Лексикография



Дата04.12.2022
өлшемі0,52 Mb.
#54673
Байланысты:
Лексикография Жузи

Лексикография

Орунбаева Жұлдыз

Жақсылық Аружан

Шаймерденова Қарақат


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Жоспар 1.Лексикография 2.Лингвистикалық сөздік 3.Сөздіктердің түрлері 4.Қорытынды

Лексикография (грек. lexіkos — сөзге қатысты, grapho — жазамын) — сөздік түзудің теориясы мен тәжірибесін зерттейтін тіл білімінің саласы. Сөздіктердің ғылыми әдістемесін жасайды. Сөздіктің теориялық мәселелері теоретика лексикологияда қарастырылады.


Лексикология теориясы сөздіктер типологиясын, оның макроқұрылымын (лексиканы сұрыптау мен сөздерді, сөздік-мақалаларды орналастыру принципін, омонимдерді, сөздік қосымшасындағы қосалқы материалдарды, дәйектемелерді және микроқұрылымын (сөздіктегі мақала құрылымын: мағыналарға жіктеу мен анықтама, дәйектеме түрлерін, шартты белгілер жүйесін, фразеологияны зерттейді.
Лексикология тарихы сөздіктер мен лексикография тұжырымдамалар тарихы және лексикология мәселелерін шешу тарихы болып бөлінеді. Тәжірибелік лексикографияға тілді қалыпқа түсіру мен оны үйрету, тіларалық қатынас, лексикология, сөзжасам, стилистика, тіл тарихы бойынша деректер жинау мен өңдеу жатады.

Сөздіктердің тіл-тілде бірнеше түрі бар. Олардың әрқайсысы әр түрлі мәдени қажеттілікті өтеу үшін жасалады. Лингвистикалық сөздіктер жасалу мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. 1.Сөздіктердің ішінде тілдің лексикасының шығуын, дамуын және оның бірнеше дәуірін қамтып сипаттайтын түрі бар. Мұндай сөздіктер тарихи сөздіктер деп аталады. Керісінше сөздіктердің кейбір түрі қазіргі тілде жаппай және жиі қолданылатын сөздерді қамтып, оларға талдау жасап, сипаттама беруді мақсат етеді. Мұндай сөздіктер қазіргі тілдің сөздіктері деп аталады.

2.Сөздіктердің белгілі бір түрі тілдегі күллі сөздерді түгел қамтып сипаттауды мақсат етеді. Мұндай сөздік толық сөздік деп аталады. Сөздіктердің енді бір түрі тілдің сөздік құрамындағы барлық сөздерді ғана емес, оның белгілі бір дәуіріндегі сөздерді немесе лексикасының белгілі бір саласын қамтитын сөздік немесе толық емес сөздік деп аталады. Сөздіктердің бұл түріне арнаулы сөздіктерді де (мысалы, терминологиялық сөздік, синонимдер сөздігі, фразеологиялық сөздік және т.б.) жатқызуға болады.

3.Сөздердің сөздікте ана тілінде түсіндірілуі немесе басқа тілге аударылып түсіндірілуіне қарай сөздіктер екі түрге бөлінеді: олардың алғашқысы – бір тілдік түсіндірме сөздіктер, екіншісі-екі тілдік немесе көп тілдік аударма сөздіктер.

4.Сөздіктер оларда берілген сөздердің альфавит тәртібімен көрсетілуіне немесе сөздермен белгіленетін ұғымдардың топтарының рет-ретімен көрсетілуіне қарай екі түрге бөлінеді: 1.дыбыстық немесе альфавиттік сөздіктер; 2.идеологиялық сөздіктер немесе ұғымдар сөздігі.

Сонымен, сөздіктерді төрт түрлі топқа бөліп қарауға болады. І. Сөздердің шығу тегі мен олардың семантикасының дамуы туралымағлұмат беретін сөздіктер. Бұларға жататындар: 1. Этимологиялық сөздік. 2. Тарихи сөздік. ІІ. Қазіргі тілдердегі сөздердің мағыналарын түсіндіріп, олардың қолданылуы жайлы мағлұмат беретін сөздіктер. Бұлардың қатарына енетіндер: Түсіндірме сөздік Аударма сөздік Терминологиялық сөздік Диалектологиялық сөздік Фразеологиялық сөздік Синонимдер сөздігі

ІІІ. Сөздердің дыбыстық құрылысы мен олардың жазылуытуралы мағлұмат беретін сөздіктер. Бұлардың қатарына енетіндер: 1. Фонетикалық сөздік 2. Орфографиялық сөздік Заттар мен құбылыстардың ұғымдарын айқындап түсіндіретін сөздіктер. Бұлардың қатарына енетіндер: 1. Энциклопедиалық сөздіктер 2. Иллюстративті сөздік

Назарларыңызға рахмет!!!


2022 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет