, қазақтар эрбір маусымды 
өз ішінде үшке бөледі: қоңыр күз, сары ала күз, қара күз немесе қыстың басы, 
қыстың ортасы, қыстың аяғы, т.б. Осынау өмір салтының өзегінен бір жылды он 
екі айға бөлетін таным-түсініктің бастау тегі аңғарылады77.
«Көшпенділер мәдениеті өзінің 3 мың жылдық ғұмырында Жерорта тенізі мен 
Қиыр Шығыс елдеріне қарағанда шығармашылық эволюцияны бастан өткерді»78.
Қазақ халқынын алғы философиялық дүниетанымының қалыптасуына мифо- 
логияльщ (қиял-ғажайып) ертегілері, хайуанаттар (жан-жануарлар) жайындағы ер- 
тегілері, реалистік (тұрмыс-салт) ертегілерінің де әсері өте үлкен болды. Бұл ерте- 
гілер өте ерте замандарда адамның табиғат сырын әлі толық түсініп болмаған кез- 
де туған. Мұндай мифологиялық наным-сенімдер жэне оның тарихы үнді, қытай, 
грек, араб елдерінде көбірек сақталған. Ал қазақ мифологиялық эпсана ертегілері 
кейінірек дүниеге келген болса керек. Бірақ қазақ аңыз-ертегілерінің ой туғызар дү- 
нистанымдық тұстары - олардьщ адамды бірінші орынға қоя білуінде. Жалпы айтар 
болсақ көне шығыс пен алғы түрік мәдениетінен нэр алған қазақ аңыз-ертегілерінің 
көшпенділер рухани болмысымен біте қайнасқан ауыз әдебиеті, фольклор, эпостық 
жырлар, сал-серілер, ақын-жыраулар шығармашылығы, хальщ даналығының, қазақ 
философиясының қайнар көзі, алғы бастауы болды деп айта аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет