Тундраның табиғаты өте қатал. Бірақ ол өлі материк емес. Онда өсімдіктер мен жануарлар дүниесі сан алуан. Тундра ормандарында тырбық, ергежейлі ағаштар өседі. Жануарлар да көп.
Тундрада жабайы және қолға үйретілген табын-табын солтүстік бұғылары өріп жүреді. Бұғы - бұл өңір тұрғындарының ішce асы, кисе-киімі, мінсе-көлігі. Қыстыгүні жеңіл шанаға жегілген бұғылар шетсіз-шексіз тундра төсінде желдей есіп, адамдарды межелі жерге жеткізеді, жүк тасиды. Ол күпі бойы жұшысқа жегіліп келіп, қамыттан босаған соң, өз азығын өзі тауып жейді. Тұяғымен тебініп, қар астындағы ягель деп аталатын мүкті азық етеді. Бұғы табандарының ізін аңдып поляр қасқырлары жортын жүреді.
Мұнда ақ түлкі де мекендейді. Оның қықы тонының түсі ақ - бұл жауына байқалып қалмау үшін, мамық жүні -бұл суықта тоңбау үшін, ал жаз шыға жүні түлеп, сұр түске енеді.
123 сөз, «Негеш» балалар энциклопедиясынан
№66 Шөл далада
Шөл далада не түрлі мақұлық тіршілік етеді. Селтиіп өскен бұталардың бұтақтарына жабысып, ағама кесірткелері тұрады. Шөлде жұмыр басты кесірткелер де тіршілік етеді. Ыстықтаса немесе қатер төнген кезде құмға батып, көзден ғайып болады. Ол құйрығын иіріп, аузын арандай ашьш, айбат шегеді. Жауын қорқытады. Шын мәнінде оның еш зияны жоқ. Келес те кесіртке, бірақ ол жай кесіртке емес, ұзындығы бір жарым метрдей алып кесіртке! Мұны шөл қолтырауыны деп жайдан-жай айта салмаған, сондықтан онымен ойнауға болмайды.
Келес жұмырбас кесірткені ұстап жейді, кезіксе кішігірім тасбақаны да жұтып жібереді. Ал, қосаяқ тышқан өте жылдам жүгіретіндіктен, жеткізе қоймас. Бұл өзі бір ғажайып мақұлық. Су жоқ болса, қиналмайды. Өйткені өзі қоректенетін өсімдіктің бойындағы ылғал да жетіп жатыр. Торға түсіп, қамалған қосаяқты көргенім бар. Оның алдына ыдыспен су қойып еді, ол алғашында не істерін білмеді, сәлден соң суға аяғын малып, жалай бастады.
126 сөз, Б.Мұқанов.
№67 Арпалыс
Көлеңкеде қаннен-қаперсіз ұйықтап жатқан балаға қарай айыр тілін сумандатып, улы жылан жақындап келеді. Қайдан шыға келгені белгісіз бір құс бала мен жыланның арасына түсіп, кес-кестей берді. Құс аяғын санап басып,жақындай түсті. Бала жайына қалды. Екі түз тағысының адам үшін шайқасы басталды. Жылан шабуылды үдете түсті. Бірақ құс тез жалтарып, оның улы тісін бойына дарытатын емес. Жылан тағы да шап берді. Құс құйрығымен жер тіреп, жалтара берді де, жылан басын қайтып тартып аламын дегенше, өткір тұмсығымен оны төбесінен шоқып-шоқып алды. Жылан жан сауғалады. Бірақ ашулы құс шаңқылдап, үсті-үстіне шоқи берді, шоқи берді.
Бала оянып кетті. Ол қимылсыз бауыры жалтыраған жыланды, оның жанында ауыр дем алып жатқан құсты көрді. Жүрегі әлсіз ғана соғып жатқан кішкене құстың өзі үшін мерт болғанын түсінді.
120 сөз, Газеттен.
№68 Орман “бағбаны”
Борсық “орман бағбаны”. Бұл орман шаруашылығының зиянкестерімен қоректеңгендіктен, көп пайда келтіреді. Борсық түнде тіршілік ететін аң. Тек шет жатқан, иесіз жерлерде ғана ол күндіз де қорек іздеп шығады. Борсықтың негізгі қорегі құрт-құмырсқа, кесіртке, көлбақа, жылан, ұсақ кемірушілер мен құстар және ұсақ құстардың жұмыртқалары, балапандары. Сонымен бірге ағаш жемістерін де жейді. Күзге қарай қатты семіреді, осы уақытта оның салмағы екі еседей артады.
Қыста ұйқыда жатқанда ол бойына жеткілікті етіп жинап алған майы арқылы қоректенеді, организмде физиологиялық процестер жүріп жатады.
Борсық ауыл және орман шаруашылықтарының көптеген зиянкестерімен қоректеніп, көп пайда келтіреді.
Ал халық медицинасында борсық майы құяң, құрт ауруларына және іріндеген жараларға ем ретінде қолданылады. Терісі мен майы пайдалы және “орман бағбаны” борсықты қорғау қажет.
114 сөз, Газеттен
№69 Дермене
Дермене - жабайы өсетін, жусанның бір түрі. Дерменеден адамның ішек құрты ауруын емдеуге қажетті сантонин деген дәрі жасалады.
Жер бетінде жусанның сан алуан түрлері өседі. Дермене өсімдігінің 1830 жылы ғана анықталған. Ол әлі күнге жабайы өседі.
Дермененің ауруға ем болатын қасиетін халық ерте заманнан білген. Бұрын халық медицинасы ішекте болатын құрт ауруларының бәріне қарсы осы дермене шөбін пайдаланып келген. Ғасырлар бойы Оңтүстік Қазақстан жерінен дермене тартқан керуендер Персияға, Ауғанстанға. Қытайға, Ресейге лек-легімен барып жатады екен. Одан кейін бұл бүкіл дүние жүзіне тараған. Қазақстан көп жылдар бойы дермене жусанының дәнін өндіретін, бір ғана өлке болып келген. Ал өткен ғасырдың 80 жылдарыңда Шымкент қаласында сантонин зауыты салынып, ол дүние жүзіне сантонин өндіретін бірден-бір кәсіпорнына айналды.