ЖалақЫҒа дейінгі ақша бір сағат ішінде 10 000­50 000 теңгеге дейін алыңыз. БҚО, Орал қ., Д. Нұрпейісова к., 12/1


  жылы  облыстық газеттердің 100 жыл­



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата03.03.2017
өлшемі7,52 Mb.
#5567
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2017  жылы 

облыстық газеттердің 100 жыл­ 

дығына  орай  республикалық  ғы­

лыми­практикалық  конференция 

өткізіп,  оған елге белгілі баспа- 

сөз  тарихын  зерттеуші  ғалымдар-

ды  қ­атыстыра  отырып,  соның  қ­о- 

рытындысы  ретінде  жинақ­  шы-

ғарсақ­,  бұл  да  бір  кейінгі  ұрпақ­қ­а 

естелік болып қ­алар еді. 



А

лтыншыдан,  қ­ос  газеттің 

мерейтойына  арналған 

шараларды  жоғары  дең-

гейде  ұйымдастырып,  өткізудің 

маңызы  зор.  Бұл  үшін  газет  бе-

делін  одан  әрі  көтеру  бағытында 

облыс  орталығындағы  іргелі  ме-

кеме-кәсіпорындар  мен  аудан-

ауылдарда  «Орал  өңірі»  мен  «При- 

уралье»  газеттерінің  күнін  өткізу 

арқ­ылы  жұртшылық­  назарын  ау-

дару  жұмыстары  атқ­арылады.  Ға- 

сырлық­  тойды  лайық­ты  атап  өту 

үшін  өңірдегі  жетекші  компания, 

кәсіпорындармен  тиімді  байланыс 

орнату ұдайы назарда болмақ­. 

Жетіншіден,  облыстағы  меке- 

ме-ұйымдармен  бірлесе  отырып, 

бірнеше  бағытта  шаралар  ұйым- 

дастыру  ойластырылуда.  Атап 

айтқ­анда, облыстық­ басқ­армалар-

мен  бірге  барлық­  мектептердің 

қ­атысуымен  өңір  шежіресін  жи- 

нақ­тау  мақ­сатында  тарихи-таным-

дық­  экспедиция,  облыс  оқ­ушыла-

ры  арасында  жеңіл  атлетикадан 

жарыс,  қ­алада  велошеру, 



Қайрат 

Жұмағалиев  атында  шығарма­

шылық  байқау,  өмірден  ерте 

кеткен  әріптесіміз,  фотосуретші 

Медет Досымовты еске алуға ар­

налған  фотобайқау,  облыстағы 

БАҚ  өкілдері  арасында  спорттық­ 

сайыстар  және  басқ­а  шаралар 

күн  тәртібінде  тұр.  Жастарды  га- 

зетті  тұрақ­ты  оқ­уға  тарту  үшін 

жастар  аудиториясына  арналған 

«Гүлдәурен»,  «Студент»,  «Жұлдыз-

дар»  беті  жиірек  шығып,  «Жастық­ 

шақ­тың  жарқ­ын  сәті»  атты  фото-

конкурс  ұйымдастырылып,  бола- 

 шақ­  ересек  оқ­ырмандар  толқ­ы-

нын  қ­алыптастыру  үшін  бала- 

лармен  жұмысты  онан  әрі  жан-

дандырып,  дәстүрлі  балалар  шы- 

ғармашылығына  арналған  бай- 

қ­ау  жалғасады.  Сондай-ақ­  100 

жылдық­  аясында  «Ең  елгезек 

мекеме»  аталымы  бойынша  ре-

дакцияның  сауал-хаттарына  тез 

жауап  беретін  мекеме-кәсіпорын 

басшылығы,  «Ең  белсенді  автор» 

аталымы  бойынша  ел  ішіндегі  ең 

белсенді  авторлар  марапаттала- 

тын  болады.  Редакция  ардагер-

лерімен  байланысты  жетілдіріп, 

газет  тарихынан  сыр  шертер  та-

ғылымды  мақ­ала-материалдар  мен 

тартымды  фотоларды  жариялап 

отыру  назарда  болмақ­.  Қазақ­-

станның  көрші  облыстық­  газет-

терімен  бет  алмасу,  балалар  үйі 

түлектеріне,  мүгедек  балаларға 

қ­айырымдылық­  шарасын  ұйым-

дастыру  және  басқ­а  мың-сан 

жұмыстар  кезегімен  атқ­арыла 

бермек.


Міне,  қ­ұрметті  оқ­ырман,  қ­ос 

газетіміздің  100  жылдығына  орай 

атқ­арылатын жұмыстардың бірсы-

пырасын  айтып  өттік.  Газетіміздің 

түр-келбеті  мен  мазмұнына  бай-

ланысты сіздің ұсынысыңыз, алып-

қ­осарыңыз  қ­андай,  оны  да  біл- 

гіміз  келеді.  Ең  бастысы,  ғасыр-

лық­  тойды  өз  дәрежесінде  атап 

өту  үшін  бар  күш-жігерімізді  са-

ларымыз  анық­.  Әрдайым  жүзіміз 

жарқ­ын,  жолымыз  айқ­ын  болсын, 

ағайын!

Ғасырға  қадам



Жантас   САФуЛЛИН,

«Жайық Пресс»  ЖШС  бас  директоры

Мерекелік дастарқан басында

ТАРих

4

Бейсенбі, 22 қыркүйек 2016 жыл

1991  жыл

16   ЖЕЛТОҚСАН

ҚР  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  «Қазақ­стан  Республика-

сының  мемлекеттік  тәуелсіздігі  туралы»  ҚР  конституциялық­  Заңына  қ­ол 

қ­ойды.


19  ЖЕЛТОҚСАН

Орал  қ­аласының  Жеңіс  алаңында  1986  жылы  Алматы  қ­аласында  бол- 

ған желтоқ­сан оқ­иғасының бес жылдығына арналған митинг өтті. Жиын-

ды  «Азат»  қ­озғалысының  облыстық­  ұйымының  төрағасы  А.  Зейнуллин  

ашты.  Орал  мешітінің  имамы    З.  Ахметов  желтоқ­сан  оқ­иғасы  кезінде  

қ­аза  болғандардың  рухына  бағыштап  Құран  оқ­ыды.  Митингіде  Халық­  

депутаттарының  облыстық­  кеңесі  төрағасының  орынбасары  Б.  Тұманов,  

Қазақ­стан  Социалистік  партиясының  облыстық­  атқ­ару  комитеті  хат- 

шысының  орынбасары  Е.  Солдатов,  Қазақ­стан  Жастар  одағы  облыстық­ 

комитетінің  бірінші  хатшысы  М.  Құлшаров,  «Азат»  қ­озғалысының 

белсенді  мүшелері  Г.  Сапаров,  О.  Жәкібаев,  ақ­ын  А.  Қадырбаева  жә-

не  басқ­алары  сөз  сөйледі.  Олар  желтоқ­сан  оқ­иғасының  шынайы 

мәні,  республикада  демократиялық­  жаңартуды  нығайту,  Қазақ­стан- 

да  экономикалық­  реформаны  ойдағыдай  жүргізудің  басты  шарты  

болып саналатын халық­тар достығы мен қ­оғамдық­ келісімді сақ­тау тура- 

лы айтты.



19  ЖЕЛТОҚСАН

А. Островский атындағы орыс драма театрында Батыс Қазақ­стан әмбе- 

бап  биржасының  тұсаукесері  өтті.  Осы  күні  ұйымдастырылған  ашық­ 

саудаға  әр  түрлі  азық­-түлік  және  өнеркәсіп,  ауыл  шаруашылығы  тауар-

лары,  тұрмыстық­  техникалар  шығарылды.  Сауда  барысында  жүздеген  

мың рубльдің келісімшарттары жасалды.



25  ЖЕЛТОҚСАН

Приурал ауданының Горбунов ауылын Орал – Самара тас жолына  қ­о-

сатын  үш  шақ­ырымдық­  жолды  асфальттау  жұмысы  аяқ­талды.  Осылайша 

көктемде, күзде тиіп тұрған күре жолға жете алмай қ­иналып жүрген ауыл 

тұрғындарының мәселесі шешілді. Енді бұл ауылға жолаушылар автобусы 

кіретін болды.

«Приуральный»  агрокомбинатында  елді  мекендерді  абаттандыру  жұ-

мысына ерекше көңіл бөліне бастады. Осы жылы өздерінің күшімен жеті 

шақ­ырым жол асфальтталды. 

25  ЖЕЛТОҚСАН

Орал медицина училищесінің ұжымы Қызыл Крест және Жарты ай қ­о-

рына 1 мың рубль аударды. Бұл қ­аржы жақ­ында Переметный ауылында 

өткен  концерттен  түсті.  Оған  Переметный  астық­  өнімдері  комбинаты,  

№101 астық­ базасы және №21011 автобаза демеушілік жасады.

 

1992  жыл



24 ҚАңТАР

Халық­  депутаттары  облыстық­  кеңесінің  төрағасы  Н.  Есқ­алиев  Нарын 

қ­ұмында  орналасқ­ан  Капустин  Яр  әскери  полигонының  жаңадан  тағайын-

далған басшыларымен кездесті. 

Кездесу  барысында  Н.  Есқ­алиев  полигон  аймағындағы  тұрғындардың 

талап-тілектеріне  назар  аудару  қ­ажеттілігін  жеткізіп,  полигон  басшыла-

рына нақ­ты ұсыныстар айтты. Бұл ұсыныстар полигондағы әскери маман-

дардың  Орда  және  Жаңақ­ала  аудандары  малшыларының  шалғайдағы 

қ­ыстақ­тарына  электр  желісін  тартуға  және  телерадиохабарларын  тарату 

қ­ондырғыларын орнатуға қ­олұшын беруге қ­атысты. Сонымен қ­атар Тор- 

ғай  әскери  қ­алашығын  және  оның  маңындағы  жайылымдық­  жерлер-

ді  (осы  жерде  белгілі  қ­азақ­стандық­  этнограф-ғалым  Мұхамбет-Салық­ 

Бабажановтың  зираты  бар)  Орда  ауданына  беру  мәселесін  шешетін 

уақ­ыттың келгендігі де айтылды. Соған орай әскери полигон мен Орал об-

лысы, тіпті түгел республика арасында жаңа келісімшарт жасасу қ­ажет.

Әскери  полигон  басшылары  осы  айтылған  ұсыныстарды  түсіністікпен 

қ­абылдап,  бұл  мәселелер  бойынша  жан-жақ­ты  ойланып  барып,  нақ­ты 

шешім қ­абылдайтындарын жеткізді.



31 ҚАңТАР

Облыстық­  атқ­ару  комитеті  жергілікті  тұрғындардың  ұсынысын  мақ­ұл-

дап,  Орда  ауданындағы  Искра  орта  мектебінің  атауын  өзгерту  туралы  

шешім  қ­абылдады.  Бұл  мектеп  қ­азір  қ­азақ­тың  тұңғыш  генералы  Шәкір 

Жексенбаевтың есімімен аталады.

4 АҚПАН

ҚР  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев  Швейцарияның  Давос  қ­аласында 

өткен халық­аралық­ экономикалық­ форумнан келе жатып, Орал қ­аласына 

аялдады.  Әуежайда  мәртебелі  қ­онақ­ты  халық­  депутаттары  облыстық­ 

кеңесінің төрағасы Н. Есқ­алиев қ­арсылады.

4 АҚПАН

ҚР Жоғарғы Кеңесінің қ­аулысына сәйкес облыстық­ аумақ­тық­ депутаттық­ 

топ  қ­ұрылды.  Оның  қ­ұрамына  Орал  облысының  аумағында  тұратын 

ҚР  халық­  депутаттары  Б.  Әжіғалиев,  Т.  Бөлеев,  В.  Водолазов,  В.  Волков,  

В. Гартман, К. Дәулетов, С. Мұқ­анов, П. Своик кірді.

Депутаттық­  топ  Қазақ­стан  Республикасының  Заңдарын,  ел  Президен-

тінің  Жарлық­тарын  жүзеге  асыруды  бақ­ылауға  алу  және  өтпелі  кезеңде 

лауазымды  тұлғалардың  жауапкершілігін  арттыру  мақ­сатында  қ­ұрылды. 

Депутаттық­  топтың  жетекшісі  болып  С.  Мұқ­анов,  хатшылығына  В.  Водо-

лазов сайланды.



4 АҚПАН

Астрахан және Орал облыстық­ телерадиокомпаниялар өзара хабарлар 

алмасу жөнінде келісімге келді.

Көршілес  облыста  көптеген  қ­азақ­тар  қ­оныстанған,  осыған  орай 

астрахандық­  тележурналистер  оларға  ұлттық­  мәдениетті  дамыту  үшін 

қ­азақ­  тілінде  хабарлар  ұйымдастыра  бастады.  Соған  орай  оралдық­тар  

әріптестерінің тәжірибелерімен алмасуды ұйғарды.

Қазақ­ тіліндегі бағдарламаны жүргізуші А. Ілясов Орал телестудиясында 

тәжірибеден өтті. Көршілік дәстүрмен астрахандық­тарға Орал қ­аласында 

өткен ақ­ындар айтысы, терме орындаушылардың сайысы және тағы басқ­а 

мәдени шаралар жазылған бейнетаспалар берілді. 

7 АҚПАН

ҚР  Президентінің  «Экономикалық­  реформа  жағдайында  Қазақ­стан 

Республикасы  мемлекеттік  басқ­ару  органдарының  қ­ызметін  жетілдіру 

туралы»  Жарлығы  шық­ты.  Осы  Жарлық­  бойынша  өтпелі  кезеңде  халық­ 

депутаттары кеңесінің атқ­ару комитеттері таратылып, жергілікті әкімдер 

лауазымы енгізілді.

ҚР  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  Жарлығымен  Нәжімеден  

Есқ­алиев Орал облысының әкімі болып тағайындалды.



23 НАуРЫЗ

Орал  қ­аласында  Қазақ­стан  Республикасы  және  Ресей  Федерациясы 

Үкіметтерінің біріккен отырысы өтті. Онда 1992 жылы өзара экономикалық­ 

ынтымақ­тастық­ мәселесі талқ­ыланды.

Оның жұмысына Қазақ­стан Республикасы Үкіметі атынан Премьер-ми-

нистр  С.  Терещенко,  Премьер-министрдің  бірінші  орынбасары  Д.  Сем- 

баев,  Премьер-министрдің  бірінші  орынбасары  О.  Сосковец,  Премьер-

министрдің      орынбасарлары  Е.  Ежиков-Бабаханов,  К.  Байкенов,  Мем-

лекеттік  комитеттердің  төрағалары  мен  министрлер  Т.  Кадрахманов,  

Х. Дриллер, Т. Әбдіқ­адіров, И. Есенғарин, С. Әбішев, Орал облысының әкімі 

Н. Есқ­алиев қ­атысты.

Ресей Федерациясы Үкіметі атынан Үкімет төрағасының бірінші орын-

басары  Г.  Бурбулис,  Үкімет  төрағасының  бірінші  орынбасары  Е.  Гайдар, 

Үкімет төрағасының   орынбасарлары М. Полтаранин, В. Махарадзе, ми-

нистрлер мен мемлекеттік комитеттер төрағалары А. Нечаев, В. Машиц, 

В.  Баранников,  В.  Ефимов,  В.  Лопухин,  Г.  Фадеев  және  тағы  басқ­алары 

қ­атысты.

 Қазақ­стан Республикасы мен Ресей Федерациясы Үкіметтерінің кездесу 

туралы Коммюникеге қ­ол қ­ойылды. Кездесудің соңында қ­азақ­стандық­, ре-

сейлік және шетелдік журналистер үшін баспасөз мәслихаты өткізілді.



27 НАуРЫЗ

Ақ­сай қ­аласында шаруашылық­тың жекешелендірілген алғашқ­ы дүкені 

ашылды. «Қарашығанақ­»  компаниясының бұрынғы дүкені «Победа» кол-

хозының  меншігіне  айналды.  Енді  колхозшылар  өздерінің  өнімдерін 

дайындаушылар  мен  сауда  орындарынсыз  сатады.  Тұтынушылар  ара-

сында делдалсыз сатылатын өнімдердің бағасы едәуір төмендеді.



Биыл Қазақ елі үшін ерекше жыл. Қазақстанның тәуелсіз ел атанғанына ши­

рек ғасыр толып отыр. Егемендіктің елең­алаң шағында өзінің бағыт­бағдарын 

айқын белгілеген мемлекетіміз бүгінде әлемдегі барынша дамыған елу елдің 

қатарына енді. Алдағы межеміз – үздік отыздық.

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы ішінде республикамыздың өзге де өңірлері 

секілді Батыс Қазақстан облысы да жүйелі түрде дамыды. Бүгін біз ширек 

ғасырлық мерейтойына орай газетімізде «БҚО: Тәуелсіздік жылдары жылнама­

сы» атты айдар ашып отырмыз. Мұрағат материалдары, басылымдарда бұрын 

жарияланған мақалалар негізінде қолға алынып отырған бұл жобамыз жүріп 

өткен жолымызға көз тастауға, болашаққа бағдар жасауға өз септігін тигізетініне 

сенеміз. Бұл облысымыздың жаңа даму тарихына негіз болады деген ойдамыз.

(Жалғасы бар)

Батыс  Қазақстан облысы: 

ТӘуелСіздік  жылдАрының  жылнАмАСы


бРифинг

Теректіде  туристік  аймақ  ашылмақ



Биыл Теректі ауданында 12079 

шаршы метр жер тұрғын жай салуға 

берілді. Ақжайық, Тоқпай, Юбилей-

ный, Жаңа өмір, Федоров ауылда-

рында инженерлік-коммуникациялық 

инфрақұрылым желісі тартылуда. 

Яғни жеке баспана салғысы келген 

тұрғындарға 1329 жер телімі бөлінбек. 

Биыл тұрғын үй құрылысына салынған 

инвестиция көлемі 752,7 млн. теңгені 

құрады. Бұл жайында Орталық комму-

никация қызметінің облыстық филиа-

лы ұйымдастырған кезекті баспасөз 

мәслихатында мәлім болды. Брифингте 

Теректі ауданының әкімі Мұрат Мұқаев 

баяндама жасады.

5

Бейсенбі, 22 қыркүйек 2016 жыл



Анаргүл МОЛДАҒАЛИЕВА, облыстық радио тілшісі:

–  Теректі  ауданының  тұрғындары  Ақ­суат  ауылдық­  округіндегі  мұ- 

най  өңдейтін  зауыттан  шығатын  жағымсыз  иістің  мазалайтыны  жөнін- 

де жиі шағым жасайды. Бұған қ­атысты қ­андай шара қ­олға алынды?  Және 

осы  ауылдан  шығып,  республикалық­  трассаға  қ­осылатын  жолдың  дұ- 

рыс  жөнделмегені  белгілі  болды.  Соған  байланысты  мердігер  жауап- 

кершілікке тартылды ма?

Мұрат МҰҚАЕВ, Теректі ауданының әкімі:

–  Жағымсыз  иістің  жойылғанына  бір  айдан  асты.  Қазіргі  уақ­ытта  қ­о- 

ғамдық­  белсенділер  кеңесі  қ­ұрылып,  тұрғындарға    түсіндірме  жұмыс-

тары  жүргізілуде.  Иіс  зауыттағы  сапасыз  шикізаттан  шық­қ­ан.  Ал  Ақ­суат 

ауылдық­  округінде  жол  қ­ұрылысын  қ­олға  алған  мердігер  міндетіне 

салғырт  қ­араған  соң,  ол  жөндеу  жұмысын  тоқ­татты.  Тағы  да  тендер 

өткізуге конкурс рәсімі жүргізілуде. 

Ақболат МҰСТАЖАПҰЛЫ, «Қазақстан­Орал» телеарнасының тілшісі:

– Тұрғындарды баспанамен қ­амту мәселесі қ­алай шешілуде?



Мұрат МҰҚАЕВ:

–  Қазіргі  уақ­ытта  Федоров  және  Еңбек  ауылдарында  көп  пәтерлі  2  

үш  қ­абатты  үйдің  жобасын  дайындап  жатырмыз.  Келесі  жылы  қ­аржы  

жеткілікті болса, сол ауылдарда 32 және 24 пәтерлі тұрғын үй қ­ұрылы- 

сын бастамақ­пыз. 

Талғат ӘБІЛҚАЙЫРОВ, «ураль­ская неделя» газетінің тілшісі:

– Оқ­у жылы басталғанда мектеп неге жөндеуден өткізілуде?



Мұрат МҰҚАЕВ:

–  Федоров  ауылындағы  мектепке  елу  жылдан  бері  күрделі  жөндеу 

жүргізілмеген. Жазда ата-аналармен кездесіп, келісімдерін алдық­. «Жұ-

мыспен  қ­амту  -  2020  жол  картасы»  бағдарламасы  ауқ­ымында  қ­аражат 

қ­ыркүйекте  бөлінді.  Балаларды  басқ­а  жайлы  ғимаратқ­а  орналастыр- 

дық­. Оқ­ыту жүйесіне оң жағдай жасалды. 

Оның  мәліметінше,  ауданда  

өнеркәсіп өндірісі негізінен мұнай  

өнімдері  есебінен  бірнеше  есе  

ұлғайды.  Айта  кетсек,  «B.N  GаsOіl  

Processing» ЖШС ауыр дистанция-

лық­  отын,  газойлдық­  фракция, 

қ­айта  айдау  қ­алдық­тарын  өңдеу-

мен  айналысады.  Ал  Теректі  май 

комбинаты  күнбағыс  майын  да-

йындайды.  Алдағы  уақ­ытта  тағы  

екі  инвестициялық­  жоба  жүзеге 

асады  деп  күтілуде.  Оның  бірі 

«ABS-мұнай» ЖШС қ­ұрылысын жүр- 

гізіп  жатқ­ан  мұнай  өнімдерін  қ­ай-

та  өңдеу  зауыты  болса,    екіншісі 

«УралТэк-НефтеХим»  ЖШС  мұнай 

өнімдерін сақ­тау базасын қ­алпына 

келтіріп,  лак-бояу  өнімдерін  шы-

ғармақ­.  Осы  жобалар  жүзеге  асса, 

200-ден  астам  жұмыс  орны  ашы-

лып, мұнай өнімдерінің көлемі жы-

лына  1  млн.  тоннаға  жуық­тайды 

деп  есептелінуде.  Ауданда  көлік-

логистика  орталығын  салу  да 

жоспарланған.  Сонымен  қ­атар 

ирандық­  инвесторлар  100  га  ау-

мақ­қ­а  жылыжай  кешенін  салуға 

ұсыныс жасаған. 

Сондай-ақ­  «Бизнестің  жол  кар-

тасы  -  2020»  бағдарламасының 

шеңберінде  жалпы  қ­ұны  184  млн.  

