Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


III тарау. Ортағасырльщ философия



Pdf көрінісі
бет69/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117399
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

III тарау. Ортағасырльщ философия
және өзі де сүйікті бола білуге талпындыру, сонымен бірге мейірімділік сезімін 
ояту қажет, олар оны сүйіп, аймалап, еркелетіп отырулары керск. Екінші жағынан 
алғанда, балаға шамадан тыс жайлылық пен барлық қажеттілікті жасап отырудың 
қажеті жоқ, өйткені есейген соң ол сол заттарды таба алмай өмірінің соңына дейін 
бақытсыз болып өтуі әбден мүмкін.
Физикалық тәрбие беру тұрғысынан эл-Ғазали ата-аналарға келесі кеңестсрді 
ұсынады: 1) ата-аналар балаларын үнемі бір күн де, бір уақыт та дене жаттығуын 
жасап тұруға мәжбүрлеу керек; әйтпесе, балада жалқаулық пен артқа тарта беру 
қасиеттері пайда болу мүмкін; 2) баланың сүйегі мен терісі дүрыс жазылып жату 
үшін оны қатгы керуетте ұйықтату керек. Ол сонымен қоса баланың назарын де- 
ненің эстетикалық сұлулығына аудару қажеттігін жэне оның бойында барлық 
болмыс сүлулығына таңғалу сезімін дамыту керектігін атап көрсетеді; 3) баланың 
күндізгі ұйқысына кедсргі жасау керек, ойтпесе ол баланың жалқау болуына алып 
келеді. Ал түнгі ұйқы еш кедергісіз ұзаққа созылуы қажет; 4) оқудан кейін баланың 
пайдалы ойындарды ойнауына рұқсат ету қажет, ойнаған бала шаршағанын ба- 
сып, ойлау жэне дене қабілеті шапшаңдай түседі. Осыған байланысты баланың 
ойнауға деген қүштарлығы «заңды» түрде қанағаттандырылады жэне балада үл- 
кендерден тығылып ойнауға деген қалауы пайда болмайды.
Қоғамдық тәрбие беруге байланысты ойшыл былай дейді, ата-аналары бала­
ларын қоғаммен идеалды үйлесімділікте болатындай етіп тәрбиелеугс міндет- 
ті. Тэрбие тамақ ішетін үстел басынан басталып, достарымен араласу арқылы 
жалғасып, өзінен үлкен адамдармен әңгімелесу барысында баланың сөйлеу мәне- 
рімен аяқталады. Үстел басындағы баланың этикетіне баланың ата-аналарымен 
бірге отырып, бір астан ішулері зор осерін тигізеді, дэл осылай пайғамбарымыз 
(а.с.с.) жасаған болатын. Екінші жағынан, бұл баланы қоғамдық өмірге үйретеді, 
оны әлеуметтендіреді.
Баланы дұрыс түруға, дүрыс отыруға, қалай сөйлеу, адамдармен қарым- 
қатынас жасау кезінде қандай этикетті үстану керектігін, үлкендерге қалай құрмет 
көрсетуді үйретуі тиіс. Оған жақсы дос тауып беруге көмек көрсету қажет. Қандай 
да бір материалды затты иеленіп, онымен мақтануына жэне өзін-өзі мадақтай 
беруіне жол бермеу қажет. Оны қарапайымдылық пен өзін сынай білуге үйре- 
ту керек. Өйткені ата-аналары балаларына үнемі қалаған нәрселерін алып бере 
алмайды; нәтижесінде бала қалаған нэрсесін алу үшін басқа жолға түседі немесе 
ішінен тұйықталып, өзін толыққанды сезіне алмайды.
Әл-Ғазали бойынша, балаға діни білім беру басқа білім беру түрлері секілді 
отбасынан басталады.
Әл-Ғазали «сопылық» философиясының дамуына зор үлес қосты. Оған дейін 
«сопылықты» көптеген мұсылмандар қабылдамады жэне «ресми» ислам ғылы- 
мының деңгейіне эрең көтерілді. Әл-Ғазали осы «Ислам дәлелін» (ар. «Хұджат 
әл-Ислам») қабылдап қана қоймай, өз өмірінде сопылықты белсенді тәжірибе- 
ден өткізді. Әл-Ғазалиден кейін ислам ғұламаларының көпшілігі философ секілді 
барлық сұрақтарға «Шариғат» (қасиетті мәтіндердің айқын жақтары, ар. «Захир») 
көзқарасымен қараса, «Сопылықты» да (қасиетті мэтіндердің жабық эрі құпия 
жақтары, ар. «Батын») солай қарайтын болды. Балалық шағынан бері сопылық 
дәстүрмен жақын таныс эрі осы ғылым саласының шеберлерінен «Сопылық»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет