Жалқы есімдер: жер-су атауларының тілдік сыры



Pdf көрінісі
Дата21.02.2017
өлшемі155,39 Kb.
#4634

ЖАЛҚЫ ЕСІМДЕР: ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫНЫҢ ТІЛДІК СЫРЫ 

МЕДЕТБЕКОВА П.Т. (филол.ғ.к., доцент.),  

medet_73@mail.ru

ИСКАКОВА Г.Н. (аға оқытушы) 



gulnaz_iskakova@mail.ru

   


 

Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы,  

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 

 

Аннотация:  Мақалада  жер-су  атауларының  жасалу  жолдары  жайында  және  зерттеуші 

ғалымдар  мен  олардың  зерттеулері  сөз  болған.  Антропонимдерден  топонимдік  қатар 

құруының  тарихы  сөз  болады.    Мифологиялық  түсінік  пен  діни  ұғымға  байланысты  және 

аңыз желісінен құрылған топонимдер қарастырылған. 

 

Кілт сөздер: ономастика, топоним, антропоним, жер-су атаулары, жалқы есім, 

 

Жер-су атауларын зерттейтін тіл ғылымының саласы топоним екені белгілі. 



Бұл  ономастика  ғылымының  үлкен  саласының  бірі  болып  табылады.  Келесі 

ауқымды  саласының  бірі  кісі  есімдері,  яғни  антропоним  болса, 

антропонимикадан құрылған топонимдер қатарын зерттеу қашанда өзекті және 

өзектілігін жоғалтпақ емес.  

Бүгінгі таңға дейін біздің байтақ еліміздің  қыр-сыры ашылмаған қаншама 

елді мекендер, жер-су атауларының кездесуі бір жағынан таңқалдырып отырса, 

екінші  жағынан  байтақ  жеріміздің  ашылмаған  қыр-сырының  молдығын 

білдіреді.  Жер-су  атаулары,  елді  мекендер  атаулары  ерте  кезден-ақ  қандай  да 

бір  тарихи  оқиғаға  байланысты  адамның  рухани  мәдениетін  білдіретін, 

нақтылай  кетер  болсақ:  анимистік  сенім,  жергілікті  рухты  қасиет  тұту,  діни 

және мифологиялық көзқарастар, т.б.  

Топонимдер жер бетіндегі кез келген табиғи немесе адам жасаған нысандар 

атауынан тұратын жалқы есім түрлері. Мұның өзін, яғни географиялық атаулар 

жеке нысандарының өзі қаншама... . 

Ал  біздің  зерттеуіміз  осы  елді  мекен,  жер-су  атауларының  бүгінгі  таңда 

сыры толық ашылып бітпеген десе де болады немесе халық аузындағы кейбір 

аңыздарға тоқталуын жөн деп білеміз.  

Егеменді еліміздің  сан жылғы армандарының бірі тарихи атаулардың қайта 

жаңғырту  болса,  қазіргі  кезде  көптеген  елді  мекендердің  атаулары  сол  баяғы 

атауларын қайта жаңғыртуының өзі қоғам үшінде үлкен мәртебе. 

Жер-су атауларына тоқталмас бұрын кісі есімдер жайында, оның зерттелуі 

тарихы  жайында  айта  өтер  болсақ,  бұл  ғылым  саласы  антропонимдер  –  кісі 

аттарынан  тұратын  жалқы  есімдердің  ірі  разряды.  Антропонимика  XX 

ғасырдың  30-жылдарынан  бастап  ғылыми  зерттеу  нысанына  айналды.  Бірақ 

ономастиканың  құрама  бөлігі  ретінде  қаралады.  Ұлттың  рухани  және 

материалдық  мәдениетінен,  тарихы  мен  әдебиетінен,  жалпы  тұрмыс-

тіршілігінен  толық  ақпарат  беретін,  өзіндік  ерекшеліктерін  бойына  жинайтын 

құрал оның тілі болып табылады.  

Сондықтан бүгінгі таңда тіл білімінің маңызды әрі көлемді мәселесі жалқы 

есімдер.  Халықтың  тілімен  бірге  ұдайы  даму  және  жетілу  үстінде.  Тіл  мен 



мәдениет 

өзара 


байланысты 

болғандықтан 

ұлттық 

тарихи-мәдени 



ерекшеліктерін  танытуға  қабілеті  бар  тілдік  бірліктер  ішінде  антропонимдер 

ерекше орынға ие.  

Орыс  ғалымдарынан  В.В.  Радлов,  В.В.  Бартольд,  С.Е.  Малов,                      

Н.А.  Баскаков,  т.б.  ал  қазақ  ғалымдары    Қ.  Жұбанов,  С.  Аманжолов,                           

Т. Жанұзақов, Б. Тілеубердиев,  С. Қасқабасов, т.б. ғалымдардың назарын өзіне 

аударды.  Антропонимия  халық  ауыз  әдебиетіне  етене  жақын.  Барлық 

антропонимдік  атаулар  кез-келген  қоғамның  тарихи  дамуы  кезінде,  бір  емес 

бірнеше  дәуірден  өтіп,  өңделіп,  түрлі  өзгеріске  түсіп,  түрлі  нұсқада  бізге 

жеткен.  Сонымен  қатар  антропонимдік  бірліктер  арқылы  тарихи-қоғамдық 

өзгерістер,  салт-дәстүр,  діни  көзқарас,  эстетикалық  талғамның  көрінісі  бар 

екеніне  көз  жеткіземіз.  Сол  себепті  антропоним  жүйесі  халықтың  ұлттық 

болмысын,  психологиясын,  ауыз  әдебиетін  оқыту  мәселелерінде  құнды 

материал бола алады.  

Т.  Жанұзақ,  Қ.  Рысберген  «Қазақ  ономастикасы:  жетістіктері  мен 

болашағы»  атты  зерттеуінде:  этнотопонимдер  әр  халықтың  этникалық 

тарихымен  байланысты  түрде  зерттеледі.  Осы  бағытта  жазылған  А. 

Әбдірахмановтың 

еңбегін 


ерекше 

атап 


өтеді. 

А. 


Әбдірахманов 

республикамыздағы 

этнотопонимдерді 

жинап, 


тарихи-лингвистикалық 

зерттеуге ерекше мән берді. Оған себеп этнотопонимдерді құрайтын ру, тайпа, 

ұлыс аттары қазақ топонимдері мен этнонимдерінің шығу, пайда болу тарихын 

зерттеуде бірден-бір табан тірейтін сенімді де нақты дерек болып есептеледі. 

Орта  Азия  мен  Қазақстандағы  көптеген  топонимдер,  әсіресе  елді  мекен 

аттары,  өлкелердің  шаруашылығы  мен  мәдениетінен  мағлұмат  береді.  

Қазақстан  топонимдер  жүйесінде  мифологиялық  түсінік  пен  діни  ұғымға 

байланысты  топонимдердің  ерте  кезде  рулар  мен  тайпалардан  қалған  мұра 

екені  анық.  Осы  типтегі  топонимдер  мемлекетіміздің  оңтүстік  аймағы  мен 

Маңғыстау  өлкесінде  көбірек  кездеседі  екен.  Мысалы:  Асықата,  Бабаата, 



Шақпақата, Әулиеағаш, Әулиеқұм, Әулиеата, Жерұйық, Қансеңір, Қандықұм, 

Қаншеңгел, Қайынадыр, Қауынтау, Қатынсу, Майбұлақ, Майтөбе, Майлыкөл, 

Майқапшағай, Майкөл, Майбалық, Тоғызақ, Ақұйық, Ұйық, Қйыұман, т.б.  

Ал қазақ халқы арасында ауызша тарап, аңыз болып жеткен баршаға мәлім 



Қорқыт ата, Жиренше шешен, Алдар КөсеАсан қайғы т.б.  кісі есімдері бар. 

Аңыз  жанры  тарихи  шындық,  тарихи  факт  негізінде  қалыптасады.  Біздің 

тарихымызда  жазба  әдебиеттің  кеш  пайда  болғаны  белгілі.  Сондықтан  ел 

арасында халыққа пайдасы тиген, даңқты адамдардың есімін ұрпақтан-ұрпаққа 

таратып  отырған.  Сонымен  қатар  аудан,  қала,  бекет,  ауылға  кісі  есімдерін 

берген және факт ретінде сақталған.  

Оңтүстік  Қазақстан  облысында  төмендегідей  антропонимдік  аңыздар 

кездеседі:  



Елшібек  батыр.  Жоңғар  шапқыншылығы  кезінде  ерлік  көрсеткен  Ұлы 

Жүзден шыққан қазақ батырының құрметіне берілген деген деректер бар.  



Жалаңтөс.  Қалмақтармен  шайқасқан  Жалаңтөс  батырдың  құрметіне 

қойылған.  



Көбек.  Кісі  есімі.  Қоңырат  тайпасының  байлар  атасынан  шыққан  ауыл 

ағасы. Өз еліне түрлі салада басшылық етіп, олардың ынтымақ-бірлігі күшті ел 

болып  қалыптасып,  отырықшылықты  болып,  біркелкі  тірлік  жасап,  бейбіт  те 

бақытты  өмір  сүруіне  көп  еңбек  сіңірген.  Соның  нәтижесінде  ел    Сырдария 

өзенінің  бойында  мал  өсіріп,  егіншілікпен  шұғылданып,  шаруашылығын 

дамытқан.  



Түркебай.  Түркебай  18  ғ.  өмір  сүрген  атақты  батыр,  тарихи  тұлға.  Бұл 

аймақты Қоқан хандығы билеп тұрған кезде ханның әскер басшыларының бірі 

болып, Пансат деген әскери атаққа ие болған.  

Шақпақбаба.  Қаратауға  жақын  орын  тепкен.  Қысы  суық  және  ұзаққа 

созылады.  Жауын-шашынды.  Қаратау  әрдайым  шақпақ  шағып,  найзағай 

ойнатып,  ауа  райын  әрдайым    құбылтып  тұрады.  Бұл  дерекке  қосымша 

“Шақпақтың  желі”  деген  сөз  де  бар.  Ол  жел  бір  соқса  7  күнге  созылады.  Сол 

жерді  киелі  санаған  ел  екі  ауылдың  атын  солай  атаған.  Шақ  және  Бақ  екі 

адамның атынан шыққан. ІІІ-І ғ. өмір сүрген. Үйсіннің 12 ұрпақтары.  



Ақбикеш. Ерте заманда бір әмірші болған екен. Оның Ақбикеш деген қызы 

болыпты.  Жаугершілікте  елдің  ер-азаматтары  жорыққа  кеткенде,  елге  жау 

шауып,  малдарын  барымталап  кетеді.  Алып  кеткен  малды  қайтару  үшін 

Ақбикеш  қол  бастап  шығады.  Екі  жақтың  болжаушы  балгерлері  бар  екен. 

Ақбикеш  қуып  жете  алмайтынын  білген  соң,  балгерден  ақыл  сұрайды.  Сонда 

ол:  “Сендер  аттарыңды  теріс  ерттеп,  жауға  қарсы  шабыңдар”,  -    дейді.  Сонда 

жаудың балгері: “Енді олар жете алмайтындығын біліп кері қайтты. Осы жерді 

паналап,  дем  алайық”,  -    дейді.  Аналар  да  келісе  кетеді.  Солай  жатқанда 

Ақбикештер келіп қалады. Сөйтіп жылқыларын аман-есен алып қайтады. Бірақ 

сол жерде Ақбикеш ауыр жараланып, қазаға ұшырапты. Сол қыздың құрметіне 

жерді Ақбикеш деп атаған екен.  

Шәуілдір.Ат  шаптырым  алыстан  мұнарта,  қарауыта  көрінетін  Төрткүл 

дүниеге  аты  мен  даңқы  жеткен  Ұлы  Жібек  жолының  күре  тамыры  болған  

Отырар  қаласының  кішігірім  таудай  болып  үйілген  үйінді  орны.  Отырар 

қаласының  солтүстік  беткейінде  “Арыстанбаб”  деген  әулиенің  күмбезі  бар. 

Ақшеңгел  кей-кейде  сыңсып,  бір  түрлі  мұңды  әуенмен  жылайды.  Сол  жерге 

шейіт болған қыз жерленген, сол қыздың моласының үстінде ақ шеңгел өскен 

деседі.  Отырар  ханы  Қайырдың  інісі  әскер  басы  болады.  Әскер  басының 

жалғаннан арттырған жалғыз қызы Дүр болады. Дүр өнер-білім алу үшін ағасы 

Қайыр ханның қолында жасайды. Дүр өте сүйкімді, көрікті, құралай көз, қиғаш 

қас,  сүмбіл  шаш,  талшыбықтай  бұралған  көркіне  ақыл-парасаты  сай  болып 

өседі.  Әскербасына  жасаған  ием  жалғыз  қыз  берсе  де,  дүниенің  тұтас 

байлығына  пара-пар  қыз  берген  деседі.  Қайыр  ханның  ұлы  Шәміл  Дүрменен 

түйдей  құрдас  екен.  Екеуі  де  балалықтың  бал  күндерін  өткізе  береді  екен. 

Шәмілді  көрген  қариялар:  “Ер  тұлғалы,  батырға  лайық  кейпі  бар.  Бұл  өзі 

Қайырдан  өткен  хан  болар”,  -    дейді.  Қайырды  дұшпандары  жеңудің  әдісін 

ойлайды. Қайыр хан мен інісінің ұйымшыл, халқының ұйыған ынтымағын жек 

көреді,  әскері  мықты,  бұны  жеңу  үшін  күш  емес,  айла  керек  дейді.  Сол  кезде 

Шәміл жігіт болып бой түзеп, Дүр бойжеткен қыз болып қалған екен. Оңы мен 

солын  анық  ажырата  алмайтын  бозбала  жігіт  пен  бойжеткенді  қанды 


шеңгелдеріне түсіруді мақсат тұтады. Аңдыған жау алмай қоймас дегендей, хан 

сарайынан опасыз жан табады. Қайырхан өзі саятшылап кеткен екен. Кеткенін 

білген жау пәк жандарды алдап-арбап, шарап ішкізеді екен. Екеуі естерін жиған 

соң, ұят шоғына бидайдай қуырылады екен. Бұл хабар ханға да жетеді. Намыс 

отына  түскен  хан,  Сарыкөлден  інісін  суыт  алдырады.  Інісі  де:  “Бұл  не  деген 

сұмдық,  қазақ  халқының дәстүр-салтында жоқ  масқаралық,  -  деп  күйзеледі.    - 

Күнаһардың бірі сіздің, бірі менің перзентіміз, екеуін де жас боран етіп жазалау 

керек”, - дейді. Қайырхан сабырлы қалыпты: “Осы іске көңілім сенбейді”, - деп, 

Шәміл  мен  Дүрді  алдырады,  екеуі  де  болған  істі  мойындайды.  Үкім 

шығарылып,  туысқан  аға,  қарындастың  қылмысына  лайықты  жаза 

қолданылыды.  Қала  халқының  бәрі  күн  батыс  жаққа  тұрып,  екіге  бөлініп 

тұрады.  Қақпа  аузында  жазалаушы  әскер  атқа  мініп,  қылышын  қолына  алып, 

сап түзейді. Қылмыскер екі жас жүгіріп атқа мініп, қала ішінен шауып шығуы 

керек.  Алдымен  Шәміл  көз  ілеспес  жылдамдықпен  жұлдыздай  ағып  өте 

шығады. Жазалаушының қылышының біреуі иығына, біреуі санына тиіп, қып-

қызыл қаны саулап кетеді де, жоқ болады. Оның артынан Дүр де ақ жамылып 

ағыза  өтеді.  Шәмілдің  басын  ала  алмаған  бас  кесерлер,  Дүрдің  басын  алады. 

Қыздың денесін алып, Арыстанбабқа тастайды. Қызды сол жерге жерлепті. Ал 

Шәміл  үшті-күйлі  жоқ  болады.  Ел  жиналып,  есін  жиған  соң,  ескі  елді  мекен 

Отырардың атын “Шәміл-Дүр” депті. Келе-келе бұл “Шәуілдірге” айналыпты.  



Қабылсай.  Сауда-сатттықтың,  пошта-байланыс,  өндірісі  бар  елді  мекен 

болған.  Атау  бір  адамның  есімімен,  яғни  сауда-саттықтың,  өндірістің  иесі 

Қабыл  байдың  байлығында  шек  болмаған.  Жеке  базар  ашып,  оған  қажетті 

тауарларды Үргеніш шаһарынан алдырып отырған. Күйдірген кірпіш жасайтын 

зауыты  да  болған  екен.  Қабыл  бай  жомарттығымен  елге  танылған  соң,  елді 

мекен “Қабыл байдың ауылы” атанған.  



Аршабай.  Аршабай  құдығы  да  бар.  Аршабай  осы  өңірде  туып-өскен, 

Орынбор  –  Ташкент  теміржол  құрылысына  көп  көмегін  тигізген  көзі  ашық, 

беделді азаматтың бірі болған.  

Бәйдібек.  Туған  жер,  өскен  елін  сыртқы  жаудан  қорғаған,  елді  бірлікке 

бастаған қолбасшы болған. Сонымен қатар дәулеті шалқыған сан мың жылқы, 

келелеп  түйе  өргізген,  Шығыс-Батысқа  керуендер  жүргізген  асқан  бай  адам 

болған.  



Шаян.  Бұдан  бірнеше  ғасырлар  бұрын  сонау  Қытай  елінен  Орта  Азияның 

кіндігі, әрі ірі сауда орталығы Тәшкент арасына сауда-саттықпен айналысатын 

керуен тобы жиі қатынайтын болған. Содан айшылық жол жүрген керуен басы 

Шань-Янь  деген  Қытайдың  үлкен  саудагері  ары-бері  өткенде  қазіргі  Шаян 

өзенінің  бойына  арнайы  тоқтап,  екі-үш  күн  қона  жатып,  ас-суланып,  киім-

кешек, түйелердің кенеуі  кетіп, жыртыла тоза бастаған қом-сомдарын арнайы 

ұста  шақыртып,  жамап-жасқатып,  демалады  екен.  Атақты  керуен  басының 

атқосшылары  “Шань-Янь  шақыртып  жатыр”  деп  жан-жақтағы  ауыл-аймақтан 

ұста іздестіреді. Содан не керек, бұл өңірдің адамдары келген-кеткенде: “Шань-

Янь тоқтаған жерден келеміз, сонда баратын едік”, - деп жүріп әлгі өзен Шаян, 

ал  оның  маңайындағы  шағын  ғана  қыстақ  Шаян  ауылы  болып  аталып  кеткен 

екен.  


Сәрсен  Бек  Сахабат  нұсқасы:  Мұсылмендық  дәстүр  берік  орныққан  8  ғ. 

бастап  жер-су  атауларында  араб-парсы  тілінен  ауысқан  астионимдер  жиі 

ұшыраса  бастайды.  Осының  әдемі  бір  мысалы,  Шаян  этнонимдік  атауы.  Сақ 

нәсілін  парсы  тілдестер  саг,  ал  г  әрпін  мүлдем  қолданбайтын  арабтар  сә,  сәй 

деп  те  атай  береді.  Шаян  атауындағы  Ша,  міне  осы  сә  -  сақ  түгелдей 

нұсқасында Сәй+ан, Шаян филофонемасы “Сақтар елі” деген ұғымды білдіреді. 

Өйткені,  ан  изифеті  пехлеви  –  көне  парсы  тілінде  ел  дегенді  білдіретін 

қалыптасқан атаулы изафет. Мәселен, Ир-ан, Тур-ан, Ал-ан, т.б.  



Боралдай. 1712, 1718, 1723 жылдары Бөген, Шаян, Арыс өзендері бойында 

қалмақ пен қазақтың арасында үлкен шайқастың орын алғанын жақсы білеміз. 

Міне,  осы  қалмақ  шапқыншылығында  олардың  қол  бастаған  Боралдай  атты 

батыры болған.  



Садырқамал. Боралдай ауылының шығыс жағына орналасқан “Қостұра”деп 

аталатын екі тау бар. Бірі – Үлкен  Тұра, екіншісі – Кіші Тұра. Осы екі таудың 

арасы “Садырқамал” деп аталады. Себебі, бұл жерде қалмақтардың екінші бір 

“Садыр”  деп  аталатын  батырсымағы  қолына  түскен  қазақтарды  апарып, 

қамауға  алып,  қырып  тастап  отырған.  Содан  келіп  бұл  жер  “Садырқамал” 

аталып кеткен.  



Ағыбет.  Осыдан  150  жылдай  бұрын,  Қостұраның  “Сарықамыс”  деген 

жерінде  тұрған  Ағыбет  деген  кісі  Көктеректі  басып  өтіп,  Мұзбелден  асып, 

Шаян өзенінің жағасынан жоғалған жылқысын тапқан екен. Түгін тартса майы 

шығатын,  көкорай  шалғынды,  салқын  самалы  ескен  бұл  жер  Ағыбетті  қатты 

қызықтырады.  Артынша  ол  қабырғасымен  кеңесе  келе,  сол  өңірді  тұрақтап 

қалады.  Келе-келе  өзінің  ақылдылығымен  көзге  түскен  Ағыбет  елдің  биі 

атанады. Соның құрметіне Ағыбет аталып кеткен.  

Қаржан  (бұлақ).  Ертеде  жаныс  руынан  Қаражан  және  Сарыжан  атты 

ағайынды батырлар  және олардың  Қаржан  атты  қарындасы өмір сүрген.  Олар 

Қазығұрт  тауының  оңтүстігінде  Аңғалсай  деген  жерде  отырған.  Ел  байлығын 

тонау мақсатында қалмақтар екі батырдың елде жоқ кезін пайдаланып, шабуыл 

жасап,  байлығын  тонап,  адамдарын  айдап  кетеді.  Елге  оралған  екі  батыр  жау 

соңынан  қуып  жетіп,  қалың  қолмен  соғысады,  жау  қолынан  мерт  болады. 

Қарындасы  қашып  шығып,  ағаларын  іздейді.  Ол  да  қалың  жауға  қарсы 

соғысып,  қаза  табады.  Бой  тасалап  аман  қалған  ел  олардың  денелерін  тауып 

алып,  арулап  жерлейді.  Аға-інісі  жерленген  тау  “Қосмола”  аталыпты.  Қызды 

жерлеген жерден бұлақ шығып, “Қаржан бұлағы”, “Қаржан өзені” аталыпты.  



Көкібел.  Көкі  бидің  есімімен  байланысты.  Көкі  бидің  өмірі  Төле  бидің 

заманымен  тұстас  келеді.  Көкі  өзінің  батырлығымен,  әділдігімен  халық 

алдында үлкен беделге ие болады. Төле би шаруасымене ұзақ сапарға кеткенде, 

ел арасындағы билікті Көкі биге тапсырып кетеді екен.  



Ақпан. Ақпан батырдың туған ауылы болғандықтан, батыр атымен аталған.  

Абдилабад.  1917  жылы  Қазан  көтерілісі  кезінде  байлардың  мал-мүлкі 

тәркіленіп,  кедейлерге  бөлініп  берілді.  Яғни,  20  ғасырдың  1920  жылдарынан 

бастап,  Абдилабадқа  бірінші  болып  жер  алып  орныққан  Сайрамбаев  Абдулла 

деген  кісі  болған.  Ол  өзіне  бөлінген  жерлерге  ағаштар  отырғызып,  халықтың 



әлеуметтік жағдайын көтеруге қолқабыс көрсеткендігінің құрметіне орай, ауыл 

атауы Абдилабад деп аталып кеткен.  



Ердәуіт.  Ердәуіт  әулиенің  қай  кезде  өмір  сүргені  белгісіз.  Жігітке  қырық 

өнер  де  аз  дегендей,  ол  кісі  ұста  болған.  Ұстаханасында  білезік,  сақина,  ер-

тұрман,  т.б.  ұлттық  қастерлі  бұйымдарды  соғыпты.  Қолдарының  қуаттылығы 

соншалық,  қатты  металдарды  қалаған  қалыпқа  келтіру  оған  қағаз 

умаждағанмен  бірдей  екен.  Ердәуіт  маңында  жартасты  жарып  шыққан 

бадамтал мен жаңғақтар өседі.  



Әңгірата. Ертеде Қазығұрт тауының басындағы “Кемеқалған әулиеге” араб 

елінен  келген  зиярат  етушілерді  Аңғар  есімді  қарт бастап келіп, ол  сол  маңда 

тұрақтап қалыпты. Қазығұрт тауының солтүстік-шығыс жағына таман жайлауы 

кең,  суы  мол  өзен  бойында  күн  кешкен  Аңғар  ата  осында  дүние  салып 

жерленген. Атадан тараған ұрпақтар Қазығұрт өңіріе түбегейлі сіңісіп кетеді.  

Темірлан.  Отырар  іргесінде  көз  жұмған  Әміршінің  сүйегін  жанашыр 

серіктері  сырт  жанға  көрсетпей,  өлгенін  айтпай,  әмірші  науқастанып    келді 

деген желеумен алып бара жатып, осы күнгі  “Темірлан” деген жерге келгенде 

қалың  әскер  Темірдің  қайтыс  болғанын  біліп  қойып,  сыр  ашылған  көрінеді. 

Міне осыдан барып ол жерді “Темірлан” атапты деп баяндайды.  

Топонимиялық  атаулардың  о  бастағы  жалпылық  мағынасын  тауып  ашып 

беру  халық  тарихын  зерттеуші  тарихшыларға  үлкен  жәрдем  болары  сөзсіз.       

А.А.  Реформатский  «Ономастиканың  жалпы  есімдік  мағынасын  айқындау  сөз 

өмірін, оның тарихын сипаттау үшін көп септігін тигізеді», - дейді. 

Айтпағымыз  еліміздің  кез  келген  өңірінде  осындай  аңыздарды  көптеп 

кездестіруге  болады.  Себебі,  қазақ  елі  болып  құрылу  тарихымыз  өте  күрделі. 

Жалқы  есімнің  тууы  да,  қалыптысып  дамуы  да  тарихтың  қойнауында  өтеді. 

Халықтың  күн  көрісіне,  оның  материалдық  және  рухани  дүниесіне,  тіліндегі 

атаулардың  байырғыларына  немесе  өзге  тілден  ауысып  келгендігіне,  жалқы 

есімдердің  қалыптасуы  мен  дамуына  әсер  етуші  экстралингвистикалық  және 

интралингвистикалық факторлардың барлығына дерлік тарих куә.  

Жер-су атаулар әсіресе, көне атаулар тарихи ескерткіштер іспеттес. Өйткені 

онда  өткен  дәуірдің  әлеуметтік  жағдайы,  тұрмысы,  этнографиялық 

ерекшеліктері, ең негізгісі сол кезеңдегі тілдің қалпы көрінген. 

 

Әдебиеттер тізімі: 

1.  Абдрахманов  А.  Историко-этимологическое  иссделование  топонимов  Казахстана. 

Научный  доклад  по  опубликованным  трудам,  предоставленный  к  защите  на  соискание 

ученой степени д.филол.н. Алматы, 1991. 58с. 

2. Мадиева Г.Б., Иманбердиева С.Қ. Ономастика: зерттеу мәселелері. Тіл комитеті,  «IC-

Сервис» ЖШС, 2005. -240 бет 

3. Бабалар сөзі: Жүзтомдық. – Астана, «Фолиант», 2011. Т. 80: Топонимдік аңыздар.-419 

бет. 

4.  Жанұзақ  Т.,  Рысберген  Қ.  Қазақ  ономастикасы:  жетістіктері  мен  болашағы.  «Азия» 



басп., Алматы, 2004ж. -125б. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет