10. 423620 санында қанша ондық бар? А) 423 Ә) 42362 Б) 4236
11. Айлақтан бір мезгілден екі теплоход кері бағытта жолға шықты. Бірі 40 км/сағ, екіншісі 30 км/сағ жүзсе, олардың ара қашықтығы 2 сағаттан соң қанша км болады? А) 35 км Ә) 110 км Б) 140 км
12. Егер жылдамдық пен қашықтық белгілі болса, уақытты қалай табуға болады? А) Қашықтық : Жылдамдық Ә) Қашықтық * Жылдамдық Б) Жылдамдық : Қашықтық
13. 6000 саны 1000-нан қанша есе артық? А) 6 Ә) 7000 Б) 600
14. Өрнек құрып оның мәнін белгіле. 480 мен 520-ның қосындысын 50 мен 5-тің бөліндісіне бөл. А) қосынды Ә) бөлінді Б) айырма
15. 5 жүздік мың қайсысы? А) 50000 Ә) 500 Б) 500000
16. Бірінші кластың 400 бірлігінен, екінші кластың 50 бірлігі тұратын сан қайсысы?
А) 40050 Ә) 50400 Б)45000
17. Тік төртбұрыштың ені 3 см, ал ұзындығы енінен 2 есе ұзын. Периметрін тап. А) 6 см Ә)9 см Б) 18 см
18. 2 сағат 40 минутта қанша минут бар? А) 160 минут Ә) 42 минут Б) 100 минут
19. Өрнектің мәнін тап: 3²-2³+105 А) 105 Ә) 120 Б) 106
20. Ауданы 64 см 2 шаршының қабырғасын тап: А) 9 см Ә) 7 см Б) 8 см
21. Тік төртбұрыштың ауданы 28см², ал бір қабырғасы 7 см. Екіншісін тап: А) 10 см Ә) 8 см Б) 4 см
22. Тікұшақ 320 км/сағ жылдамдықпен 4 сағатта қанша километр ұшады? А) 1280 км Ә) 1028 Б) 2180
23. Екі қаладан бір мезгілде екі машина бір-біріне қарама-қарсы жолға шықты. Олардың біреу 90 км/сағ, ал екіншісі 80 км/сағ жылдамдықпен жүріп 3 сағаттан кейін кездесті. Екі қаланың арасы неше км? А) 520 км Ә) 510 км Б) 540 км
24. Санды өрнектің мәнін тап: (21136+43482): 2-17341 А) 14968 Ә) 14659 Б) 14598
25. Теңдеуді шеш. Х*6=3600 А) 60 Ә) 600 Б) 6