ЖАЛАҚЫҒА ДЕЙІНГІ АҚША
Бір сағат ішінде
10 00050 000 теңгеге дейін алыңыз.
БҚО, Орал қ., Д. Нұрпейісова к., 12/1,
“АТИСО” 107бөлме
Сайт: www.moneyonline.kz
8 771 085 52 93
8 707 254 58 70,
8 (7112) 250435
орал өңірі
орал өңірі
Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен
бастап шығып келеді. 1968 жылы
"Құрмет Белгісі" орденімен
марапатталған
ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚСАЯСИ ГАЗЕТ
+ 20
0
С
+ 17
0
С
БЕЙСЕНБІ,
22 қыркүйек 2016 жыл
№116 (20368)
www.oraloniri.kz
www.facebook.com/oraloniri
oral_oniri@mail.kz
Конструктор
Ғабдуллин
Ғасырға
қадам
Жарнамасы орысша
«сайрап тұрған» Сайқын
3
7
13
Жаңа кітаптармен толықты
www.facebook.com/zhaikpress
twitter.com/zhaik_press
www.instagram.com/zhaikpress
Жуырда Орал қаласын
дағы Ж. Молдағалиев атын
дағы облыстық әмбебап
ғылыми кітапханасында
«Ашық есік» күні өтті.
– Көрме студенттер мен оқу-
шыларды кітапхана қызметімен,
қорға келіп түскен жаңа кітап-
тармен және өлкемізге қатысты
басылымдармен таныстыру мақ-
сатында ұйымдастырылды. Жыл
сайынғы жоспар бойынша кітап-
ханамызда «Ашық есік» күні өт-
кізіліп, онда қаламыздағы жоғары
оқу орындары мен мектептің жо-
ғары сынып оқушыларын кітап
қорларымен таныстырамыз. Сон-
дай-ақ кітапхана қорына түскен
жаңа кітаптарды, оның ішінде жа-
ратылыстану, гуманитарлық және
педагогикалық бағыттағы әде-
биеттерді көрмемізге қойып оты-
рамыз, - дейді кітапхана қызмет-
кері Гүлнұр Көшкінбаева.
Аталмыш шараға жиналған сту-
дент жастар Әлдихан Қалдыбаев-
тың «Шығармалары» мен «Алма-
ты» баспаханасынан шыққан «Ұлы
дала тарихы», «Ақ тілектер ағы-
ны», «Қазақ көтерілістері» «Ал-
пыстағы алма ағаш» сияқты жаңа
кітаптарды қолдарына алып, та-
нысып жатты. Ағымдағы жылы кі-
тапхана қорына кітаптың 125 түрі
түсіпті.
Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ
Ауылдарға
жастар келді
«Дипломмен ауылға»
бағдарламасы бойынша
Шыңғырлау ауданына
жұмысқа келген жас ма
мандар биыл да мемлекет
қамқорлығына бөленуде.
Ауылды көркейтеміз деп еңбек
етуге келген 20 жас маманға жер-
гілікті бюджеттен тұрғын үй сатып
алуға 63 млн. 630 мың теңге қар-
жы бөлініп, сонымен қатар бірін-
ші жартыжылдық бойынша 10 ма-
манға 1 млн. 484 мың 700 теңге кө-
терме жәрдемақы төленді. Олар-
ды тұрғын үймен қамту жағы да
қарастырылған.
Ел чемпионатына
жолдама
24 жаңа техника
сатып алды
Жәнібек ауданының шаруа қо-
жалықтары 2014 және 2015 жыл-
дары машина-тракторлық парк-
терді жаңарту бағытында 76 бір-
лік ауыл шаруашылығы жаңа тех-
никаларын сатып алған болса,
биылғы сегіз айда 24 бірлік ауыл
шаруашылығы техникаларын сау-
далады. Атап айтқанда, олардың
сегізі трактор, төртеуі шөпті
тайлап буатын агрегат, сегізі шөп
шабатын машина, төртеуі кун. Со-
ның ішінде алты трактор, үш шөпті
тайлап буатын агрегат, екі шөп ша-
батын машина және біреуі жалға
(лизинг) берілген техникалар бо-
лып есептеледі.
Жуырда ересектер
арасында бокстан БҚО
чемпионаты мәреге жетті.
Облыстық дене шынықтыру жә-
не спорт басқармасынан түскен
мәліметке қарағанда, өз салмақ дә-
режелері бойынша Данияр Серік
(49 кг, ОЖСШМ), Сағындық Мол-
дашев (52 кг, БҚМУ), Айдарбек
Жәдігеров (56 кг, БҚМУ), Арман
Қабашев (60 кг, «Олимп» СК), Тайман
Оразбаев (64 кг, Сырым ауданы),
Бақытжан Қонарбаев (69 кг, ОЖС-
ШМ), Алмазбек Орынғалиев (75 кг,
ОЖСШМ), Әскербек Өтепбергенов
(81 кг, БҚМУ), Еламан Орынғалиев
(91 кг, агроколледж), Тілек Қозба-
қов (+91 кг, Ақжайық ауданы) же-
ңімпаз атанды.
Бірден айта кетелік, бұл көріністер Бөкей ордасы
ауданына іссапармен барғанымызда, назарымызды
айрықша аудартып, фотоқарауылға іліккендері ғана.
Жазатайым жағдайды
күту керек пе?..
10
www.zhaikpress.kz
АҚПАРАТ
2
Бейсенбі, 22 қыркүйек 2016 жыл
А
хметжан Есімов халық-
аралық
павильондар-
дың жақын арада дайын
болатындығын әрі олардың қазан
айында барлық қатысушыларға
берілетіндігін айтты.
Бүгінгі таңда халықаралық ма-
мандандырылған көрмесіне 103
мемлекет пен 17 халықаралық
ұйым қатысатындығын растады.
Әзірбайжан 50 жылдан кейін
қандай болмақ?
Әзірбайжан Республикасы – өзінің
қатысатындығын растаған алғаш-
қы мемлекеттердің бірі. Әзірбай-
жан ұлттық павильонының комис-
сары алдағы көрмеге дайындық-
тың белсенді түрде жүргізіліп жат-
қандығын жеткізді.
«Қазақстанда «ЭКСПО – 2017»
көрмесінің өтетіндігі туралы хабар
алысымен, біз энергетика саласы-
на қатысы бар барлық дерлік ком-
Астанада «Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясының бас
қарма төрағасы Ахметжан Есімов Әзірбайжан Республикасы
ның Энергетика министрі, Әзірбайжан ұлттық павильонының
комиссары Натиг Алиевпен кездесті. Басқосу барысында
екі жақ көрмеге дайындық барысын талқылады.
паниялармен байланыстық және
қазіргі таңда біздің ұсыныстары-
мыз өте көп» – деді комиссар.
Натиг Алиевтің айтуынша, мем-
лекет энергетика саласындағы
жуырдағы онжылдықтағы ең үз-
дік технологияларын көрсететін
болады. Сондай-ақ ұлттық па-
вильонның безендірілуі мен ұйым-
дастыру бойынша техникалық мә-
селелер талқыланды.
О
нда «ЭКСПО – 2017» ха-
лықаралық көрмесінің
энергия саласындағы үз-
дік әлемдік тәжірибелер байқауы-
ның қорытындылары сөз болды.
Айта кетейік, бұл бағыттағы жо-
баларды іріктеу мақсатында ар-
найы комиссия құрылған еді.
Халықаралық көрмелер бюросы-
ның Бас хатшысы төрағалық ет-
кен комиссия құрамында Нобель
сыйлығының лауреаттары, энер-
гетика саласындағы сарапшылар
және ғалымдар, сондай-ақ «Аста-
на ЭКСПО – 2017» ұлттық компа-
ниясының қызметкерлері болды.
20 жоба үздік деп танылды
Астанадағы Radisson отелінде Халықаралық көр
мелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерта
лес, «Астана ЭКСПО 2017» ҰК басқарма төрағасының
орынбасары Ербол Шорманов және Нобель сыйлы
ғының лауреаты Джордж Фицджеральд Смуттың
қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.
Іріктеу комиссиясының алғаш-
қы отырысы былтырғы 9 желтоқ-
санда Париж қаласында өтті. Ол
басқосуда ұсынымдарды іріктеу
мен қатысу шарттары талқылан-
ды. Ұсынымдарды қабылдау үсті-
міздегі жылдың қаңтар айында
басталып, 15 тамызда тәмамдалды.
Осы уақыт аралығында әлемнің
түкпір-түкпірінен 132 өтінім келіп
түсті. Комиссия 20 жобаны байқау
жеңімпаздары деп таныған. Бұл
жобалар көрменің «Болашақ энер-
гиясы» тақырыбын жан-жақты ашу
үшін жасақталатын «Үздік тәжі-
рибелер аймағы» павильонында
(eBPa) орналастырылмақшы.
Калифорния университетінің
профессоры, Нобель сыйлығының
лауреаты Джордж Фицджеральд
Смуттың айтуынша, барлық жоба
қызықты. Сол себепті оларды
іріктеу оңай болған жоқ. Комис-
сия мүшелері төрт сағаттан аса
уақыт талқылаған. «Жобалар шын
мәнінде көрмеге келген қонақ-
тарды таңғалдыратынына сенім-
дімін, – деді ол. – Тіпті мемлекет
басшыларының өздері олардың
қасында тұрып суретке түседі деп
ойлаймын».
Баспасөз мәслихатында Халық-
аралық көрмелер бюросының Бас
хатшысы Висенте Лоссерталес
ЭКСПО құрылыс нысандарының
салыну қарқынын, тақырыптық
павильондарды көріп, үлкен әсер
алғанын айтты. Бұйыртса, көрмеге
қатысушылар осы жылдың қазан
айынан бастап келіп, орналаса
бастайды. Жалпы, бұл бағыттағы
барлық жұмыстар бітуге таяу.
Мәди ЫҚЫЛАС
Е
ліміздегі саяси партия-
лардың облыстық фи-
лиалдарының төраға-
лары, мемлекеттік органдар,
үкіметтік емес ұйымдар және
БАҚ өкілдері қатысқан шара-
ны ұйымдастыруға «Қазақстан
Коммунистік халықтық партия-
сы» қоғамдық бірлестігінің об-
лыстық филиалы мұрындық
болды. Жиынды аталмыш ұйым-
ның бірінші хатшысы Сүйінға-
ли Ярлығасымов жүргізді.
Отырысқа қатысушылар бі-
лім беру жүйесіндегі кемші-
ліктерге қатысты өз ой-пікір-
лерін ашық білдірді.
– ҚР Білім және ғылым ми-
нистрлігі қоғам тарапынан ма-
құлданбаған реформаларды тұ-
рақты түрде жүргізуде. Мем-
лекет білім саласына қатысты
реформалардың сәтсіздіктерін
жаңа министр тағайындау ар-
қылы жоюға ұмтылғандай әсер
қалдырады. Әйткенмен мұн-
дай шешім қабылдау арқылы
оқушыларымыздың қалыс қал-
ған білімін толтыру мүмкін емес.
Қазіргі уақытта жаңа рефор-
малар мәселенің оң-терісін то-
лық сипаттай алатын ақпарат-
тық қолдау арқылы қабылда-
нуы керек. Осы тұрғыдан кел-
генде, Білім және ғылым ми-
нистрлігінің жұмысы сын кө-
термейді. Соның салдарынан
қоғамда көптеген түсініс
пеу-
шілік пен наразылық туындап
отыр. Жыл өткен сайын білім
беру жүйесіндегі мәселелер
өткірлене түсуде, - деді «Қазақ-
стан Коммунистік халықтық
партиясы» қоғамдық бірлестігі
облыстық филиалының мүшесі
«Асығуға да,
кеш қалуға да болмайды»
Сейсенбі күні облыстық ішкі саясат басқармасы
жанындағы саяси клубтың кезекті отырысы өтті.
Отырыста Қазақстандағы білім беру жүйесінің
өзекті мәселелері талқыға түсті.
да қателіктер кетіп жатқанын
көріп отырмыз. Сондықтан жа-
ңаша реформа қажет екендігі
сөзсіз. Әйткенмен бұл мәселеде
асығыстық танытуға да, мезгілі-
нен кеш қалуға да болмайды.
Баласы үш тілді қатар меңгере
алса, ешқандай ата-ана оған
қарсылық танытпайды. Үш тілді
білу заман талабы болып отыр.
Сондықтан үш тілді меңгерту
саясатына қарсы болмауы-
мыз керек. Бірақ шет тілдерді
үйренуге келгенде оған көп-
шілікті жаппай міндеттеудің қа-
жеті жоқ. Әр адамның өз еркі,
таңдауы, қалауы болуы керек.
Ең бастысы, осы мемлекеттің
адамы болғандықтан, бірінші
кезекте мемлекеттік тілді білуі-
міз керек. Ал біз қазіргі уақыт-
та мемлекеттік тілді кішкене
қысқартайық, өйткені өзге тіл-
дерді меңгеруіміз керек дей-
міз. Бұл қаншалықты дұрыс?
Мұндай жағдайлар көпшілік-
тің наразылығын туғызады, түр-
лі митингілер ұйымдастыруға
мәжбүр етеді. Құрметті әріп-
тестер, мемлекеттік қызмет-
керлер, осы мәселені жоғары
билікке дұрыс жеткізе білуіміз
керек. Қазіргі таңда елімізде-
гі білім саласын нығайту үшін
бірінші кезекте мұғалімнің мәр-
тебесін көтеретін насихат жұ-
мыстары жүргізілуі тиіс, - дейді
«Ақжол» партиясы облыстық
филиалының төрағасы Табыл-
ғали Сапаров.
Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ,
«Орал өңірі»
Суреттерді түсірген
Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ
Ниязбек Есеналиев өз баянда-
масында.
– Біз жаңа реформалардың
сәтсіздігі туралы талмай ай-
тумен келеміз. Алайда оған
қандай түзетулер енгізу керек-
тігі жайлы ұсыныс жасамаймыз.
Бұл – бәріміз үшін ойланатын
жайт. Қазіргі уақытта өзім де осы
мәселеге қатысты ешқандай
ұсыныс айта алмаймын. Бірақ
реформаларды жүзеге асыру-
Құрметті оқырман! «Елу жылда ел жаңа,
жүз жылда қазан» демекші, міне, Батыс Қазақ
стан облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье»
газеттерінің 100 жылдығын да алдағы жылы
барынша кең көлемде атап өткелі отырмыз.
100 жылдықты мазмұнды қарсы алумен қатар газеттеріміздің заман
көшінің алдында болып, ақпарат тарату, насихат жүргізу, ұлттық рухты
көтеріп тәрбие беру бағытындағы қызметтерін заманауи технология
ларды пайдалана отырып жандандырмақпыз. Облысымызды
басқарғанына алты ай болып қалған Алтай Көлгінов мемлекеттік
ақпараттық саясатпен қатар баспасөзге өңірдегі өзекті мәселелерді
қозғап, халықтың көкейіндегі проблемаларды шешуге атсалысуды
тапсырған болатын. Осыған орай Тәуелсіздігіміздің 25 жылды
ғы, облыстық басылымдардың 100 жылдығы қарсаңында бүгін
нен бастап қолға алынып отырған басты жұмыстарды әңгіме
етпекшіміз.
Е
ң алдымен облыстық га-
зеттердің логотиптері жа-
ңартылып отыр. Көлемі
жағынан бұрынғыға қарағанда,
кішірейтіп, соның есебінен екі жа-
нынан және үстінен ақпараттар
салуға мүмкіндік жасадық. 1911
жылы шыққан «Қазақстан» және
одан кейін 1917 жылы жарық
көрген «Ұран» газетінің логотип-
тері де осындай ықшам болған
екен. Қазіргі ғаламтор саласы қа-
рыштап дамып, жаһандану жедел-
деген заман да басылымның ата-
уы, мақалалардың орналастыры-
луы, безендірілуі жаңаша болуын
талап етеді. Сол бағытта бар білім-
білігімізді салып, қал-қадеріміз жет-
кенше жұмыстанбақшымыз.
Екіншіден, қос газет тәуелсіз-
діктің 25 жылдығына және өзде-
рінің мерейтойларына байланыс-
ты жаңа айдарлар ашып, соның
аясында тың мазмұндағы мате-
риалдар ұйымдастырады. Мыса-
лы, бұрыннан бар «Айналайын»,
«Алтын бесік», «Ардагер», «Иман»,
«Үзіліс», «Ине-жіп», «Бағбан», «Бал-
ға-шеге», «Гүлдәурен» сынды бет-
терге қоса «Хат жолға шақырады»
айдарымен журналистер арнайы
іссапарға шығып, соның қорытын-
дысы бойынша сараптап, мақала
береді. Газеттердің шежіресі мен
тарихына орай «Қазақстаннан
Қазақстанға», «100 жылдыққа –
100 тұлға» айдарымен материал-
дар беріледі. «Тәуелсіздік толқы-
нында»,
«Ғасыр
жаңғырығы»,
«Оқырман олжасы», «Мыңнан бір
сәт» пен «Фотоайғақ», «100 жыл
3
ҚоҒАм
Бейсенбі, 22 қыркүйек 2016 жыл
және бір сәт», «Менің газетім»
секілді айдарлар да оқырманды
тартары анық. Облыстық «При-
уралье» газетінде де «Достояние
Независимости», «Ұлы Дала елі»,
«Мәңгілік ел», «Ровесники Неза-
висимости», «Летопись Независи-
мости», «Летопись Приуралья га-
зетной строкой», «Вспомним всех
поименно», «100 лет газеты в циф-
рах и фактах», «О них писала га-
зета «Приуралье», «Приуралье» в
моей судьбе» және басқа айдар-
лар көрініс таппақ.
Үшіншіден, газеттердегі мате-
риалдарды жаңа технологиялар
арқылы тарату жобасы қарасты-
рылады. Бұл үшін басылымдар-
дың материалдық-техникалық ба-
засын одан әрі нығайту жұмысы
қолға алынады. Әсіресе, газет ма-
териалдарын заман талабына сәй-
кес оқырмандар назарына тезі-
рек жеткізу айрықша назарда бо-
лады. Осы мақсатта газеттердің
әлеуметтік желілердегі парақша-
ларын дамыту, жазылған мақа-
ла, ақпарат, жаңалықтардың сол
бойда газет сайттарында жария-
ланып, барынша жедел тарауын
ұйымдастыру жұмыстары жасала-
ды.
Қазіргідей ғаламторға көбірек
назар аударылған заманда сайт-
тар мен әлеуметтік желілерді де
тиімді пайдаланбасқа болмайды.
Бұл ретте әлеуметтік желіде
гі белсенділермен бас қосып,
олардың ұсыныспікірлерін ес
кере отырып, тиісті шара
лар алынады. Сайттарымыздың
жұмысын жетілдіріп, танымалды-
лығын арттыру бағытындағы іс-
теріміз жалғасады.
Жүйрік ақпа
раттарға қоса бейнежаңалық
тарды, олардың аудионұсқа
ларын беріп отыру қолға алы
нады. Өйткені кей адамдар
хабар, мақалаларды оқуды қиын-
сынуы мүмкін, сондықтан оларға
көріп, тыңдауға мүмкіндік жаса-
лады. «Орал өңірі» мен «Приура-
лье» газеттерінің сайттарында
мерейтойлық материалдарды ор-
наластыру үшін «Бізге – 100 жыл»
арнайы бөлімі ашылады. Арнайы
бөлімдегі материалдар үш бөлік-
ке топталып орналастырылады:
1) - газет тарихы; 2) - газет қыз-
меткерлері; 3) - мерейтойлық ма-
териалдар. Оған қоса zhaikpress.
kz сайтынан қос газеттің сайтына
шыққан мерейтойлық материал-
дар көрінетін бөлім, ал әлеумет-
тік желіде «Жайық Пресс» парақ-
шаларынан бөлек газеттің 100
жылдығына қатысты арнайы па-
рақша ашылады. Сайтқа шыққан
материалдар сол парақшаға да
орналастырылатын болады. Се-
бебі жаңалықтар парақшасына ор-
наластырылған тарихи материал-
дарды кейін әлеуметтік желіден
табу қиындыққа түседі. Ал бұл
парақша әлеуметтік желідегі ар-
хивіміз әрі тек мерейтойдан ха-
бар беретін (тарихи материалдар,
дайындық, мерейтойдың өту ба-
рысы) арнайы парақша болып
қалады.
Әлеуметтік желілерде
газеттер тарихына қатысты ин
теллектуалдық ойындар ұйым
дастыру ісі де қолға алынады.
Тұрғындармен тікелей байла-
нысты жақсарту мақсатында ар-
найы
WhatsApp нөмірі (8707
8084855) іске қосылды. Осы
нөмірге кез келген оқырман ха-
барлама жіберіп, газетке немесе
сайтқа өз тақырыбын ұсына ала-
ды. Сонымен қатар шешілмей келе
жатқан өзекті мәселелерді неме-
се оқыс оқиғаларды хабарлап,
сол бойынша журналистерді ісса-
пармен келіп, зерттеу жүргізуге
шақыра алады. Бұл хаттан гөрі же-
дел байланыс түрі болғандықтан,
шараның да неғұрлым тез алынуы-
на септігін тигізеді.
Төртіншіден, Батыс Қазақстан
облысынан шыққан тарихи тұл-
ғаларды кеңінен таныстыру жұ-
мыстары жалғасады. Осы мақсат-
та газет беттері мен сайттарда
арнайы материалдар сериясы жа-
рық көрмекші. Бұл ретте Алаш-
орданың 100 жылдығына байла-
нысты Алаш қайраткерлерінің
өмірі мен елге жасаған қызметі
ерекше назарда болып, көпші-
лікке жария етілмекші. Соның
ішінде тұстастары «Абайдан ке-
йінгі ақын...» деп бағалаған ұлы
тұлға, ағартушы, ойшыл, «Қазақ-
стан» мен «Ұран» газеттерін ұйым-
дастырушылардың бірі
Ғұмар Қа
раштың екі томдық шығарма
лар жинағы 100 жылдыққа ай
рықша тарту болмақшы. Мұнда
Ғ. Қараштың өлеңдері, әдеби шы-
ғармалары, мақалалары, көсем-
сөздері, пәлсапалық ой-тұжырым-
дары, жинақтаған ауыз әдебие-
ті туындылары енгізіледі. Ғұмар
Қараштың туындылары бұрын-
соңды бұлайша толық көлемде
жарық көрген емес. Ендеше, бұл
қазақ әдебиеті мен тіл ғылымына
қосылған елеулі үлес болмақ.
Бесіншіден, соңғы жылдары қос
газеттің тарихын зерттеу бағы-
тында көптеген жұмыстар қолға
алынып, бірнеше жинақ жарық
көргені белгілі. Кейінгі кезде та-
былған тың деректер бұл кітап-
тарды жаңарту қажеттігін көрсетіп
отыр. Сондықтан «Жайық Пресс»
ЖШС жанынан құрылған баспасөз
тарихын зерттеу орталығы Ғұмар
Қараштың кітабына қоса
«Орал
өңірі» және «Приуралье» газет
терінің 100 жылдығына орай
деректіжылнамалық жинақ әзір
леуге кірісті. Жинақта облыстық
газеттердің тарихы, кезеңдері,
атаулары, негізгі тұлғалары, айту-
лы оқиғалар туралы деректер, құ-
жат көшірмелері, көне фотосурет-
тер қамтылады. Кестелер, тізімдер
беріледі. Болжалды көлемі 300-
350 бет. Сонымен қатар 1919-1920
жылдары Орынбор қаласында
шыққан «Ұшқын» газетінің тари-
хын зерттеп, жинақ дайындау,
«Жайық Пресс» ЖШС ғимаратында
Баспасөз тарихы музейін ұйым-
дастыру көзделуде.
Достарыңызбен бөлісу: |