теңге    9  жобаны  жүзеге  асыру  

көзделген. Нәтижесінде республи-

калық­  трасса  бойына  автокем-

пинг салу, ауылдарда сүт өнімдері 

цехы  мен  қ­ұрылыс  материалын 

дайындайтын  шағын  кәсіпорын 

ашу,  сондай-ақ­  сауда  үйі  мен  қ­о-

ғамдық­  монша  қ­ұрылысы  қ­олға 

алынса,  туризм  саласын  дамытуға 

2  жоба  қ­арастырылған.  Оның  бірі  –  

Шалқ­ар  көлінде  туристік  аймақ­ 

ашу, келесісі – Сатым елді мекенін-

де  егерь  корданын  (аңшы  үйі)  

пайдалануға беру. 

Теректі  ауданында  ірі  қ­ара, 

жылқ­ы,  қ­ой,  шошқ­а  және  қ­ұс  өсі-

ріледі.  Он  бес  шаруашылық­  3647 

бас асыл тұқ­ымды мал ұстап отыр. 

Бұл  мал  басының  8,3  пайызын 

қ­ұрайды.  Он  бір  шаруашылық­ 

3057  етті  ірі  қ­ара  өсірсе,  үшеуі 

сүтті бағыттағы 590 бас ірі қ­араны 

баптайды.  Бір  шаруа  қ­ожалығы 

көшім  жылқ­ысын  өсіруде.  2017-

2020  жылдары  «Сыбаға»,  «Құлан», 

«Алтын  асық­»  бағдарламалары 

аясында тағы да 2430 ірі қ­ара, 200 

бас жылқ­ы, 3500 бас қ­ой сатып алу 

көзделуде. 

Ауданда егістік көлемі – 111,343 

мың гектар. Өткен жылмен салыс- 

тырғанда, майлы дақ­ылдар салын- 

ған алқ­ап көлемі  57, мал азығына 

бөлінген  жер  алаңы    18,3  пайызға 

өсті. Биыл шаруалар орташа өнім- 

ділікпен  гектарына  24,8  центнер  

күздік  бидай,  10,9  центнер  қ­ара  

бидай,  11,9  центнер  жаздық­  да- 

қ­ылдар  жинап  алды.  Көкөніс 

шаруашылығын  дамыту  мақ­са-

тында  100  га  астам  жерге  тамшы-

латып  суару  жүйесі  қ­олданысқ­а 

енгізілді. 

Барбастау  ауылында  «Жером» 

қ­ожалығы  112  га  жерге  алма 

ағашын,  «Витамин»  қ­ожалығы  қ­а- 

рақ­ат,  таңқ­урай,  қ­ұлпынай  отыр- 

ғызды.  Келесі  жылы  алма  өсіре- 

тін  алқ­ап  25  гектарға  ұлғаймақ­. 

Жайылымдық­  жерлерді  суланды-

ру  мақ­сатында  «Жайық­-Шалқ­ар» 

су  арнасын  қ­алпына  келтіру  үшін 

жобалық­-сметалық­  қ­ұжаттама  да- 

йындалып,  мемлекеттік  сарапта-

маға жіберілген. Бұл, бір жағынан, 

жөндеу  жұмысы  көкөніс  және 

бақ­ша  өнімдерінің  артуына  оң 

әсер  етпек.  Сонымен  қ­атар  пай-

даланылмай  жатқ­ан  18  жер  телі-

мі  қ­айтарылмақ­.  Нәтижесінде  19 

шаруа қ­ожалығына 15,7 гектар қ­о-

сымша жер беруге мүмкіндік туды. 

Ауданда  52  елді  мекеннің  31-і 

көгілдір  отын  желісіне  қ­осылған. 

Биыл  Ұзынкөл  ауылындағы  әлеу- 

меттік  нысандар  газбен  жабдық­-

талды.  Талпын,  Мақ­пал  ауылдарын-

да  газ  қ­ұбыры  тартылуда.  Бұған 

бюджеттен  14,6  млн.  теңге  бөлін- 

ген.  Қосымша  20  елді  мекенге  

көгілдір  отынмен  қ­амтуға  жоба- 

лық­-сметалық­  қ­ұжаттама  дайын- 

далуда.  Ал  17  елді  мекен  ұзын-

дығы  223  738  мың  шақ­ырым  ор-

талық­тандырылған  су  желісімен 

қ­амтылған.  Тұрғындарға  сапалы 

ауыз  су  жеткізу  үшін  Сарыөмір, 

Аңқ­аты,  Новопавлов,  Ақ­жайық­, 

Ақ­суат ауылдарындағы 5 нысанды 

жаңғыртуға  қ­ұны  807  млн.  теңге 

жобалық­-сметалық­  қ­ұжаттама  жа-

сақ­талды.  Бұл  жоба  жүзеге  асса, 

тұрғындардың 51 пайызы таза су-

ды тұтынатын болады. 

«Приречный  мен  Федоров  ор-

та  мектептері  күрделі  жөндеуден 

өтеді.  Жыл  аяғына  дейін  жол,  су 

шаруашылығы  нысандары  мен 

көпірлер  жөндеу,  елді  мекендер-

ді  абаттандыру  бағытында  24  жо- 

ба  жүзеге  аспақ­.  Сол  кезде  132 

жаңа  жұмыс  орны  ашылмақ­.  Бұл  

жұмысқ­а  628,7  млн.  теңге  қ­арас-

тырылған.  Жалпы  аудандық­  ма-

ңыздағы  жол  ұзындығы  287,8  ша-

қ­ырым  болса,  оның  100  пайызға 

жуығын күрделі жөндеуден өткізу 

қ­ажет.  Әзірше  Жайық­  пен  Пока-

тилов  ауылдарының  арасындағы 

жолды  тегістеу  жоспарлануда. 

Қажетті  қ­иыршық­  тас  пен  қ­ұм 

төсеуге  2  971,3  мың  теңге  бөлін-

бек.  Ауданда  орталық­  аурухана- 

ны күрделі жөндеуден өткізу  үшін 

жобалық­-сметалық­  қ­ұжаттама  тү-

зетіліп,  мемлекеттік  сараптамаға 

жолданбақ­», – деді аудан әкімі.

Аудандағы  39  күндізгі  мектеп-

те  5937  оқ­ушы  білім  алуда.  Биыл 

Сатымшеген  және  Чапаев  баста-

уыш  мектептері  жабылды.  Долин 

орта  мектебі  негізгі  болып  қ­айта 

қ­ұрылды. 



Нұртай АЛТАЙҰЛЫ,

«Орал өңірі»

«ұлы  мұратқа  

ұлттық  музыка  арқылы  жетеміз»



Сергей ПОГОДИН:

Биыл Қазақстан 

тәуелсіздігінің 25 

жылдығы кең көлемде 

аталып өтілмек. Осын-

дай мерейлі мереке 

қарсаңында БҚО «Орыс 

мәдениеті орталығы» 

қоғамдық бірлестігінің 

атқарған жұмыстары 

жөнінде оның төрағасы  

Сергей Погодинмен 

әңгімелескен едік.

­  Сергей  Михайлович,  өзіңіз  же­

текшілік  ететін  «Орыс  мәдениеті 

орталығының»  жұмысына  кеңірек 

тоқталып кетсеңіз?

Елбасы 



Нұрсұлтан 

Әбішұлы 


Назарбаевтың  бастамасымен  Қазақ­стан 

халқ­ы  Ассамблеясы  сынды  бірегей 

қ­оғамдық­  институт  қ­ұрылғаны  белгілі. 

Міне,  соның  аясында  еліміз  тәуелсіздік 

алғаннан бері этномәдени бірлестіктер, 

түрлі  қ­оғамдық­  ұйымдар  өз  қ­ызметін 

атқ­арып келеді. Соның бірі – БҚО «Орыс 

мәдениеті  орталығы»  қ­оғамдық­  бірлес-

тігі. Биыл оның шаңырақ­ көтергеніне ту-

ра 13 жыл толып отыр. Құрамында 800-

ден  астам  белсенді  мүшесі  бар  қ­оғамдық­ 

ұйым  Қазақ­  елінің  бірлігін  нығайтуға  өз 

үлестерін қ­оса отырып, орыс халқ­ының 

мәдениетін,  салт-жоралғылары  мен  игі 

дәстүрлерін  сақ­тап,  дамытуды  мақ­сат 

етуде.  Өңірдегі  орыс  диаспорасының 

өкілдеріне  ағартушылық­  және  қ­ұқ­ық­тық­ 

бағытта  көмек  көрсетумен  бірге  жыл 

сайын Троица, Рождество, Пасха секілді  

халық­тық­  және  діни  мейрамдарды  өт-

кізу дәстүрге айналды. 

Мен өзім 2003 жылдан бері Орал қ­а-

ласындағы  Д.  Нұрпейісова  атындағы  

№1  балалар  музыка  мектебіне  басшы-

лық­ етіп келемін. Орыс мәдениеті орта-

лығы  2010  жылы  осы  мектеп  жанында 

«Татулық­» атты интернационалдық­ дос- 

тық­ клубын ашты. Оған орталық­тың жас-

тар  қ­анатының  мүшесі  Анна  Соломахина  

жетекшілік  етеді.  Достық­  клубы  педа-

гогтар  мен  оқ­ушылардың  отаншылдық­ 

сезімін арттыру, тағаттылық­, өзара қ­ұр- 

мет  пен  сыйластық­ты  бекіте  түсу  бағы-

тында  тұрақ­ты  шаралар  ұйымдастыра-

ды.  Жұмыс  жоспарына  сәйкес  біз  жыл  

сайын  ұлттық­-мәдени  орталық­тардың 

бірімен  келісіп,  осы  халық­тың  музыка-

лық­ мәдениетін насихаттау үшін кеш өт- 

кіземіз. Мысалы, өткен жылдары атақ­ты 

ұйғыр,  армян  және  татар  композитор-

лары Құддыс Қожамияров, Арам Хачату- 

рян  және  Назиб  Жигановты  еске  алуға  

арналған мәдени шаралар көпшілік кө-

ңілінен  шық­ты.  Қазақ­  халқ­ының  ұлттық­ 

музыкасын  насихаттау  бағытында  батыс-

қ­азақ­стандық­  белгілі  музыкант  Мұхит 

Айтқ­алиев,  атақ­ты  әнші,  Қазақ­станның 

халық­  әртісі  Ғарифолла  Құрманғалиев, 

күй  атасы  Құрманғазы  және  басқ­а  бі-

регей  тұлғалардың  шығармашылығына 

арналған  концерт,  кештер  өз  алдына 

бір төбе. Сол секілді біздің мектеп еврей 

орталығына  Рош-а-Шана,  Песах  және 

Йом-Кипур  ұлттық­  мерекелерін  өткізуге 

тұрақ­ты  көмектеседі.  Әсіресе,  мұндай 

шараларға  музыка  мектебінің  мұғалімі, 

«Ламед»  еврей  орталығының  мүшесі 

Оксана  Гузь  жетекшілік  ететін  би  тобы 

белсене атсалысады.  Ал Светлана Рама-

занова басшылық­ ететін «Фантазия» би  

ансамблі  корей  халқ­ының  билерін  би-

леп,  әндерін  шырқ­ап,  шараларына  қ­а-

тысып жүр. 

«Яик»  фольклорлық­-этнографиялық­ 

орталығымен  және  «Урал-Яик  казачес-

твосы»  қ­оғамдық­  бірлестігімен  бірлесе  

отырып,  Орал  және  Ақ­төбе  архиепис-

копы  Антоний  әкейдің  бастамасымен  

жыл  сайын  облыстық­  театрда  рождес-

тволық­  кездесулер  өткіземіз,  оған  театр  

және  вокал  бөлімінің  шәкірттері  қ­аты-

сады.  Қазақ­стан  халқ­ы  БҚО  ассамблея-

сы  мен  Ресейдің  Орал  қ­аласындағы  бас  

консулының  қ­олдауымен  ұйымдасты-

рылатын  мектептегі  жаңажылдық­  ер-

теңгілікті  түрлі  ұлт  өкілдерінің  балала- 

ры бірге тойлайды. 

Орыс  мәдениеті  орталығының  қ­ол-

дауымен  қ­ұрылған  Петр  Шутарев  же- 

текшілік  ететін  «Радуга»  гитаристер 

ансамблі Орал мен облыс аудандарын- 

дағы  шараларға  да  қ­атысып  келеді.  Ал 

ірге көтергеніне жиырма жылдан асқ­ан 

«Скоморохи» балалар фольклорлық­ ан-

самблін (жетекшісі Светлана Абрамова) 

жұртшылық­  жақ­сы  біледі  десек,  артық­ 

айтқ­андық­  бола  қ­оймас.  Бұл  ансамбль 

БҚО  ассамблеясы  өткізетін  Қазақ­стан 

халық­тары музыкасы фестивальдерінің 

бәрінде,  яғни  Тәуелсіздік  мейрамына  

орай  өтетін  гала-концертте  өнер  көр-

сетіп, үнемі жүлде алып жүр. 1 мамыр –  

Қазақ­стан  халқ­ының  бірлігі  күні,  Ұлыс-

тың  ұлы  күні  –  Наурыз  мейрамына  ар-

налған  шаралардың  да  бел  ортасынан 

табылуда.  

2012 жылдан бері мектепте өңірдегі 

ұлттық­-мәдени  орталық­тармен  бірге  

1 желтоқ­сан – Қазақ­стан тұңғыш Прези-

дентінің  күні  ұдайы  аталып  өтіліп  ке-

леді. Балалар арасында «Біз Президен-

тімізді  не  үшін  жақ­сы  көреміз»  деген 

тақ­ырыпта  шығармалар  байқ­ауын, 

«Менің Қазақ­станым» атты сурет жары-

сын  қ­орытындылап,  этномәдени  бір-

лестіктер  мүшелері  балаларының  қ­а- 

тысуымен  біріккен  концерт  қ­оямыз. 

Биыл да осы дәстүрден таймай, 1 жел- 

тоқ­сан күні үлкен концертті көрермен-

дер  назарына  ұсынып,  содан  кейін 

Тәуелсіздік  мейрамына  орай  басқ­а  да  

шараларға атсалысамыз. Оның бер жа-

ғында Қазақ­стан халқ­ы тілдері күні сын-

ды  мерекелер  де  біздің  қ­атысуымыз- 

бен өтеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет