Жалпы, қазақ тілі құрылымдық және функцоналдық тұрғыда қарастырылады. Құрылымдық бағыт бойынша нақты жүйеге негізделсе, функционалды бағыт тілдің қолданыстағы формасын зерттейді



Дата14.10.2023
өлшемі145,16 Kb.
#114372
Байланысты:
Қанат Перизат СӨЖ ФСӨ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ


СӨЖ
Тақырыбы: «Жалпы тіл ғылымындағы функционалды семантикалық өріс теориясы»
Орындаған: Қанат П.Ш.
Тексерген: Алкебаева Д.А.
Алматы, 2023 ж

Жалпы, қазақ тілі құрылымдық және функцоналдық тұрғыда қарастырылады. Құрылымдық бағыт бойынша нақты жүйеге негізделсе, функционалды бағыт тілдің қолданыстағы формасын зерттейді.


Функционалды грамматика функционалды-семантикалық өріс терминімен сипатталады. Бұл жайында орыс ғалымы А.В.Бондарконың еңбектерінде неғұрлым өзекті түрде айтылған «Функционалды-семантикалық өріс» – тілдегі грамматикалық көрсеткіштердің лексикалық, лексика-грамматикалық әрі сөз тудырушы, сөз түрлендіруші лексемалардың екіжақты қырынан үндесе әрі үйлесе бірігіп келіп белгілі бір семантикалық ортада көрініс табуы. Функционалды-семантикалық өріс – семантикалық категориялар негізінде әртүрлі деңгейдегі әрекеттес тілдік құралдардың функцияларының ортақтығына байланысты қалыптасқан жүйе.
“Өріс” өзіндік бір сипаты бар құрылым ретінде анықталып, алғашқыда тек лексикология, кейін тілдің барлық саласында қолданыс тапты. Соның негізінде лексикалық өріс, семантикалық өріс, лексика-грамматикалық өріс, синтаксистік өріс, реляциялық өріс, функционалды-семантикалық өріс сияқты тағы да басқа көптеген терминдер қалыптасқан.
Өріс теориясын зерттеген А.В.Бондарконың түсіндіруі бойынша, белгілі бір мазмұнды жеткізуге қатысатын түрлі тіл деңгейіне жататын құралдардың жиынтығы деп анықталатын өріс ұғымы деңгейаралық құбылыс ретінде сипатталады. Өйткені мұнда дәстүрлі грамматикада бір-біріне байланыссыз қарастырылатын түрлі тіл дейгейі бірліктері семантикалық функцияның ортақтығы негізінде бір өріс аясына жинақталады. Мұнда тілдік бірліктердің функциясының басты рөл атқаруы өрістің функционалды-семантикалық деп аталуына негіз болған.
А.Байтұрсынұлы өзінің зерттеулерінде имплицитті түрде (ара-тұралап болса да) функционалдық грамматиканың мәселелерін де қозғайды: кейбір грамматикалық категорияларды семантикадан формаға қарайғы бағытта қарастырады. Мысалы етіс категориясы жайлы құрылымдық грамматикада әдетте оны өзгелік етіс, ортақ етіс, өздік етіс, деңгейлік, ырықсыз етіс деген төрт түрі сөз болса, “Тіл − құралда” бұл сан едәуір көп. “Етістікте он түрлі етіс бар: 1) сабақты етіс, 2) салт етіс, 3) ортақ етіс, 4) өздік етіс, 5) өзгелік етіс, 6) беделді етіс, 7) ырықсыз етіс, 8) шығыс етіс, 9) дүркінді етіс, 10) өсіңкі етіс”.
Жалпы функционалдық грамматикадағы “функция в потенциальном аспекте”, “функция в результативном аспекте” дегендер бұрындар айтылған мына бір пікірлермен үндес, астас сияқты: тіл − әрі сөйлеу құралы, әрі оның нәтижесі. “Язык является не только собранием слов, но и дел. Язык есть не только слова”. “Сөз – қару. Бұзуға жұмсасаң бұзады, түзеуге жұмсасаң түзейді”. “Тіл − адамның адамдық белгісінің бірі, қаруының бірі… Айтушы ойын өзі үшін айтпайды. Өзге үшін айтады”. Біз бұл жерде А.Байтұрсынұлы еңбектерінде кездесетін функционалды грамматикаға тән тілдік элементтердің кейбірін ғана атап өттік. Олар жеке-жеке өз алдына арнайы зерттеу объектісі болуға әбден лайық.
Демек функционалды-семантикалық өріс тілдегі грамматикалық тұлғалардың лексикалық, лексика-грамматикалық және лексика-семантикалық құралдармен өзара әрекеттестігі нәтижесінде ұйымдасатын семантикалық категория болып табылады деген қорытынды шығады.
Тіл білімінде өріс теориясына байланысты Й.Трир, В.Порциг, В.Вейсгербер, Е.В. Гулыга, Е.И. Шендельс, А.Комаров, А.В. Бондарко т.б. ғалымдар тұжырымды пікірлер айтты. «Өріс» ұғымының терминологиялық аталымын Й.Трир лексикалық және ұғымдық деп жіктесе, Вейсгербер синтаксистік деп, В.Порцинг синтагмалық, А.Бондаренко функционалды-семантикалық деп атаған.
Қазақ тілінде біртұтас функционалды-семантикалық өріс (ФСӨ) құрып, ауызекі тілде де, жазба тілде де белсенді қызмет атқаратын мезгіл лексемаларының аясы ауқымды болып келеді. Бұлар басқа сөз топтарымен бірге сөздік қорға қатысты болып, тілдік деңгейлер аясында көрініс табады. Тіл білімінде функционалдық бағыттың негізгі қағидаты тіл бірліктерінің құрылымдық қызметімен қатар жұмсалымдық мағыналық мазмұнын ескеру болып табылады. Тілдік деңгей бірліктерін қарым-қатынас, сөйлеу жағдаятымен тікелей байланыста қарауға мүмкіндік береді. 
Өрістің қандай да бір өзіндік сипаттамасы бар жүйе немесе құрылым ретінде анықталатындығы орыс ғалымы А.В. Бондарко ұсынған «функционалды-семантикалық өріс» теориясына және категориялық жағдаятқа негізделеді.
Функционалды грамматика жөніндегі зерттеулерде (грамматикадағы) өріс ұғымының өзі түрліше түсініледі. Бір ғалымдар функционалды-семантикалық өрісті ономасиологиялық бағыттағы функционалды грамматиканың негізгі бірлігі ретінде танып, семантикалық категорияларды сол өрістің мазмұндық қыры десе, келесі авторлар семантикалық категорияларды алға шығарып, өрісті сол мағыналық категориялардың тұлғалық көрсеткіші, тұрпаттық қыры дейді. А.В. Бондарко бұл екеуін бір ұғымның ішіндегі екі аспектісі ретінде көрсетеді.
Сонымен, функционалды-семантикалық өріс дегеніміз – сөйленімде атқаратын не орындайтын семантикалық функцияларының ортақтығына қарай біріккен тілдің әр деңгейіне жататын (морфологиялық, синтаксистік, сөзжасамдық, лексикалық, құрама – лексика – синтаксистік және т.б.) тілдік құралдар жүйесі. Функционалды-семантикалық өрістер тілде синтагматикалық қатынас тұрғысынан негізгі және қосалқы мүшелерге бөлшектенеді. Өріс туралы айтқанда, ең алдымен, ортақ семантикалық функцияларына қарай біріккен тілдік құралдар топтамасы мен олардың жүйелі-құрылымдық ұйымдасуы туралы мәселесі алға қойылады. Ал функционалды-семантикалық категория осы өрістің семантикалық, мағыналық қырын қарастырады .
Функционалды-семантикалық өрістерді зерттеу кезінде оның құрылымындағы негізгі және қосалқы компоненттерді анықтаумен қатар, оның басқа өрістермен тоғысу шеңбері, яғни астас келу, ерекшеліктері де қарастырылады. Бұдан ФСӨ-лердің бір-бірімен байланыссыз өмір сүретін жеке дара құбылыс емес екендігін көреміз. ФСӨ-лер арасындағы мұндай арақатынас өріс теориясының шарттылыққа құрылуымен байланысты. Өйткені әрбір өрісті категориялық жағдаяттарға қарай икемдеуге болады.
И.И. Мещанников «тіл арқылы берілген ұғымдардың барлығын ұғымдық категория ретінде қабылдауға болмайды. Тілдік құрылыстан орын алып, белгілі бір құрылымдық жүйеде берілген категориялар ғана ұғымдық категориялар бола алады», - дейді.
Функционалды семантикалық өрістің негізгі белгілерінің бірі - ядросы (өзегі) немесе орталығы және перифериясы (шет аймағы) болады. Ядро мен периферияны бөлудің критерийі ретінде олардың қолданылуындағы жиілігі, көп мағыналылығы, семантикалық мағыналылығы, ақпараттылық, мәнділік сияқты белгілер алынады. Өріс мынадай бөліктерден тұрады:

  • Өрістің құрылымдық-мағыналық бөліктері

  • Өрістің орталық бөлігі (ядросы, өзегі) – негізгі функциялық жүкті арқалап тұрады, және ол сол өріс бойындағы семантикалық мазмұнды беретін ең актив құрылым

  • Өрістің қосалқы бөлігі (перифериясы, шеткері аймағы)

Семантикалық функцияны орындау мүмкіндігі шектеулі болады, және ол сол өріс бойындағы семантикалық мазмұнды беретін пассив құрылым
Функционалды-семантикалық өрістің құрамындағы әр деңгейлі тілдік құралдардың семантикалық функцияны орындау мүмкіндігі әртүрлі болады. ФСӨ құрамындағы негізгі семантикалық функцияны орындап, сол өрістің орталық бөлігі негізі болып табылады. Ал қалған бөліктері сол семантикалық функцияның қосымша реңктерін білдіріп, өрістің қосалқы бөліктерін құрайды. Өрістің қосалқы бөліктері негізгі семантикалық жүкті арқалағанмен, сол өрістің бар болуына, оның өмір сүруіне белгілі бір дәрежеде әсер етеді. Яғни өрістің ядросы болсын, перифериясы болсын өрістік мағынаны білдіріп, сол мағынаның жарыққа шығуын қамтамасыз етіп тұрған тілдік құралдар болып табылады. Сонымен, «өріс құрылымына енген қандай да бір мазмұнды жекізу үшін ұйымдасқан тілдік құралдар семантикалық жүкті бөліп арқалайды. Тілде белгілі бір мағынаны беруге бейімделген тұрақты тілдік тұлғалармен бірге, басқа да сол мағынаны жеткізуге қабілетті тілдік құралдар болады. Олар осы сипатына қарай өрісте өзіндік орын иеленеді».

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет